Сабақтың тақырыбы: Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Сабақтың мақсаты



Дата15.09.2017
өлшемі58,29 Kb.
#33514
түріСабақ
Ақтөбе облысы Шалқара ауданы ГКС-12 орта мектебінің

Физика пәнінің мұғалімі Шопанова Г
Сабақтың тақырыбы: Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру,сабақта алған білімдерін
пайдалана білуге үйрету,білімдерін байқау-бақылау;

Дамытушылық: Жаңа сабақтың ұғымын енгізу,білі дағдыларын дамыту, ізденіске
ұмтылдыру;

Тәрбиелілік: Шапшаңдыққа, бірігіп жұмыс жасауға,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: жаңа білімді меңгеру.

Барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. «Кім көп біледі?» бөлімі.

ІІІ. «Сәйкесін тап» бөлімі.

ІҮ. «Шапшаңдық» бөлімі.

Ү. «Білім шыңына өрлейік» жаңа сабақты түсіндіру.

ҮІ. «Білгенімді зердеме тоқу» жаңа сабақты пысықтау.

ҮІІ. «Физикалық тілде» бөлімі.



ІІ. «Кім көп біледі?»

  1. Табиғат құбылыстары деп нені айтамыз?

  2. «Физика» атауы нені білдіреді және оны ғылыми негіздеген ғалымдарды атаңдар.

  3. Физиканың негізгі мақсаты неде?

  4. Қандай физикалық ұғымдарды білесіңдер?

  5. Астрономия нені зерттейді?

  6. Табиғатты зерттеудің кең тараған ғылыми әдістері қандай?

  7. Зат құрылысының МКТ-ның Ломоносов тұжырымдаған қағидалары қандай?

  8. Физикалық шамалар дегеніміз не?

  9. Диффузия деген не?

  10. Заттар қандай күйде бола алады және өздеріне тән қасиеттері қандай?

  11. Механикалық қозғалыс деп нені айтамыз?

  12. «Планета» деген сөз нені білдіреді?

  13. Қандай планеталарды білеміз?

  14. Птолемейше Әлем жүйесінің құрылысы қандай еді? Ол қандай жүйе деп аталды?

  15. Коперник теориясы бойынша Әлемнің құрылысы қандай? Ол жүйе қалай аталады??

ІІІ. «Сәйкесін тап» бөлімі.

Физикалық дене

Автомобиль қозғалысы, мұздың еруі, доптың ұшуы

Физикалық зат

Киімге сепкен әтір иісінің ауаға жайылуы

Физикалық құбылыс

Геоцентрлік жүйе

Диффузия

Құстың ұшуы, доптың домалауы, арбаның қозғалуы

Механикалық қозғалыс

Гелиоцентрлік жүйе

Птолемей құрған жүйе

Мыс, фарфор, су, темір

Коперник құрған жүйе

Ұшақ, кітап, қалам,қасық,өшіргіш


ІҮ. «Шапшаңдық» бөлімі.

0,8 м = 80 см 40 см = 0,4 м

2,9 дм = 0,29 м 0,25 м = 2,5 дм

380 м = 0,38 км 0,35км = 250 м


Ү. «Білім шыңына өрлейік» бөлімі.

Материялық нүкте деп қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады.

Дененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі қозғалыс траекториясы деп аталады. Поезд жүретін темір жол –поездың, тас жол –автомобильдердің, ұшақтың артында қалған тұманды із-ұшақтың, соқпақ жол- жаяу адамның қозғалыс траекториясын көрсетеді. Қозғалыс траекториясының пішіні әр түрлі санақ денесіне қатысты түрліше болады. Қозғалысты түзусызықты немесе қисықсызықты деп бөледі. Мысалы: шеңбер бойымен, парабола бойымен қозғ.

ҮІ. «Білгенімді зердеме тоқу» бөлімі.

1/ Төмендегі жағдайлардың қайсысында денені материялық нүкте деп есептеуге болады:

а) ұшақ Астанадан Мәскеуге сапар шекті.

б) конькиші жарыс мәресінен өтті. Мәнерлеп коньки тебуші еркін жаттығу орындауда.

в) ғарыш кемесінің қозғалысын Жердегі басқару орталығынан бақылайды. Екі ғарыш кемесі түйісу сәтінде.



2/ Мына денелер: метро эскалаторында тұрған адам; төмпешіктен секірген шаңғышы; тігін машинасының инесі- Жермен салыстырғанда түзу сызықпен қозғала ма, әлде қисық сызықпен қозғала ма?
Жаңа сабақты пысықтау.

  1. Бүкіл материалық дүниеге тән қасиет...

а) қозғалыс б) санақ денесі в) тыныштық г) салыстырмалы

2. Санақ жүйесі дегеніміз:

а/ санақ денесі б/ координат жүйесі в/ уақыт өлшейтін жүйе г/ санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағат



3.Қозғалыс траекториясы деген не?

а/ жеке молекуланың қозғалысы б/ жылдамдыққа қарсы қозғалыс в/ қозғалыс бағытын анықтамайтын г/ бір нүктеден екінші нүктеге дененің орын ауыстырғандағы сызығы.



4.Дүниенің гелиоцентрлік жүйесін жасаған ғалым кім?

а/ Аристотель б/ Гиппарх в/ Птолемей г/ Коперник



5.Жердің Күнді айнала қозғалуын қарастырғанда қай кезде Жерді материялық нүкте деп есептеуге болады?

а/ Жыл мезгілінің өзгеру уақытын қарастырғанда б/ Жыл мезгілінің ұзақтығы тәулікпен өлшегенде в/ Жер мен Күннің ара қашықтығы метрмен анықталғанда г/ Жыл мерзімінің ұзақтығын секундпен анықтағанда



6.Көзбен көруге болатын планета:

а/ Юпитер б/ Уран в/ Нептун г/ Плутон



7. Юпитер- қазақша аты.

а/ Қоңырақай б/ Есекқырған в/ Аңырақай г/ Болпан



8. Астрономиялық бақылау үшін қолданылатын аспап.

а/ термометр б/ таразы в/ секундомер г/ телескоп



9.Коперниктің «Аспан сфераларының айналуы» туралы деп аталатын еңбегі қай жылы жарық көрді?

а/ 1543 б/ 1503 в/ 1563 г/ 1643



10. Әлем кеңістігінде не бар болса, соның бәрі не деп аталады?

а/ материя б/ физикалық дене в/ зат г/ материялық нүкте

1-а 4-г 7-б 10-а

2-г 5-в 8-г

3-г 6-а 9-а

ҮІІ. «Физикалық тілде» бөлімі.


  1. Әр заттың ...... – сол заттың ерекшелігін сипаттайтын ең ұсақ бөлшегі. / молекуласы/

  2. Молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалыстары салдарынан жанасып тұрған заттардың бөлшектерінің бір-біріне өтіп таралуын .... деп атайды. /диффузия/

  3. Дененің немесе заттың жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама ...... деп аталады. /температура/

  4. Дене молекулаларының қозғалыс.... неғұрлым үлкен болса, оның.... да соғұрлым жоғары болады. /жылдамдығы, температурасы/

  5. Пішіні мен көлемін сақтау- .... денеге тән қасиет. / қатты/

  6. Қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені ...... деп атаймыз. / материялық нүкте/

  7. Дүниенің центріне Күнді орналастырғандықтан, бұл жүйе.... деп аталды. /гелиоцентрлік жүйе/

ҮІІІ. “Есептер әлемі” есептер шығару.

№168


Әрқайсысының ұзындығы 360м, жылдамдығы бірдей 54км/сағ екі пойыз түзу паралелль жолдармен біріне-бірі қарсы жүріп келеді. Пойыз бастарының кездесуі мен соңғы вагондарының жеке кетуіне қанша уақыт кетеді?

№171


Жер Күнді 30км/с жылдамдықпен айналады. Сонда Жер өз орбитасында

1сағатта қандай қашықтыққа орын ауыстырады?



Бағалау.

Үйге тапсырма: §22

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет