3. Сабақтың дәйексөзі. Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту.
Сабырлы жетер мұратқа Халық мақалы Сұрақтар: 1. Сабырлы дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Адамға қандай жағдайларда ұстамдылық керек деп ойлайсыңдар?
3. Сабырлылық сақтағанда қандай күйде боласыңдар?
4. Өзің ұстамдылық таныту үшін не істедің?
5. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
Сабырлық пен ұстамдылық – адам бойындағы жағымды қасиет. Басқаның сөзін байыппен тыңдайтын,өз ашуын тежей білетін,әр ісін ақылмен шешетін адам.
4. Оқиға айту. (Мұғалім сыйы) видеомен көрсетіледі
«Шегенің ізі» (әңгіме)
Бір кездерде ашушаң және ұстамсыз жас жігіт болыпты. Күндердін күнінде оның әкесі оған бір қалташа шеге беріп, ол әр баса алмаған ашуынан кейін ағаш бағанаға бір шегеден қағып тұруын бұйырады.
Бірінші күні бағанаға жиырма шақты шеге қағылды. Бірте-бірте ол ашуын ұстауға үйрене бастады, әр күн сайын бағанаға қағылған шегелер саны азая бастады. Сөйтіп жас жігіт өз ашуын басқару, шеге қаққаннан әлдеқайда жеңілдеу екенін түсінді.
Енді ол өз ашуын толығымен басқара алатын күнге де жетті. Ол жетістігі туралы әкесіне айтты. Сонда әкесі баласына қарап, енді жігіт әр жолы ашуын басқара алған кезде, ағаш бағанадан бір шегеден суырып алуына болатынын айтты.
Бір күні жас жігіт әкесіне бағанадағы барлық шегелерді суырып тастағаны туралы айтып келді. Сонда әкесі баласын қолынан жетектеп бағананың қасына алып келіп:
- Сенің бұған шамаң келді, бірақ қарашы, бағанада қанша тесік қалды? Бұл енді ешқашан бұрынғыдай бола алмайды. Міне, адамға жаман немесе ауыр сөз айтқанда да, онда осындай тесіктер сияқты адам жанында жараның орындары қалады. Адамнан қанша кешірім сұрасаң да, жараның орындары бәрібір кетпейді.
Сұрақтар: Өсиет әңгімеден өздеріңе қандай ой түйдіңдер?
Неліктен адамдарды ренжітіп, жанын жаралауға болмайды?
Ешкімге қиянат жасамайтын адамның бойынан қандай қасиеттерді көруге болады?
Өздерің қаншалықты ұстамды әрі сабырлы болып, ешкімге қиянат жасамауға тырысып жүрсіңдер?