1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындапоқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
.
Тілдік мақсат
Оқушылар: көркем және бей көркем мәтін үлгілерімен таныс болуы керек, жанрын ( ертегі, өлең ) ажырата білуі және өлеңді мәнерлеп оқи білуі керек
Сабақ барысы Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
Амандасу
Бауырсақ ертегіні бейнероликтен көру және көрген ертегіні ауызша айту.
- Суреттегі өсімдік қалай аталады ?
- Бақбақ .
-Бақбақ сөзі қай дыбыстан басталып тұр?
- Б Б Б
- Қане, бәріміз бірге қосылып дыбыстап көрейікші.
- Кім айтады, б дыбысы қандай дыбыс?
- Дауыссыз дыбыс, өйткені созылмайды, еркін айтылмайды.
- Бақбақ сөзін буынға бөлейікші. Неше буын?
- 2 буын.
- Б дыбысы қай буында кездеседі ?
- 1-ші және 2-ші буында да кездеседі.
- Құрамында б дыбысы бар тағы қандай сөздер білесіңдер?
1 - тапсырма. Қима қағаздардан балық, барыс суреттерін құрастыру
2 - тапсырма. Оқулықта берілген сөздерді буындап, тізбектеп оқыту.
3- тапсырма. Топтық жұмыс. Қол шатыр әдісі
Қол шатырдағы дауысты дыбыстарды
қойып оқиды
Б Л Қ, Б Б , Б Р, Б Т Р Сергіту сәті Неро жаттығулар
Топ бойынша неро жаттығулар жасайды
Дәптермен жұмыс
Бб дыбысын жазу.
Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтау және әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалауды ұйымдастыру.
Рефлексия. Бүгінгі сабақта бір –бірлерін Смайликтер арқылы бағалау