Сабақтың тақырыбы: «Менің атым Қожа»


Топтардың постер жасау сәттері



бет3/5
Дата12.10.2020
өлшемі1,06 Mb.
#64729
түріСабақ
1   2   3   4   5
Топтардың постер жасау сәттері

Түстерді таңдау арқылы үш топқа бөлдім.Топтарда жұмыс жасау ережелерін сайланып, соларға топтарын бағалауды тапсырдым. Білу бөлімінде жаңа бөлімнің мағынасын ашып алу үшін «Миға шабуыл» әдісі бойынша «Балалық шақ адам өміріндегі қандай кезең?» сұрағын қойып, топпен ақылдасып жауап беретіндігін айттым. Оқушылар топпен жұмысқа бірден кірісіп кете алмады. А деңгейіндегі оқушым өз тобындағы балалардың айтқан ойларын тыңдап отырғанымен, өзі қаламын алып жаза бастады. В деңгейіндегі оқушым өз тобында бірден әңгімеге араласып кете алмады.



С деңгейіндегі оқушым тобындағы балаларды тыңдап қана отырды.


А

С

В

«Балалық шаққа» құрастырған топтастырулары бойынша әр топ мүшелері тақтаға шығып постерлерін қорғады. Ойларын жақсы жеткізе білді. «Менің атым Қожа» фильмі туралы мағлұмат жинап келу тапсырылған болатын. Әр топтан қол көтерген оқушылардан жауап алдым. Оқушылар «Менің атым Қожа» фильмі бойынша көргендерін естеріне түсіріп баяндап берді. Түсіну бөлімінде әңгімені әр топқа түсініп оқуын тапсырдым. Әңгімені оқып болғаннан кейін жетекші сұрақтар арқылы түсінгендерін тексердім. Оқушылар сұрақтарға жақсы жауап берді. Топ мүшелеріне әр тапсырма барысында өз тобының мүшелерін бағалап отыруды естеріне салып отырдым. Қолдану бөлімінде үш топқа әр түрлі тапсырмалар берілді. Бірінші топқа Қожа мен Жантастың мінез-құлқын салыстыру. Екінші топқа мәтіндегі барлық кейіпкерлерге мінездеме беру. Үшінші топқа әңгімеден Қожаның ішкі ойын тауып, талдау жасау. А оқушым өз тобындағы оқушыларға ой тастап, бірлесе ойлануға шақырып, белсенді жұмыс жасап отырды. В оқушымның да тобында жұмысқа белсеніп араласып кете алмаса да өз ойын жай ғана ортаға салып отырғанын байқадым. С оқушым өз тобының оқушыларының ойларын мұқият тыңдап отырды, бірақ бұрынғыдай емес баланың сабаққа деген қызығушылығы байқалады. Бірінші топ Қожа мен Жантастың мінез-құлқын Венн диаграммасына салып салыстырып берсе, екінші топ мүшелері мәтіндегі барлық кейіпкерлерге мінездеме беріп ішкі ойын талдап берді.Бұл тапсырмада бақыланып отырған оқушылармының ішінде А оқушым өз ойын айтып, ортаға шығып жауап беріп, белсенді болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет