Мектепте бір пән бойынша 3 мұғалім болғанда әдістемелік бірлестік құрылады.
Әдістемелік пән бірлестіктер жұмысы бір жылға жоспарладаны, маслихаттары екі айда бір рет өткізіледі. Мектеп өмірінде кездесетін әдістемелік бірлестіктердің түрлері: пән мұғалімдердің әдістемелік бірлестігі (бір немесе бірнеше пән мұғалімдерінен құрастырылады), бастауыш сынып мұғалімдердің әдістемелік бірлестігі, мұғалімдердің пәнаралық әдістемелік бірлестігі, мұғалімдердің мектепаралық әдістемелік бірлестігі.
Әдістемелік бірлестікті ұйымдастырушылық қабілеті бар, шығармашылықпен айналысатын мұғалім (жетекші) басқарады.
Қарастыратын мәселелер: сабақтар типологиясы, құрылымы, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесімен танысу, жазба бақылау жұмыcтарының мәтінін жасау, оларды өткізу, талдау тәсілдері, т.б..
3. Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі.
Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі жұмысты оқу жылына жоспарлап, маслихаттарын екі айда бір рет өткізеді, құрамына барлық сынып жетекшілері кіреді. Сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестігі негізінен тәрбиенің теориялық және практикалық мәселелерімен айналысады.
Маслихаттарында тәрбие процесін басқару, оны кешенді жүргізу, жеке адамды ұжымда тәрбиелеу, тәрбие процесінде балалардың шығармашалағын дамыту, сынып сағаттарын өткізудің тәрбиелік ерекшеліктері, ата-аналармен өткізілетін жұмыстың формалары, сынып жетекшілердің оқу-тәрбие жоспарын қорғауы, т.б. мәселелер қарастырылады. Әрбір мәселе бойынша әдістемелік ұсыныстар, шешімдер қабылдайды. Оларды оқу-тәрбие үрдісінде іске асырудың тәсілдерін іздестіреді.
4. Шығармашылық топтар
Мұғалімдердің шығармашылық тобы – озат тәжірибені жүйелеумен, хабарлаумен және таратумен айналысады, тәжірибеге жаңа әдіс-тәсілдерді енгізеді.
Шығармашылық топтың құрамына өте тәжірибелі мұғалімдер кіреді. Жоспары бір оқу жылына жасалып, топ мүшелері айына бір рет кездесіп отырады.
Топ өз жұмысын әдебиеттер оқудан, мұғалімдердің сабағына қатысудан, белгілі болжамдар айтып, оны тәжірибеде тексеруден бастайды. Шығармашылық топтың жұмысы оқу үрдісіне ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |