Постермен жұмыс 1 - топ: Көк аспан «Қазақ елі – 2050 жылы қандай болады деп ойлайсың?»
2 - топ: Алтын күн «Егер сен президент болсаң, еліңнің дамуына қандай үлес
қосар едің?»
Ойтолғау:
Оқушылар, енді біздер «Көк аспан» мен «Алтын күн» тобымыздың белгілерін біріктірсек қандай мемлекеттік рәміз пайда болмақ?
Оқушылар мемлекеттік туды құрастырады
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады.
Мұғалім:
Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады.
Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел-жұртын жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың теңдігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін осы дәрежеге жеткізді
Елімізде мәңгі тыныштық, бейбітшілік болсын!- деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Тәрбие сағатымызды қорытындылай келіп, ант қабылданады.
«Біз Қазақстан Республикасының азаматы Отаным Қазақстанның дүние жүзінде алдыңғы қатарлы,әділетті, өркениетті ел болуы үшін сапалы білім аламыз, мәдениетті адам боламыз. Туған халқымыздың ата-дәстүрін жалғастырамыз. Мемлекетімнің Президентін құрметтейміз. Конституциясымен заңдарын бұлжытпай орындаймыз, Елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап қастерлейміз.»
Достарыңызбен бөлісу: |