Дәйек сөз Мұғалім:-Балалар,сахналау арқылы және өзіміздің өмірден түйгенімізден ұққанымыздай тіл балаға ананың ақ сүтімен туылған сәтінен-ақ беріледі.Тіл адамды жақсы да, жағымсыз да көрсетеді.Тіл адамды өсіреді де,өшіреді де.Олай дейтініміз тек қана жанға жайлы жақсы сөздерді жиі айтсақ,адамдар арасында сыйлы боласың.Өз тіліңді жетік біліп,оны дамыта алсаң,сондай-ақ басқа елге барғанда өз туған тіліңде сөйлесең,олар сондай халық бар екендігін біледі.Демек халқыңды басқа ұлттарға танытасаң,халқыңды өсіресің.Егер сенің ана тіліңде ешкім де сөйлемесе халқың өшеді деген-осы.Сондықтан да ақын С.Торайғыровтың
«Сүйемін туған тілді,анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім»,деген өлең жолдарын ұмытпағандарың жөн.