Сабақтың тақырыбы: «Менің атым Қожа»



Дата02.07.2018
өлшемі21,84 Kb.
#45449
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «Менің атым Қожа» (2-сағаты)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыра отырып мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын арттыру, ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету. Сөз, логика (негізгісін бөліп алу, салыстыру, қарсы қою, дәлелдеу) арқылы оқушылардың алған білімдерін қорытындылау, бекіту; повестің мән-мазмұнын жүйелі қорытындылап, кейіпкерлер бейнесін жан-жақты аша түсу;

Дамытушылық: Жазушы шығармалары арқылы әр оқушының өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, мәтінмен жұмыс істеу, көркем шығармаға әдеби талдау дағдыларын дамыту, ғылыми жұмысқа бейімдеу, ізденуге талпындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі — өнеге алуға шақыру. Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:   слайд, бейнетаспа көріністері, музыкалар, топтық тапсырмалар, оқушыларға сыйлықтар

Сабақтың түрі: пысықтау, танымдық сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, демонстрациялау, сахналау, практикалық, шығармашылық

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру Оқушыларға ашық сабақта сәттілік тілеймін, келе жатқан мерекелерімен құттықтап, табыс тілеймін. Сабаққа өте жақсы қатысқан оқушыға Аяз атаның дорбасынан тәтті сыйлығы бар екенін ескертемін.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

-Шығарманың авторы өмірбаяны (бейнекөрініс)

-Шығармаға қатысты ізденуге арналған сұрақтарға жауап алу. (№1 слайд)

-Қожа туралы не білетіндерін айту (№2 слайд)

-Жеке бас құпия кеңесінің қаулысында не туралы айтылған сұрау (слайд №3)

-Шығарманың ерекшелігіне тоқталу

(сахналау, диалог сөздер арқылы, монолог сөздерді тауып оқу)

ІІІ Сергіту сәті

«Менің атым Қожа» әнін тыңдап, бейнекөрінісін тамашалау



ІҮ Жаңа сабақ

Бүгінгі сабақта өтілген мәтін мазмұны бойынша шығармашылық тапсырмалар орындаймыз



  1. Дәптермен жұмыс Қожа мен Жантасқа берілген сөздердің тиістісін жазу

  2. Ауызша сөзжұмбақ шешу. Сұрақтары:

  1. Қожаның осы сабақтағы бар үміті неде? Неге сенеді?

  2. Бұл қай сабақтағы оқиға?

  3. Орнынан тұрған оқушыларға Қожа не етті?

  4. Қожаның өлеңді жаттамау себебі.

  5. Жанардың тегі

  6. Жантастың тегі

  7. Жантастың жаттамау себебі.

  8. Омырауында несі бар?

  9. Сабақтағы қожаның күйі

  10. А.Михайловнаға берген бағасы

  1. Майқанова мен Михайловнаны салыстыра сипаттап, мені қайсысына ұқсататындарын парақ қағазды жапсырмалату арқылы білемін

  2. Осы үзіндідегідей оқиғаны бастарынан кешіргендерін жазу

  3. «Ізденген жетер мұратқа» деген бөлімде 3 топқа бөліп, тапсырмалар беріледі.

ІІІ топ

Ретімен қой: «Шатасқан оқиғалар»

...) Анфиса Михайловнаның қас-қабағын аңдамаққа артыма жалт бұрылып қарап едім, оның да күлімсіреген жүзін көрдім.


...) «Жарайсыңды» Жанарға ішімнен мен де айтып жатырмын.
...) – Жақанов,-деді мұғалім.
...) Жазда барып, институтқа сырттан оқуға түсіпті.
...) Мұғалім еңкейіп, оған баға қойып жатыр.
...) Менің желкемнен қылқиып, арт жағымда отыратын Жантас орнынан түрегелді.

І топ


Бөлімдерге ат қой
І Кіріспе бөлім

ІІ Негізгі бөлім



ІІІ Қорытынды




ІІ топ

Кейіпкерлерге мінездеме бер:

Қожа Жанар

Жантас А.Михайловна
Ү Бекіту

-Кейіпкерлерге саяхат (Рөлдерде ойнаған әртістер туралы мағлұматтар)

-Фильмдегі әндер туралы мағлұматтар

-Актерлер естелігінен



ҮІ Қорытынды

рефлексия сұрақтары:



  1. Оқиғаны оқығанда мені қызықтырғаны .......

  2. Мен үшін ең әсерлі жері ........

  3. Оқиғадан алған тәрбием ......

Бейнетаспадан Қожаның анты туралы әнді тамашалау

ҮІІ Бағалау

ҮІІІ Үйге Тест сұрақтары арқылы іздену

Б. Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” хикаяты бойынша тест тапсырмалары:

1. “Қожа, сен көшедегі иттерді тәртіпке салу үшін ауылда қалатын болдың” деген кімнің сөзі?

А) Майқанованың  В) Жантастың  С) Жанардың  Д) Оспановтың
2. Қожа Майқанованы ең алғаш қайда кездестіріп еді?

А) мектепте  В) көшеде  С) дүкенде  Д) жиналыста
3. А. С. Пушкиннің “Қысқы кешін” өте жақсы жаттаған оқушы кім?

А) ешкім  В) Жанар  С) Жантас  Д) Қадыров
4. Қожаға әкесін мақтаған қария

А) әжесі  В) Сәйбек  С) Әубәкір  ДӘ Дәуірбаев
5. “Қадыров – түбінде адам болатын бала” деген пікір кімдікі?

А) директордікі  В) Оспановтікі  С) Майқанованікі  Д) Ахметовтікі
6. Қожа: “Адам жанын ол керемет түсінеді”,-   деп кімге баға берді?

А) С. Майқановаға  В) Анфиса Михайловнаға  С) Оспановқа  Д) Ахметовке
7. “Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа,

      Жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа”, – деп кім туралы айтады?

А) Жантас  В) Сұлтан  С) Жанар  Д) өзі
8. “О, қасиетіңнен айналайын, қазақ жері. Осының бәрі сенің топырағыңнан өсіп, өнген кереметтер емес пе?!” Осы сөзден Қожа бойындағы қандай қасиетті көруге болады?

А) әділдік  В) патриоттық  С) тәртіптілік  Д) жомарттық
9. Қожа қай команданың капитаны?

А) “Қайрат”  В) “ Динамо”  С) “Ертіс”  Д) “Спартак” 
10. “Масқара! Сұрай қалса, масқара болдым- ау!” деп Қожа неге өкінді?

А) өлең жаттамағанға  В) есеп шығармағанға С) шығарма жазбағанға   Д) ереже жаттамағанға
11. Оспанов қай пәннен сабақ береді?

А) география  В) қазақ тілі  С) орыс тілі  Д) зоология
12. Қандай сөзді айтқанда Қожаның жүрегі қарс айырылады?

А) әке  В) ана  С) Отан  Д) қазақ
13. “Спартак” “қайраттықтардан” неше болып ұтылды?

А) 7/5    В) 6/6    С) 5/7    Д) 7/6
14. Қай тарау “Бір сәтті кез” деп аталады?

А) 24    В) 4     С) 17    Д) 23
15. Қожаның басы не тәрізді доп- домалақ?

А) доп  В) қарбыз  С) қауын  Д) глобус
16. Хикаят неше тараудан тұрады?

А) 28    В) 30   С) 29    Д) 27
17. Кинофильмде Қожа рөлінде ойнаған кім?

А)  Марат Көкенов       В)Жүсіп Шамузов С) Нұрлан Сегізбаев           Д) Бердібек Соқпақбаев
18. Осы кинофильмді түсірген режиссер

А) Абдулла Қарсақбаев        В) Абай Қарпықов С) Талғат Теменов           Д) Шәкен Айманов

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет