Информатика. 9 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Мәліметтердің типтері. Мәліметтердің стандартты типтері.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға мәліметтің типі мен стандартты типітер мен функциялармен таныстыру, айнымалыларды сипаттау жолдарын үйрету;
Типтердің Паскаль тілінде жазылу түрлері туралы ұғымдарын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі:
ДК, интерактивті тақта, слайд.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасы
ІІІ. Жаңа сабақ
Мәліметтер типі.
Паскальда айнымалының нақты типі болу керек. Ондай тип төртеу: бүтін (integer), нақты (real), тіркестік (string), мәтіндік (text) және логикалық. (Boolean). Айнымалының типі программа мәтінінің басында арнайы сипатталады. Мәліметтердің немесе шамалардың типі дегеніміз олар қабылдайтын мәндердің сипаттамасы.
Стандартты типтер.
Паскаль тіліндегі стандартты типтер былай бөлінеді:
Т И П Т Е Р
|
Қ А Р А П А Й Ы М
|
К Ү Р Д Е Л І
|
Бүтін сан
(integer)
|
Нақты сан
(Real)
|
Символдық шама
(Char)
|
Логикалық шама
(Logical)
|
Мәтіндік шама
(Text)
|
Жиымдар
(Array)
|
Файлдар
(File)
|
Жазбалар
(Record)
|
жиындар
(set)
|
Типтер программаның сипаттау бөлімінде атаулармен бірге көрсетіледі.
2. Пайдаланушының типтері. Бұлардан басқа программа жазушы өз типтерін де енгізуі мүмкін. Оны пайдаланушының типтері дейміз. Қосымша типтер программаның сипаттау бөлімінде көрсетіледі. Оны type түйінді сөзінің көмегімен былай жазамыз:
tеype <тип атауы> = <тип мәні>;
мысалы: oryn=(sol jak, orta, on jak)
Сандардың типтері
Бүтін сан типтері
|
Нақты сан типтері
|
Byte
|
0 – 255
|
Real
|
±1.7E38
|
Shortint
|
-127 - +127
|
Single
|
±3.4E38
|
Integer
|
-32768 - +32768
|
Double
|
±1.7E308
|
Word
|
0 – 65535
|
Extendet
|
±1.1E4932
|
longint
|
±2147483648
|
Copm
|
-2E63-1 ... 2E1063+1
|
Логикалық типтер. Олар (Boolean –деп көрсетіледі) екі мән қабылдайды 1-ақиқат (true), 0 – жалған (false).
Логикалық амалдардың 3 түрі бар:
AND(Логикалық ЖӘНЕ), OR (логикалық НЕМЕСЕ), NOT(логикалық ЕМЕС)
Символодық типті char деп белгілейді. Тырнақшаға алынған бір символды ғана мән ретінде қабылдай алады. Мысалы: ‘a’, ‘x’, ‘п’.
var x:char; х-айнымалысы тек символдарды ғана қабылдайтын типте берілген.
Мәндері сөз немесе сөйлем болатын айнымалының типін string деп көрсетеді.
Мысалы: var x:string; x:=’мектеп’; деп жазуға болады.
Саналатын тип. Бұл тип стандартты типке жатпайды. Бұл типке жататын айнымалының элементтері өз ара ретпен орналасады. Мысалы:
Atau=(1-идентиф, 2-идентиф,...,n-идентиф );
kunder=(‘дүйсенбі’, ‘сейсенбі’, ..., ‘жексембі’);
ailar=(‘қаңтар’, ‘ақпан’,..., ‘желтоқсан’);
6. Диапазондық немесе ауқымдық типте шама қабылдай алатын мәндернің алғашқысы мен соңғысы арасына екі нүкте қойып көрсетіледі. Мысал:
Apta=1..7; ai=1..31; jyl=1..12; …
IV. Сабақты бекіту.
V. Үйге Паскаль тілінің объектілері.
Достарыңызбен бөлісу: |