Сабақты бекіту
Ойлан тап әдісі 6мин
Сабақтың соңы
үйге тапсырма
3мин
|
« Ойлан, бөліс» жеке жұмыс
Сапалық есеп
Жалпы сыныпқа
. №1 шар қозғалмайды, №2 шар жылтыр шыны бетінде инерциясымен қозғалады, ал №3 шар F күшінің әрекетінен орын ауыстырады. Қай жағдайда механикалық жұмыс жасалады? Неге?
№1 №2 №3
№1. Массасы 400 г қаршығаны ауа тасқыны 70 м биікке көтереді. Құсты көтергендегі ауырлық күшінің жұмысын есептеңдер.
№2. Автокран массасы 1,5 т жүкті көтеріп, 22, 5 кДж жұмыс атқарды. Сонда жүк неше метрге жоғары көтерілді?
№3. Массасы 10,5 т көмір артқан қауға-ыдыс шахтыдан бір қалыпты көтерілгенде 6200 кДж жұмыс істелінеді. Шахтаның тереңдігі қандай?
№4. Спортшы массасы 200 кг штанганы 4 с-те 2 м-ге көтерді. Сонда оның қуаты қандай?
№5. 1 сағатта 18000 кДж жұмыс өндірген двигательдің қуатын анықтаңдар.
№6. Қуаты 3МВт тепловоз 150 кН күшпен вагондарды тартып келе жатыр. Тепловоз вагондарымен 48 км жолды бір қалыпты жүріп өту үшін қанша уақыт керек?
92 бет Өзіңді тексер сұрақтарға жауап беру
|
Әрбәр оқушы берілген тапсырманы жеке ойланып, өзіне берілген жауап парағына жауабын жазады.
Оқушылар берілген есептерді шешеді, формулаларын қорытады.
|
Дескриптор
Механикалық жұмыс анықтамасын айтады;
Қандай жағдайда жұмыс жасалатындығын анықтап айтады;
Жауабы:Жауаптары: тек 3-ші жағдайда ғана механикалық жұмыс жасалады, себебі, 1 жағдайда дене тыныш тұр; ал, 2 жағдайда күш әсер етпейді;
Жалпы (3балл)
Есептің мазмұнын физикалық мағынасын түсінеді
Шамаларды ХБЖ айналдыра алады. Есептің шешілуіне байланысты формулаларды анықтайды және түрлендіре алады. Математикалық есептеу жүргізіп шешімін жаза алады.
Сабақтағы белсенділік (2балл)
|
А4 парағы презентация
Интерактивті тақта
Презентация
А4 парақтар Интерактивті тақта
Дәптер
7-сынып оқулығы, Назарбаев зияткерлік мектебі, 2018 жыл
|
Бағалау
Рефлексия
5 мин
|
Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау. Сабақтағы белсенділіктері бойынша бағаланады.
Сабақтың рефлексиясы.
Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет.
Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.
|
Әр оқушы өзінің жинаған баллын жазып қорытындылайды.
Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өз ойларын үлестірме қағаздарға жазып, яғни сабақтан білгенін түсінгенін қолданғанын жазып тақтадағы жылдамдықтарға жабыстырады.
|
Дескриптор
Жалпы 10 балл
1-3 «2»
5-6«3»
7-8 «4»
9-10 «5»
Жалпы сабақты бағалау критерийлер бойынша ең жоғарғы 10
1Стикер сабақ түсінікті болды
2Стикер тағы да кішкене қайталау қажет
3Стикер барлығын басынан бастау қажет
|
Бағалау парақшалары.
Стикерлер
|