Сабақ жоспары
1-сынып
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Менің бөлмем және бөлме заттары. Қайталау сабақ.
Сабақтың мақсатты:
1. Білімділік оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін бекіту, тілдесім әрекеттерін жандандыру. Ол мақсаттарды түрлі әдістермен қолдану. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі меңгерту.
2. Тәрбиелік. Оқушыларды сабақ барысында тәртіптілікке, бір-біріне көмек
қолын беруге даярлыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық. Тақырып бойынша оқушылардың сауатты оқу, сөйлеу, жазу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: презентация, интерактивтік тақта
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Оқыту әдісі: сөйлесу, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
-Қазір қандай жыл мезгілі?
-Көктем айлары?
-Ауа райы қандай болады?
-Қандай гүлдер шығады? /тақтада көрініп тұр/ Бәйшешектің суреті
Қызығушылығын ояту: Балалар тақтаға назар аударайық! Мынау кім? Гоу, Диего Гоу. Диего орыс және ағылшын тілдерін жақсы меңгерген. Біздің міңдетіміз оған қазақ тілінің үйренуге көмектесу.
Негізгі кезең:
Сабақтың мақсатын айту.
1. Тапсырма: Сөз тіркестерің құрастыр / Биік үй, әдемі гүл, менің бөлмем,үлкен терезе, таза бөлме, жабық есік, үлкен шам , үлкен айна, аласа үй, кішкентай үстел.
2.Тапсырма: 1-топ«Қай әріпті жоғалттым?» Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, олардың не жуан, не жіңішке сөз екендерін анықтау.
Айна – жуан сөз, терезе – жіңішке сөз, гүл – жіңішке сөз, орындық – жуан сөз, бөлме – жіңішке сөз, шам – жуан сөз.
2-топ- Көмекші есімдермен жұмыс жүргізу /Үстелдің үстінде кітап жатыр. Диванның үстінде мысық отыр. Орындықтың астында доп жатыр.
3.Тапсырма: синквей әдісі қолдану.
1-топ
Үй
Үлкен, жылы,
Тұрамын, тамақ ішемін, сөйлесемін
Менің үйім әдемі
Ұя
2-топ
Бөлме
жарық, таза
жатамын, ойнаймын, демаламын
Мен бөлмемде сабақ істеймін.
Кабинет.
4.Тапсырма: «Үй» және «бөлме» сөзге постер жасау.
Сбақты бекіту.
Бүгін сабақта не істедік?
Қорытынды. Рефлексия: «Білім» ағашы.
Үй тапсырмасын беру
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағаламын.
Сабақ аяқталды. Сау болыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |