Сабақтың тақырыбы: «Менің Қазақстаным-менің болашағым»



бет2/3
Дата01.09.2022
өлшемі22,52 Kb.
#148587
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
қазақстан

Арайлым: Тәуелсіз елдің жырын жырлап ғарыштан
Қазағыммен бүкіл әлем танысқан
Келешегі кең өрісті кемелді
Жайна мәңгі Қазақстан гүлстан!
Бекжан: Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін
Көрсең ашық Алатаудың күндерін
Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген
Ұлан –байтақ Республикам бұл менің!
Арайлым: Біздің тәрбие сағатымыз екі бөлімнен тұрады:
1-ші бөлім -Әдеби сазды монтаж
2-ші бөлім-Топтар арасындағы сайыс
Бекжан: Ендеше кезекті Отан, туған жер, туған тіл туралы жырлаған ақындарымыздың өлеңдеріне берейік.
Данияр: Қ.Аманжолов «Атамекен»
Ақниет: Ғ.Қайырбеков «Ана тілі»
Нұржеңіс: Т.Айбергенов «Ана тілі»
Ернұр: Т.Айбергенов «Қазақ даласы»
Амангүл:Ж.Смақов”Отан”
Нұрқанат, Нұржеңіс, Амангүл:Қ.Жұмабаев”Туған өлкем”
Арайлым: Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй-Абай атамыз айтқандай кезекті әнге берейік.
Бекжан: Ендеше Бағжан мен Ақниеттің орындауында «Жаса,Қазақстан!» әнін қабыл алыңыздар!
Арман: М.Мақатаев «Үш бақытым»
Амандық: Д.Әбілев «Туған тілім»
Көрініс:”Қазыбек бидің елшілігі”
Арайлым: Отан –біздің мақтанышымыз. Ол өзінің ұлан –байтақ жрімен, халқымен, ынтымағымен бүкіл әлемді таң қалдырды.
Бекжан: Әбу Сәрсенбаев өз өлеңінде
Мен қатерге қарсы бардым сен үшін,
Көкірегімнен қан төгілді сен үшін
Саған жетер қасиет бар ма жаһанда,
Сен –ұлысың, адам-сенің жемісің.
Арайлым: Рас, шынында да біз ХХІ ғасыр ұрпақтары өз еліміздің жемісіміз. Отанымыз бізді өсірді, жеткізді және алдымызға таудай талаптар қойды. Біз Отанымыз үшін қандай жақсылықтар жасаймыз? Оның сенімін қалай ақтаймыз?
Бекжан: Осы сұрақтарға сыныбымыздың белсенді оқушылары Дания мен Амандық былайша жауап береді.
2 оқушы Отан туралы жазған шығармаларын оқиды.
Арайлым: Отан –ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп-өніп келе жатқан жері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет