Сабақтың тақырыбы: Математика ғылымдардың патшасы Сабақтың мақсаты



Дата06.07.2018
өлшемі1,05 Mb.
#47649
түріСабақ
Дуйсенбиева Кулсин Асылқызы,

«№2 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі.

ОҚО Мақтаарал ауданы

Жетісай қаласы



Сабақтың тақырыбы: Математика – ғылымдардың патшасы


Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділіктерін арттыру.Математикалық сұрақтарға мәдени түрде жауап беру, қарым – қатынасты дамыту . Білімді, дарынды, озық болуға жетелеу және пәндерге деген қызығушылықтарын ояту.

Сабақтың түрі: топтық сайыс сабақ

Сабақтың барысы:

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Математика сырлары, 
Қызықтырды біздерді. 
Сабақта бірге болуға, 
Шақырамыз сіздерді.

Оқушыларды топқа бөлу

І топ: «Білімпаздар»

ІІ топ: «Жеңіс»

ІІІ топ: «Алғырлар»

IVтоп: «Әл-Фараби»


Жоспары:
1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
3. Біліктілік сайысы (есептер шығару)
4. Сиқырлы шаршылар
5. Топтық зерттеу (үй тапсырмасы)

Қолданылған нақыл сөздер:


1. Арифметика- математиканың, ал математика- ғылымдардың патшасы. (К.Гаусс)
2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін- математика. (М.В.Ломоносов)
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон)
Білімді болу деген сөздің мағынасы- белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым.
Білім жолына түскен жан күнделікті күйбен тіршілікті ойламауы қажет.
(Әл-Фараби)
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Математика-ғылымдардың патшасы» сайысына қош келдіңіздер.
Бүгінгі сабақ топтық сайыс түрінде өтеді. Сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз.

Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.



  1. Топтық таныстыру
    І топ. Біздің тобымыз: Білімпаздар Біздің ұранымыз: Білекті бірді жығар.
    Білімді мыңды жығар.
    Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
    Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
    Алға қойға мақсатымыз бір екен.
    Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
    «Білімпаздар» тобынан қарсылас топтарға сәлем.

  2. ІІ топ

Біздің тобымыз: Жеңіс
Біздің ұранымыз: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалай да біз жеңеміз. «Жеңіс» тобынан қарсыластарға сәлем

  1. ІІІ топ. Біздің тобымыз: Алғырлар Біздің ұранымыз: Жарыс десе жанамыз,
    Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
    Сәлемдесуі: Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,
    Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
    Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
    Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
    «Алғырлар» тобынан қарсыластарға сәлем!

  2. ІV топ: Біздің тобымыз: Әл – Фараби Біздің ұранымыз: Нақты жауап, сапалы шешім таба біл

Сәлемдесу Бабамыз Әл - Фараби өзің қолда
Жеңіс тек біздер болар осы жолда
Достар - ау, сендер де бір қолпаштаңдар
Отырған дәл алдыда, оң мен солда «Әл-Фараби» тобынан жалынды сәлем!



ІІ. “Тапқырлық” сайысы

І топ “Білімпаздар” тобы

  1. Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті. Торда қанша құс қалды?

  2. Аманғали деген баланың есіміндегі әріптердің санын осы есімдегі буындардың санына бөл.

  3. Нұрғалымның Нұржаннан бойы ұзын. Бірақ Жансұлтаннан кіші. Сонда кімнің бойы қысқа?

  4. Менің атым-Медет. Менің ағамның бір ғана інісі бар. Оның аты кім?

  5. Дала өте суық. Термометр 3 градусты көрсетіп тұр. Осындай 3 термометр қанша градусты көрсетеді?

ІІ топ “Жеңіс” тобы

  1. Бейсенбінің аптадағы рет санын төрт тышқанның құйрықтарының санына көбейт

  2. Аулада 3 қоян, 2 тауық, 1 күшік және 1 мысық жүр. Барлығының аяқтарының саны қанша?

  3. Көшеде 2 әкесі, 2 баласы және атасы немересімен қыдырып жүр? Көшеде неше адам қыдырып жүр?

  4. Допты лақтырғанда доп дәл сол ізімен кері қайту үшін допты қалай лақтыру керек?

  5. Бақбергеннің есіміндегі буындардың санын 10 есе арттыр

ІІІ топ “Алғырлар” тобы

  1. Қыс айларының санына наурыз айының рет санын көбейт

  2. Жексенбінің аптадағы рет санын 2 қоянның аяқтарының санына көбейт.

  3. Күз айларының санына мамыр айының рет санын көбейт

  4. “Сенбі” сөзі аптасына неше рет айтылады?

  5. 3 аю қыста 3 ай ұйықтайды. Әр аю неше ай ұйықтайды?

IV топ “Әл-Фараби” тобы

  1. Ең кіші 4 таңбалы саннан ең үлкен 3 таңбалы санды азайт

  2. Болат сенбі күні кешкі 9-да ұйықтауға жатты. Ол сағаттың қоңырауын келесі күнгі таңертеңгі 10-ға қойды. Болат сағат шырылдағанға дейін неше сағат ұйықтады?

  3. Төртбұрыштың қабырғаларының санына параллелепипедтің қабырғаларының санын қосқанда қанша болады?

  4. Ауладағы қояндар мен тауықтардың саны бірдей. Олардың аяқтарының саны-12. Аулада неше қоян мен тауық жүр?

  5. Менің есімімдегі әріптердің санына 4 “Ә” сыныбындағы оқушылардың санын көбейт

ІІІ. Біліктілік сайысы

І топ: Көкөніс қоймасында 3т көкөніс өнімі сақталып тұр. Оның 950 кг-ы қызылша, ал қалғаны-картоп. Қоймада қызылшаға қарағанда неше кг картоп артық сақталады?

ІІ топ: Асханада таңғы асқа бірнеше 37 кг нан, түскі асқа одан 2 есе артық, ал кешкі асқа түскі асқа қарағанда 49 кг кем нан жұмсалды. Сонда барлығы неше кг нан жұмсалды?

ІІІ топ: Мектепке әрқайсысында 8 кітаптан 12 қорап қазақ тілі және әрқайсысында 10 кітаптан 9 қорап математика оқулығы әкелінді. Барлығы неше оқулық болады? Математика оқулығы қазақ тілі оқулығына қарағанда нешеуі кем?

IV топ: Шаруа қожалығында 10 сиыр және 5 жылқы бар. Бір сиыр айына 300 кг шөп, ал жылқы одан 3 есе кем шөп жейді. Үш ай қыста жылқыларға қанша шөп қажет болады? Жылқыларға қарағанда сиырларға неше кг шөп артық жинау керек?

Сергіту сәті ( оқушылар интерактивті тақтада көрсетілетін бейнероликке қарап, музыка ырғағымен билейді)

IV. Сиқырлы шаршылар



1.Суреттегі шаршылардың және үшбұрыштардың бос торкөздеріне сандарды таңдап қою керек. Мұнда кез келген бағытта орналасқан үш санның қосындысы қандай да бір алдын ала белгіленген сан болуы керек.

  1. 39 саны



1

16




10

25







13







13




10


















  1. 60 саны

30




29
















20




19
















11




10



  1. 18 саны













8




9

7










6




3




4










V. Үй тапсырмасы Топтық зерттеу

Мұнда оқушылар үйде өздері алдын ала құрастырып келген логикалық есептерін қарсылас топтарға жасырады.

Қорытынды

Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады.


Кеш аяқталып, сайысқа белсене қатысқан оқушылар марапатталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет