Оқушылардың сүйікті істері жайлы айтқыза отырып, кино жанрлары туралы танымдық білімдерін кеңейту; Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту; ақпараттық - коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру; Кино өнерін бағалай білуге, өнерді сүюге тәрбиелеу; Тақырып бойынша шығармашылық жұмыстар жасауға үйренеді.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
Тақырып туралы ассоциация жинайды.
Әр топ тақырыпты ашады, ой қозғайды.
3.Өздерін бағалайды.
ТҮЙІНДІ ИДЕЯ
Кино қазіргі заманғы адамдардың сүйікті өнері. Кино өнері туралы оқушылардың өз ойларын қазақша айта білуге мүмкіндік туғызу
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі:
Киноны жақсы көретіндерін, қандай кино ұнайтыны туралы айта алады
Кейбір оқушылар:
Кино өнерінің жанрлары туралы айта алады
Тілдік мақсат
Оқушылар:
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Деректі, көркем, ғылыми-көпшілік
Талқылауға арналған тармақтар:
Сен дәмханада өзің тапсырыс бере аласың ба?
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Алдыңғы тақырып
Кино өнері
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
45 минут
Ресурстар
Басталуы
Жаттығу тексереді, оқушылар айтып береді, ережелерді еске түсіру
ЕСІМШЕ туралы
Ортасы
Миға шабуыл стратегия арқылы тақырыпқа шығу
Сөздікпен жұмыс Қазақстанның мәдени өмірі – культурная жизнь Казахстана Жетістіктері – достижения Шежіре – летопись Үлес қосты – внесли вклад Жаңа белестерге көтеріле бастады – поднимается на новые ступени
Класстер жұмысын беру «Кино өнері»
Шығармашылық тапсырма ұсынады: әр топқа бір киноның сюжеті беріледі
Пікір алмасу. 1. Кинодан қандай тәлім-тәрбие алуға болады? 2. Саған отандық кино ұнай ма әлде шетелдік кино ұнай ма? 3. Қазіргі қазақстандық кинолар туралы пікірің қандай? 4. Отандық киноның мәртебесін қалай көтеруге болады? Кино өзіне 5 жолды өлең құрастыру
Зат есім: Кино Сын есім: көркем, деректі, тарихи, ғұмырнаиалық Етістік: көрсетеді, түсіріледі, баяндайды, үйретеді Синоним: филдьм Сөйлем: Кино адамды жақсылыққа үйретеді.
Жаңа лексика. Менің қаламдағы кинотеатр.
Мәтінмен жұмыс
1. Оқып түсіну
2.Кездесетін күрделі сөздерді талдау
3. Қазіргі заманғы кинотеатрға мәтін бойынша сипаттама беру
Қосымша ақпарат: 5-тапсырма, 75 бет, жаттығу жұмысы
Саралау
Пәнаралық байланыс:
тарих
Рефлексия
Сабақ туралы пікір
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Бурабай
Көкшетау таулары үстіндегі аспан көкпеңбек нұрлы, ауасы тұнық мөлдір болғандықтан да «Көкше тау» деп аталады. Осы таулардың арасында ертеректе бір бай әрі би қоныстанған екен. Ол бай бимен бірге бір еркін де тәккаппар ақбас бура мекен еткен. Ол бураның әсемдік түрі, биік тұрпаты, қалың жүннің ақтығы көрген адамды қызықтырмай қоймайды. Талайлардың қолына түсіп үлгеріпте шыққан Бура, сытылып қашып құтылып кете беретін болған. Бура жалғыз жүріп,жалғыз тұрып, ешкімге басын имей үйреніп кетеді. Ол суды тек тазалығы мен мөлдірлігі үшін Күміскөл атап кеткен бір ғана көлден ішеді. Күн сайын келіп, тал түсте су ішуге келіп, келетін соқпағы да біреу болатын.
Бура қасиетті еді. Жау қосындарының жақындағанын күні бұрын сезіп, боздаған жылаған дауысымен халыққа төнген қауіп жайлы хабар беретін. Бура ханның ауру сырқатын ерте біліп, ерекше тынышсызданып, күңірене боздап, беймаза болатын. Үрейлі күндердің алдында ақ бура толассыз, тоқтаусыз ақыратын.Ақырғанын естігендер, төңіректегі адамдар мен далалардың халқы асығыс жиналып, жау шапқнышылығын қайтару үшін жасақтар құрып, бірігетін. Ақ бураға құдайдай табынып, пәле жаладан қорғау үшін Тәңір жіберген әулие жануар деп санап жүрді. Жылдар өтіп, адамдар арасынан залым пайда болып, өзі сияқты басбұзар, сұмдардан құралған топ құрып, кедейлерді тонап, аң құс, адамдар деп қарамай қырғынға ұшыратты. Олар жануарлар мен адамдарға, жабайы аңдар мен құстарды қырып жойды. Адамдарға таяп жақындап келгенде бура ақырып хабар жеткізетін. Қарақшылардың жолдары болмай, Аңдар қаскөй жауыздардан құтылды. Бура, ерекше қасиетін біле тұра, Аңдар ғана құтылджы. Хабар беретін кезін біліп алып,өлтірмекші болды. Күндердің күнініде қалың орманды ақ омыраумен келе жатып, аңшылардың қолына түседі.Бір қарақшы ұзын жебесімен бураны атып, бураның кеудесін көздеп, садағымен атып жібереді. Жебенің оғы киелі жануардың көкірегін өтіп, өркешін тесіп шығады.Аузынан қан кетіп, тұяқтарымен тапап тасмамақшы болып, өзін зәбірлеуші, тапап тасмақшы болып, ақыра боздап, атын қамшап қашып кетеді.Жарақат алған бура, кері бұрылып, өзі туып өскен, көлдің жағасына келді.Жан тәсілім етер алдында басын қағба жаққа қаратып, көзін жұмалы. Сол қалпында қос өркешті ақ бура көзін жұмады. Бура қос өркешті ақ тауға айналып, тұрып қалады. Биіктігі 690м. Өркешінен әлі күнге дейін жануарды көктеп төкен, сорайып щшығып тұр. Ақ бура мекен еткен жер. ауыл, мейірін қандыра сусындаған күміс көлде Бурабай деп аталды
Оқжетпес
Бұдан жүз жыл бұрын ба, әлде мың жыл бұрын ба, кім біледі, Арқаның Көкшетауының бауырындағы бір алаңқыда әрі батыр, әрі асқан аңшы бір кісі мекендепті. Кәсібі бүркіт салып, аң аулау болыпты. Ол кезде Көкшеге ауып келген «Оралдың ақ иығы» атты орасан күшті бүркіттер мекендейді екен. Батыр аңшы бір күні аң аулап келе жатып, қазіргі «Оқжетпес» аталатын, бейне алып күшті дәу қолмен текшелеп үйіп қойғандай үшкір найзаланған биік тас таудың шың басына бір бүркіт адам тәрізді жәндікті бүріп қона бергенін көріп қалыпты. Сол арада: «Апырмай, мұның жемі адам тәрізді ғой», - деп ойлайды да, жалма-жан садағын ала салып, бүркітті көздеп тартып жіберіпті. Зулаған оқ үшкір таудың ортасынан аса, көзделген шың тасқа жетпей жерге түсіпті. Құтқара алмайтынын сезген батыр аңшы көңіліне жаман ой түсіп, дереу үйіне жүгіріп келсе, әйелі зарлап жылап отыр екен. Жаңағы бүркіттің бүрген жемі батыр аңшының жалғыз баласы екен. Ашына күйінген батыр аңшы: «Ең болмаса, қызымның сүйегін көмейін» деген оймен «Құлап өлсем, жаным артық па», - деп тәуекелге бел байлап, құс болмаса бұрын адам шықпаған найза тауға шығып, қызының сүйегін алып, түбіне жерлепті. Ал тас тауға «Оқжетпес» деп ат қойған екен.
Жұмбақтас туралы аңыз
Ертеде, мыңды айдаған, азуы алты қарыс бір бай болған екен дейді. Байдың ұлы көп, ал қызы жалғыз–ақ екен дейді. Қызы бет біткеннің көріктісі, асып туған перизат. Өзі және ақылды, өнерлі. Ата-анасы әлпештеп өсіреді. Әкенің ойы қызың хан баласына немесе ақылгөй би баласына беру.
Күндердің күні сол елге бір сері жігіт келеді. Өзі сұлу, өзі әнші, өзі күйші. Сегіз қырлы, бір сырлы. Жігіттің сұлтаны. Үлкен де, кіші де оны ауыздарынан тастамай мақтаумен болады. Бірде жігіт байдың қызымен жүздеседі. Екеуі де махаббат отына жанып, жас жүректер жалындап табысады. Бірақ қыздың әкесі олардың қосылуына өлмейінше ризашылық берер ме? Соны білгендіктен, қос ғашық ретін табады да, екі сәйгүлікке мініп, түн жамылып, қашып кете барады. Талай күн, талай түн бел шешпестен суыт жүріп, Бурабайға келіп жетеді. Қуғыннан қара үзіп кеттік, ізімізден адастардық деген қуанышты көңілмен осы араға тоқтайды. Күміскөлдің жағасына хош иісі аңқыған жасыл жапырақ, көк балаусадан қос тұрғызады. Жігіт анау-мынау шағын кемеге бергесіз үлкен, сәнді қайық жасайды. Онымен екеуі көл бетіне шығып сайрандайды. Күміскөлдің теріскей – шығысы тұсындағы әдемі иінге жиі барып, ұзақ-ұзақ аялдайды. Көкшенің көлеңкесі үнемі түсіп тұратындықтан ба, әлде басқадай бір сыры бар ма, әйтеуір қолтыққа ұқсаған бұл иін алқара көк тартып, күміс судан бөлек бояумен әдемі әсер туғызады. Сол реңкіне қарай оны ата-бабаларымыз Көгілдір қолтық деп атаған екен. Екі жас осы Көгілдір қолтық айдынында тамылжыған табиғатқа тәнті болады. Суда шоршып ойнаған байлықтарды қызықтайды. Махаббат періштесіндей аққуларды тамашалайды.
Қосылған қос аққудай екі жастың махаббатқа мас, қызықты күндері осылайша өтіп жатады. Бұл кезде оларды қыздың ағалары шарқ ұрып іздеп жүр еді. Қызының салт басты, сабау қамшылы бір "әуейімен" қашып кеткенін білгенде әкесі жер тепкілеп күркіреген болатын. Бүкіл елін қырып жібере жаздаған. Ұлдарына жасақ қосып беріп, қуғынға аттандырған. Жігітті өлтіріп, қызын қайтып әкелуге қатал әмір еткен. Әке қаһарынан қорыққан ұлдарының бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Айлардан-айлар өткен бір кездері қашқандар ізінің сорабын дәл тауып, қауіп-қатерсізде төбеден түсуге шақ қалады. Әйтеуір, құдай сақтағанда, екеуінің көзі олардың қарасын ертерек шалып қалған еді. Оны-мұны керектерін ала жан ұшырып қайыққа жетіп үлгіреді. Бөгелместен көлге шығып кете барады. Қуғыншылар бармақ шайнап қала береді. Бірақ кейін қайтпайды. Бай қаһары қатты. Жағалауды торуылдап жүреді де қояды. Олар қайықтың Көгілдір қолтыққа жиі соғатынын байқайды. «Қайық бір табылса осы арадан табылар» деп аңдиды. Қалың жапырақ жамылып, жасырынып, садақ ыңғайлап тұрады. Оларды екі жас аңғармайды. Бір жолы жағалауға тым жақын келіп тоқтамай ма. Оңтайлы сәтті пайдаланған қыз ағалары қапы жібермейді. Жігітті кеудеден көздеп, садақты тартып кеп қалады. Найзағайдай зу еткен сұр жебе жігіттің тура жүрегіне қадалады. Жігіт қайықтан ауып құлап түседі. Күміс суды қызыл қанға бояп, шым батып кете барады. Ғашық жарынан арманда айырылған аяулы ару қайғыдан зар еңірейді. Сүйгенінің артында қалған тіршіліктен безінеді. Екі кеш зауал шақта таудан асып бара жатқан күн көзіне қарап, екі қолын бірдей созып, тәңірге жалбарынады. Өзін қайғымен бірге тасқа айналдырып жіберуін тілек етеді. Жасаған ие оның шын төгілген көз жасын қабыл қылады.
Кейінде ата-бабаларымыз кіршіксіз махаббатқа куә сол тасты Жұмбақтас деп атапты. Бір жағынан қарасаң кәдімгі кеме, екінші жағынан – шашын жел жұлқылап тұрған пісте мұрын қыз. Сәл бұрыстау жылжысаң, ару қызымыз қайғыдан мүжілген кемпірге ұқсап кетер еді.
Дереккөздер[өңдеу]
Білім. Баяндауыш-сөйлемдегі тұрлаулы мүшелердің бірі.Баяндауыш бастауыштың іс-әрекетін, қимылын,жай-күйін,оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді.Баяндауыш сөйлемді аяқтап,ойды тиянақтайды.Кейде сөйлемде бастауыш айтылмаса да,баяндауыш бар жерде бастауыш жоғалмайды.