Төремұратова Анар,
№ 114 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылы
Сабақтың тақырыбы: «Менің атым – Қожа» повесіндегі Қожаның бейнесі
Сабақ мақсаты: Білімділік – повест бойынша оқушылардың білімін тиянақтау, шығармашылық жұмыс арқылы оқушының ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту. Қожа бейнесіне талдау жасап, өз қарасын жүйелі талдауға үйрету. Дамытушылық - оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорытқызу және жаңа ұғымды өзі іздеп табуға бағыттау, білім –дағдыларын арттыру. Тәрбиелік – қарсылыққа құрметпен қарап, ұстамдылыққа, таза жүректілікке, адалдыққа, балалықтың бал дәуренін түсіне білуге, сөйлеу әдебін меңгертіп, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Түрі: жинақтау, қорытындылау. Әдіс –тәсілі: ойтолғау, талдау, сұрақ-жауап, оқыта-үйрету тәсілі, сын тұрғысынан ойлау. Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық, үлестірмелі тапсырмалар, «Менің атым – Қожа» фильмінен үзінді, Венн диаграммасы, ұпай сандар. Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгелдеу, зейінін сабаққа аудару. Сыныпты топқа бөлу. Психологиялық дайындық. Сабақтың нәтижесі: өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға, өзгенің пікірімен санасуға үйретеді, өз пікірін қорғай, дәлелдей алады; әр түрлі шығармашылық жұмыстарға, топпен жұмыс істеуге дағдыланады. І Үй тапсырмасын пысықтау: 1. Интерактивті тақтадан жазушының суреті мен шығармашылық жолдарын кестелер арқылы көрсету. 2. Сұрақ – жауап: (сызба-кесте түрінде)
Бердібек Соқпақбаев кім?
(балалар жазушысы, қаламгер, дарын иесі, қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар)
Шығармашылығы
(«Менің атым- Қожа», «Аяжан» , «Қайдасың Гауһар», «Балалық шаққа саяхат»)
3. Ой шақыру: «Бәйге» ойыны. (Интерактивті тақтамен жұмыс)
-
10
|
20
|
30
|
40
|
50
|
60
|
70
|
80
|
90
|
Сол жақтағы «10» .Сәйбек қарт Қожаға әкесі туралы не айтты? Ортадағы «20» .Қай уақыттан кейін Майқанова сабаққа келмей қалады? Оң жақтағы «30» .Қожа өз әкесіне деген сағынышын қалай білдіреді? Сол жақтағы «40» . Майқанова мен Қожаның арасындағы кикілжің неден басталады? Ортадағы «50». Орыс тілі мұғалімі кім? Оң жақтағы «60». Повест қалай басталады? Сол жақтағы «70». Мектеп жанында Жантас Қожаға не деп айтты? Ортадағы «80» Майқанованың сөмкесіне не салды? Себебін айт. Оң жақтағы «90» Балабекова кім?
ІІ. Жаңа сабақ
Б. Соқпақбаев – қазақ балалар жазушысы. «Қазақфильм» студиясында «Менің атым - Қожа» повесі бойынша фильм түсірілді. Оның сценарийі бойынша 1967 жылы қойылған «Менің атым - Қожа» фильмі Францияның Канн қаласында жасөспірімдерге арналған халықаралық кинофестивалінің жүлдесіне ие болды. 1. Қызығушылықты ояту сатысы.
Ой қозғау. (кестені толтыру) - әр топтың жауабы тыңдалады.
V- «Білемін»
|
-«Мен үшін жаңалық»
|
+ «Мен үшін жаңа ақпарат»
|
? – «Мені таңғалдырғаны»
|
|
|
|
|
2. Өзара оқыту (электронды оқулық бойынша мектеп күзетшісі Сәйбек қарттың Қожамен сөйлесуінен үзінді тыңдату) Балалардың қызыға тыңдағанын байқағаннан кейін, әр топқа берілген тараудан мәтінді іштей оқыту. Мұғалім: - Қане, енді үш топ ары қарай өздерің оқып көріңдерші, тағы қандай қызық болар екен? Әр топ өздеріңе берілген тарауды мазмұндайсыздар (3 минут уақыт беріледі)
1- топ: «Бір сәтті кез» 2-топ : «Ағаттықтың азабы» 3-топ: «Түбі адам болатын бала»
Оқушылар өз тараулары бойынша (әр топтан бір оқушы) қысқаша мазмұнын айтады.
3. Топтастыру стратегиясы: Үлестірмелі тапсырма қағазбен жұмыс .
(Қожа – алғыр, пысық, ақылды сотқар, тентек, мейірімді, әділетті, әзілқой, тапқыр, қателіктерін терең түсіне білетін зерек бала). Мұғалім: - Қожаның қандай бала екенін білдік. Енді сендер өздеріңнің қандай бала екендіктерің туралы «Мен қандаймын» деген сұраққа жауап беріңдер. (әр топтан бір оқушының жауабын тыңдау) /Мысалы: шыншылмын, еңбекқормын, әділмін, ашуланшақпын, мейрімдімін, ержүрекпін т.б. /
4. Криптограмма шешу.
15 20 10 1 15 27 22 12 42 14 8 19 8 24 21 25 14 38 11 7 38
Шешімі: «Қожа құпия кеңес өткізді» Осы сөйлемдер бойынша сұрақтар қойылады: 1. Қожаның қателіктерін түзетуіне мүмкіндіктері бар ма? 2. Қожаның өз мінез-құлқы жайында ойлауына не мәжбүр етті? (оқушылар жауабын тыңдау)
Мұғалім: - Шығарманың бас кейіпкері Қожа мінезінің қалыптасуына өскен ортаның, отбасының, мектептің игі әсері болды. Сұрақ: Қожаның сотқар болуы мен әдепті жолға түсуіне не себеп болды? (оқушы жауап бере алмаса, мұғалім түсінік беру керек)
Қожаның сотқар болуына себепкер нәрселері: Әжесінің еркелетуі, әкесін сағыну, зеректігі, өзінің менмендігі, анасының жұмысбастылығы. Қожаның әдепті жолға түсуіне себепкер нәрселер: анасын аялауы, Сәйбек қарт, Оспанов ағайының айтқан естеліктері, Майқанованың педкеңестен шығып бара жатып айқан сөзі.
ІІІ «Ой шақыру» әдісімен бас кейіпкер бейнесін ашу. 1. Мағынаны тану. Интерактивті тақтамен жұмыс.
/Оқушыларға «Менің атым – Қожа» фильмінен криптограмманың шешуі болған сөйлемнен, яғни, Қожаның құпия кеңес өткізген жерінен үзінді көрсетіледі./ а) «Егер де мен Қожаның орнында болсам» деген тақырыпта ойтолғау жазу. (әр топтан бір оқушы ойтолғауын оқиды) ә) Ойтолғаныс «Дыбыстар сөйлейді» стратегиясы .
Қ – О – Ж – А –
б) «Венн диаграммасын» шешу. Қожаның жақсы қасиеті Ұқсастық Қожаның нашар қасиеті
Кітап сатып алуға баруы 1. Мінез құлқы 1. Жантаспен келіспеуі
Өз-өзіне есеп беру 2. Қоршаған орта 2. Майқановаға жасаған іс әрекеті
Анасына жанашыр 3. Сұлтанға еріп кетуі
ІV.Қорытынды
«Адам болу - парыз. Сол жолда жеңіп шығу- ерлік» І топ. Сұлтанға еріп «бұзық бала» атануына көзқарасыңыз? (бұндай балалар бүгінде арамыздан кездесе ме?) Егер Қожаның орнында сендер болсаңдар, қандай әрекет істер едіңдер?
ІІ топ . Қожаның оқулық сатып алудағы кезекші мұғалім Майқановаға өтірік айтуы дұрыс па? Сендер не істер едіңдер?
ІІІ топ. Майқановамен ерегісуі, жолдама жөніндегі тілегін орындалмағаны үшін кінәлауына қалай қарайсың? (оқушылардың өз пікірі)
V Сабақты бекіту: сұрақ – жауап
а) Топпен жұмыс: (әр топ мүшелері берілген сұрақтар бойынша ақылдасып, араларынан жетекші оқушы жауап береді) №1 Өздеріңе қандай есімдер ұнайды? Ат қою туралы қандай озық дәстүрді білесіңдер? №2 Қожа балалықтың бал дәуренінде түрлі оқиғаларды басынан өткізді, сенің де сондай қызықты оқиғаларың болды ма?
№3 Қазіргі таңда Қожа сияқты қазақтың қара домалақ баласын кездестіруге бола ма? ә) Интерактивті тақтамен жұмыс. (Қожаның қандай тұжырымға келіп , қаулы қабылдағанын оқушыларға тақтадан оқыту).
VI Үйге тапсырма беру.
«Балалық шақ» тақырыбына ойтолғау жазу.
VII Бағалау
Рефлексия кезеңі: Сабақтан алған әсері туралы ой бөлісу.
Достарыңызбен бөлісу: |