1.Масса ұғымын қолдану және оның өлшем бірліктерін килограмм арқылы өрнектеу
2. Таразы түрлерін пайдаланып массаны өлшеу.
3.Өзара әрекеттесу кезінде денелердің жылдамдығының оның массасына тәуелділік қатынасын пайдаланып, есептер шығару
ІІ. «Миға шабуыл» Физикалық диктант 1.Әлем кеңістігінде не бар болса, соның бәрі ... деп аталды.
2.Денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шама ... деп аталады.
3.Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалысты ... қозғалыс деп аталады.
4. Қанттың массасын таразы арқылы өлшесек, автокөліктің массасын ... арқылы өлшейміз.
5.Физиканың ең басты зерттеу әдістерінің бірі - ....
6.Масса эталоны ... қоспасынан құйылып жасаған.
Балалар, сіздер барлық жолдарды толтыра алдыңдар ма? Қай жолдарды толтыра алмадыңдар? Неліктен?