Сабақтың тақырыбы Мен және менің Отаным Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет12/35
Дата11.09.2023
өлшемі152,56 Kb.
#180710
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
Байланысты:
1-сынып 1-2-3-4 тоқсан 472б

Көңілді оқиға

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.1.3.2 әннің құрылымын ажырату: шумақ, шумақ-қайырма;
1.1.3.3 негізгі музыкалық ұғымдарды білу;

Сабақтың мақсаты

Өлеңдегі және музыкадағы ырғақтылықты сезінуге үйретеді. Музыкалық ырғақтарды ұжыммен, топпен бірге соғуда белсенділігін көрсетеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі\уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

1-тапсырма. Талқылау. Орындау.
Мұғалім оқулықтағы «Көңілді оқиғаның» мазмұндық желісін қара сөз түрінде оқиды. «Асан ағасымен ауылдағы ата-әжесіне қыдырып барды. Атасының үйінде мысықпен, ауладағы ит және қоразбен достасып үлгереді. Күнде таңертең мысық, ит, қораз Асанның тамақ беруін күтеді. Бір күні Асан қатты шаршап, ұйықтап қалады. Таңертең қарны ашқан қораз Асанды «қо-қо-қо-қоқ» деп шақырады. Асан оған ояна қоймайды, ит те «аф-аф» деп үреді. Оларды көрген мысық Асанның қасына келіп, «мияу» деп оятады. Мұғалім оқушыларға талқылаған оқиғаны өлеңге айналдыруға ұсыныс жасап, оқулықтағы «Ырғақты ойын» өлеңінің мәтінін оқиды.
Ырғақты ойын
Асан ұйықтап жатты,
Оның ұйқысы қатты.
Таңертеңнен достары
Оны оятып жатты.
Қораз тұрды қоқылдап,
Қоқ-қоқ-қоқ.
Иті үрді абалап,
Аф-аф-аф.
Тұрмаған соң қасына,
Мысық келді мияулап,
Мияу-мияу.
-Өлеңді оқыған кезде қолыңды тізеңе ақырын соғып отыр.
-Оқиға желісін өлеңге аударғанда ырғақ пайда болғанын байқадың ба? Ырғақ өлеңде де, музыкада да болады.

Оқушылар «Көңілді оқиғаның» мазмұндық желісімен танысады.




«Музыка» оқулығы

Ортасы

2-тапсырма. Орындау.
Бұл тапсырмада мұғалім «Ырғақты ойын» өлеңін әуенге қосып, оқушылар назарын музыкадағы ырғақтылыққа аударады. Ойындағы әуен мен өлең жолдарын меңгергеннен кейін, топтық жұмыс ұйымдастырылады.
Төрт топқа бөлініңдер. Қораздың, иттің дауысын салатындар топтар қол соғылымын үнемі 1-ге, 2-ге соғып отырады:
-Бірінші топ- «Ырғақты ойын» өлең жолдарын әуенге қосып орындайды.
-Екінші топ-ойын әуеннің ырғағын қолдарымен немесе ұрмалы аспаппен соғады, қораздың дауысын салады.
-Үшінші топ-ойын әуеннің ырғағын қолдарымен немесе ұрмалы аспаппен соғады, иттің дауысын салады.
-Төртінші топ-ойын әуеннің ырғағын қолдарымен немесе ұрмалы аспаппен соғады, мысықтың «мияу» деген дыбысын ғана салады, 1, 2, 3-ке соғып орындайды.
Әннің басындағы ырғақ біркелкі 2\4 өлшемінде соғылады. Оқиға кейіпкері мысықтың мияулауын оқушылар 3\4 өлшемінде соғып көрсетеді. Орындауды сюжетті оқиға түрінде көрсетуге болады.

«Көңілді оқиғаның» тақпақтың желісін мұғаліммен бірге оқиды. Қолын тізесіне қойып, тақпақтың ырғағына қарай қолын соғып отырады.
Оқушылар «Ырғақты ойын» өлеңінің әуеніне қосып үйренеді. Төрт топқа бөлінеді. «Ырғақты ойын» өлеңіндегі талаптарды орындап, ортақ импровизацияға қатысады.
Екі топқа бөлінеді.
-1топ өзіне ұнаған ертегі немесе оқиғалардан көрініс қояды.
-2 топ «Сәлем, достым!» әнін мәнерлеп орындайды.




«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы, Фоно - хрестоматиясы

Соңы

Сабақ соңында оқушылар өз жұмыстарын таныстырып, топтар өздерін бағалайды.
Бағалау:
-«Ырғақты ойындағы» қандай кейіпкердің әуенін жақсы орындадым?
Рефлексия. «Бағдаршам»
Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім.
Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім.
Жасыл-сабақта барлығын түсіндім.

Қойылған сұрақтарға өз ойларын айта алады.




«Бағдаршам» әдісі туралы.

Оқу ісінің меңгерушісі: Оразымбетов Б.

Бөлім

Бізді қоршаған әлем

Педагогтің аты- жөні

Мамырова Аширкул

Күні

07.

Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет