Басы
|
(МК.Ұ.ОТ)
(М) Сабақ пен бөлім тақырыбының мақсатын ашу үшін алдыңғы сабақтың ойын жалғастырады.
Бірінші тоқсанда оқушылардың көңіл күйі көбінесе ойын әрекетіне жақын болады. Сабақтың басында оқушыларға өздерінің оқып жүрген мектебі туралы бейнетаспаны көрсеткені дұрыс. Қазіргі кезде ондай бейнетаспалар көп мектептерде бар.
(М.О) Жалғасы ретінде мұғалім әңгімесін диалог түрінде музыка сабағымен байланыстырып өткізеді.
|
Сабақ басында мектеп туралы ақпарат тыңдайды, бейнетаспа көреді.
|
Қолдау көрсету.
|
«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы,
Фоно - хрестоматия
Мектеп туралы бейнетаспа: «80 мектеп, Білімді мектеп Мәңгі ел»
|
Ортасы
|
(МК.Ұ.ОТ)
1-тапсырма. Ән үйрену.
Біз мектепке барамыз (Өлеңін жазған: Р.Наурызбаева, әнін жазған: Ғ.Тамендаров)
(М) Ән «ән үйрету» әдістемесі бойынша үйретіледі. Жұмыс барысында оқушыларға әннің әуенін таза, сөздерді анық, әндетіп, айқайлатпай айтқызғаны жөн.
1. Біз мектепке барамыз,
Оқып, білім аламыз.
Мейірімге бөленген
Біз бақытты баламыз.
Қайырмасы:
Әжеміз бен атамыз,
Әкеміз бен анамыз
Ұрпағымен мақтанар,
Білімді деп ботамыз.
2. Біз мектепке барамыз,
Жаңа достар табамыз.
Бірге оқып сабақты,
Ажырамас арамыз.
Тапсырмалар мен сұрақтар:
-Әнді үйренген кезде әуенін таза орындауға, сөздерін анық, түсінікті айтуға тырыс.
-Әннің бірінші шумағын суреттегі төртбұрыштарға қарап, биіктігін қолмен көрсетіп үйрен.
-Әнді үйренгеннен кейін оқушылармен бірге ұрмалы аспаптармен сүйемелде және ырғақты сана.
|
Әнді мұғалім айтқан талаптар бойынша үйренеді.
Әннің бірінші шумағын оқулықта берілген суретке қарап үйренеді.
«Сиқырлы дыбыстар» ойынының негізінде: құстар, жан- жануарлар, адам дауысы, музыкалық аспаптар дыбысы «Дыбыс биіктігі» (жоғары, орташа, төмен) туралы түсінік алады.
|
Мадақтау.
|
«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы, Фонохрестоматия
Біз мектепке барамыз (Өлеңін жазған: Р.Наурызбаева, әнін жазған: Ғ.Тамендаров)
Бұлбұлдың дауысы керемет!
Жануарлардың дауыстары!
Қазақша танымдық мультильм!
2,22 мин.
Балалар музыкалық аспаптары
|