Кейбір оқушылар: Ертегі мазмұнын өз сөздерімен айта алады, ұ дыбысы кездесетін
сөздер қатарын толықтыра алады.
Жетістік критерийлері
Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді. Сурет бойынша сөйлеммен өз ойларын білдіре алады;
Жаңа тақырып ертегі екенін ажыратады;
Ертегінің мағынасын ашады, заттардың таныс атауларын жаза алады;
Әріп пен дыбысты ажырата біледі, дыбысталу ерекшелігін мән беріп,сөздерді дұрыс жазады;
Дескриптор
Ертегі кейіпкерлерін айта алады
Сурет бойынша тыңдап айтады
Сұрақ қоя біледі қойылған сұраққа жауап береді;
Тілдік мақсаттар
Арыстан , түлкі, қасқыр,піл, аю,қоян .
Пәнаралық байланыс
Сауат ашу.
АКТ қолдану дағдылары
"Көктем сәні" ертегі - YouTube
Бастапқы білім
Мен ертегі білемін.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы 2минут
(МК.Ұ)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.
Көктем - ол қуаныштың ізгі лебі,
Қызғалдақ қыздарға арнап үзіледі.
Аспанда жақсылықтың атын жазып,
Тырналар қатар-қатар тізіледі.
Бұл қай мезгілде болады?
(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.
Шаттық шебері
Оқулық. Аудиодиск:
6.7.1.; 6.7.4.; 6.7.3.
Сабақтың ортасы
3-38мин
Сабақты басталмас бұрын құстардың сайраған әсем әуені,сарқыраған өзен,ұйқыдан оянған жан- жануарлардың дауысын құлаққа естірту
Мұндай дыбыстарды біз жылдың қай мезгілінде естиміз, көреміз?
Көктем.
Көктемде табиғатта, адамдардың, жануарлардың,құстардың тіршілігінде қандай өзгерістер болады?
Көктем айларын білесіз бе?
Наурыз,сәуір,мамыр
Көктемде қандай мерекелер болады?
8 Наурыз -Халықаралық әйелдер мерекесі,22- наурыз Ұлыстың ұлы күні.
Олай болса, бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз
«Көктем сәні» ертегісімен танысамыз.
1-тапсырма бойынша мұғалім ертегіні көрсетеді «Көктем сәні» ертегісімен танысады.
Оқушылар ертегі кейіпкерлерін атайды. Содан кейін басты кейіпкердің (арыстан) сұрағына басқа аңдар қалай жауап бергенімен танысады.
(МК, Ұ) 2-тапсырманы«Бес қадам» әдісінен пайдаланады. Әр қадамда сұраққа жауап береді.
Сұрақтар: Су қандай? (Таза)
Жаңбыр қандай? (Жылы) Гүлдер қандай? (Әдемі) Ағаштар қандай? (Әдемі)
Күн қандай? (Жылы)
3-тапсырма.Суретке қара.Толықтырып айт.
Әдемі гүлдер.Әдемі ағаштар. Жылы күн.Таза су.Жылы жаңбыр.
(ОТ) 4-тапсырмада оқушылар ертегінің басты кейіпкерінің сұрағына (Көктем сәні не?) өз қалаулары бойынша жауап береді.
Өз жауаптарын сурет түрінде көрсете алады.
Сондай-ак окушылар ертегіні рөлге
бөліп ойнайды.
СЕРГІТУ СӘТІ. Құлын-құлын, құлыншақ,
Құйрығы ұзын құлыншақ.
Қос құлақты қайшылап,
Қарашы, қандай құлыншақ!
МК, Ұ) Мұғалім ұ дыбысымен таныстыру жұмысын Алмабектің суретінен бастайды. Ұұ дыбысын айтқан кезде тілдің, жақтың, еріннің қатысы қандай болатынын түсіндіру арқылы дыбысты дұрыс дыбыстауға жаттықтырады.
Мәселен, тілдің алға-артқа жылжуынан дауыс тылар жуан, жіңішке болып түрленетіні белгілі.Оқушылар ұ дыбысының дауысты дыбыс екенімен танысады.
Ұ дыбысы кездесетін сөздер қатарын суреті бойынша үйретеді.
Олар: құс, үшаң, жұлдыз. Сондай-ақ мұғалім оқушыларға ұ
дыбысы кездесетін есімдер туралы да ақпарат береді. (Ұлан
т.б.). Осыған орай оқушылар «Сенің атың кім?» деген сүрақты қайталайды, еске түсіреді.
«Есте сақта!»айдары
бойынша оқушылар сұрақтарды қайталайды (кім? не? неше?
қандай?), мұғалім ұ дыбысы кездесетін сөздерге кандай
сұрақтар қоятынын түсіндіреді. Мысалы: ұшақ (не?), құс
(не?), жұлдыз (не?), Үлан (кім?). (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар
оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.