Сабақтың тақырыбы Мен мектепке барамын Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет20/36
Дата10.12.2023
өлшемі6,65 Mb.
#196169
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36
Байланысты:
1 сынып қмж

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы

(МК,Ұ) Мұғалім оқушыларды 1-тапсырма бойынша «Не дәмді?» деген ертегі мазмұнымен таныстырады.Оқушылар сурет бойынша ертегі кейіпкерлерімен атайды.Сондай-ақ мұғалім оқушыларға сүйек,дән,орамжапырық,сәбіз,сүт сөздерінің мағынасын тусіндіреді.
(Т)Оқушылар топқа бөлінеді.Содан кейін әр топқа қоян,ит,тауық,мысық,ешкі және сүйек,дән,орамжапырақ,сәбіз,сүттің суретін таратылады.Топ мүшелері суреттерді сәйкестігіне қарай қойып шығуы керек.Мысалы:қоян-сәбіз,ит-сүйек,ешкі-орамжапырақ,тауық-дән,мысық-сүт.
(МК,Ұ) 2-тапсырмада оқушылар серет бойынша әр кейіпкер не айтқанын айта алуға жаттығады.Мысалы:Қоян-«Ең дәмді-сәбіз»
(Ж)3-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді.Олар бір-біріне «Сен ертегі білесің бе?» деген сұрақты кояды.Оқушылар өз қалауы бойынша жауап береді.Егер оқушы «Ия,білемін» деп жауап берсе,бірінші оқушы «Қандай ертегі білесің?» деген сұрақ қоя алады.Негізі оқушылар екі ертегі біледі «Мақта қыз бен мысық», «Не дәмді?» .Сондықтан олар өздері қалаған бір ертегіні атай алады.
(МК,Ұ)4-тапсырмада оқушылар ертегі кейіпкерлер сияқты өздері қалаған бір ертегіні атай алады.
(МК,Ұ) Мұғалім і дыбысы мен таныстыру жұмысын Алмабектің суретінен бастайды.Алмабектің і дыбысын үйреніп отырғанын түсіндіру арқылы оқушыларды і дыбысымен және оның әрпімен таныстырады.Мұғалім оқушыларға і дыбысын айтқан кезде тілдің,жақтың,еріннің қатысы болатынын түсіндіру арқылы дыбысты дұрыс дыбыстауға жаттықтырады.Мәселен тілдің алға-артқа жылжуынан дауыстылар жуан-жіңішке болып түрленетіні белгілі.Мәселен :ы-і.Мұғалім оқушыларға дауысты,дауыссыз дыбыстар туралы түсінік береді.Оқушылыр і дыбысының дауысты дыбыс екенімен танысады.
Мұғалім і дыбысы-дауысты дыбыс болғандықтан, оқулықта қызыл түспен берілгенін түсіндіреді.
і- дыбысы кездесетін сөздер қатарын суреті бойынша үйретеді.Олар кітап,піл,бір,Інжу.Осыған орай оқушылыр «Сенің атың кім?» деген сұрақты қайталайды,еске түсіреді.»Есте сақта!» айдары бойынша оқушылар сұрақтарды қайталайды.(Кім?не?неше?қандай?),мұғалім і дыбысы кездесетін сөздерге қандай сұрақтар қойылатын түсіндіреді.
(МК,Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында білімдерін бекіте түседі.
(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

Оқулық,аудиодиск,
АКТ,суреттер,
тірек сөздер,ертегі кейіпкерлерінің
және сүйек, дән, орамжапырақ,сәбіз,сүттің суреттері.

№2 жұмыс дәптері


Сергіту сәті


Дидактикалық ойын


Рөлдік ойын

Қосымша тапсырма:6.5





Сабақтың соңы

(Қ) Сабақты қортындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгені қалай жұмыс істегені,не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой пікірлерін білдіре алады.

Мадақтау арқылы,смайликтер арқылы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет