Сабақтың тақырыбы: Менің балабақшам Сабақтың мақсаты: балалардың балабақшаға деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту



Дата12.09.2020
өлшемі37,5 Kb.
#63676
түріСабақ

Білім беру саласы: шығармашылық жұмыс.

Бөлімі: өзін-өзі тану.

Сабақтың тақырыбы:Менің балабақшам

Сабақтың мақсаты: балалардың балабақшаға деген сүйіспеншілік

сезімдерін дамыту.

Білімділік мақсаты: еңбекті бағалай білуге үйрету;

Дамытушылық мақсаты: балабақшаға деген құрмет сезімдерін дамыту,

Тәрбиелік мақсаты:айналасындағы адамдарды жақсы көруге құрметтеу.

Көрнекі құралдар: оқулық,суреттер,ватман қағаз,маркер.

Іс-әрекет

кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті.

Мотивациялық

қозғаушылық

Ұйымдастыру іздестіру

Рефлексивті

түзетушілік

Балалармен сәлемдесу. Зейіндерін сабаққа аудару. Дәптерлерін ватман қағаздарын дайындату.

Өткенді еске түсіру.

Дос дегенді қалай түсінеміз?

Өзімізге досты қалай табамыз?

Досың саған не үйретеді?

Жарайсыңдар балалар!

Жаңа сабақты «Шаттық шеңберімен» бастаймыз,балалармен бірге Е.Өтетілеуовтың «Ізгі сөздер» өлеңімен бастаймыз.

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға,

Ертемен ақ пейілмен:

«Қайырлы таң!»-деймін мен.

Үйге кешке келемін,

«Кеш жарық !»-деп кіремін.

Керемет! Ал сендер үйде балабақшада осындай сөздер қолданасыңдар ма?

Ертеңгісін кешке қалай амандасамыз,

тағыда қандай әдепті сөздер қолданамыз.

Әңгіме барысында ватман қағаздар дайындалады,балабақша суретін жапсырып көрсетеді.

Шығармашылық жұмыс.

«Өз үйім-менің бірінші үйім,бала

бақшам-екінші үйім » тақырыбында әңгімелесейікшібалалар.

Үйімізде кім бізді қарап күтеді?

Ал балабақшада бізді кім қарсы алады?

Әңгімелеу.М.Әлімбайдың

«Біздің балабақшада» өлеңін оқып

беріп,балалармен бірге қайталау.

Дәптермен жұмыс

Балалар дәптердегі балабақша үйінің ауласын безендіріп гүлден-

діреді,балабақшаға деген жылы тілектерін айтқызу.

Сергіту сәті

Балалар Е.Өтетілеуовтың «Бала,

бала баламыз» өлеңін бірігіп айтып өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыс жасайды.

Ғажайып сөздер.

Үйренгенөнегелі сөздерді балалармен бірге қайталау.

Бүгінгі сабағымызды қорытындылайық балалар жарайсыңдар!

Үй тапсырмасы балабақшаға барған кездеріңді әңгімелеп айтып беру

Жүректен жүрекке.

Балалар шеңберге жиналып ойыншық жүрекшелерді алып

балабақшада жұмыс істейтін

апайларына өз жылы тілектерін айтады.

Жарайсыңдар балалар !сендер өте жақсы жұмыс істедіңдер,өте жақсы

сөздер айттыңдар, рақмет сендерге!

Балалардың жауаптары тыңдалады?

Балалардың жауаптары тыңдалады.
Балалар жауап беріп, суреттерді көрсетіп

ватманға жапсырады.


Балалар бірге өлеңді

қайталайды.


Жылы тілектерін айтады.

Балалар өлеңмен бірге қимыл-қозғалыс жасайды.

-Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Кеш жарық!

Рақмет! Сәлем!-деп

балалар бір-біріне айтады.


Балалар өз тәрбиешілері

не жылы тілектерін

айтып,жүрекшелерін

ұжымдық жұмыстардың

қасына жапсырады


Нені білу керек? Үлкендердің еңбегін бағалауды,

Нені игереді? Жақсы көру құрметтеуді,сурет бойынша әңгімелеуді.



Нені біледі?Ізгі сөздерді қолдануды оны өмірде пайдаланып айта алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет