Сабақтың тақырыбы: Мен баскетбол ойнаймын



Дата12.03.2018
өлшемі64,28 Kb.
#38977
түріСабақ
Сынып: 3

Мерзімі: 01.03.2017 ж.

Сабақтың тақырыбы: Мен баскетбол ойнаймын

Сабақтың мақсаты: Тақырып төңірегінде диалог құрастыра білу дағдыларын қалыптастыру, жіктік жалғауды меңгерту, сөздік қорларын , ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: диалогтық оқыту, айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым дағдылары, ойын

Көрнекі құралдар: қағаздан жасалған гүлдер, қорапша, рефлексияға арналған сурет, бағалау доптары, интербелсенді тақта(бейнеролик, музыка), доп

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу


Оқушылардың қалдарын сұрау

Психологиялық ахуал

«Көктем келді» бейнеролигін көру, тыңдау, бірге ән айту (бейнеролик жүріп жатқан кезде, үш ұл қазаздан жасалған гүлдерді таратып жүреді)

Сұрақ қою:

  • Қазір қандай жыл мезгілі?

  • Қандай ай?

(суретттерге назар аударту)

  • Дұрыс айтасыңдар қазір көктем мезгілі, терезеге қарандаршы күн жылынды, көктем мезгілі келді, мен сендерді көктемнің бірінші күнімен құттықтаймын! Бүгінгі сабақта жақсы баға алуларыңды тілеймін. Әрбіреуіңе осындай гүл сыйлаймын.

  • Бүгін қандай күн?

  • Аптаның қай күні?

  • Қазір қандай сабақ?

  • Бүгін дене тәрбиесі сабағы бар ма?

  • Дене тәрбиесі сабағында біз не істейміз?

( жүгіреміз, секіреміз, ойнаймыз)

  • Дене тәрбиесі сабағында қандай ойындар ойнауға болады? (баскетбол, валейбол т.б)

  • Менің қолымда не? (допты көрсету)

  • Бұл қандай доп? Осы доппен біз қандай ойын ойнамыз?

Дұрыс айтасыңдар «баскетбол ойынын» ойнаймыз.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын, барысын айту.

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

Мен баскетбол ойнаймын.

-Біз сабақта не істейміз деп ойлайсыңдар?

Сабағымыздың мақсаты баскетбол ойыны жайлы қазақша диалог құрастыру.

Тақырыпқа байланысты тапсырмаларды орындау.

Сабақта кім көп баскетбол доптарын жинайды, сол жақсы баға алады.

(Тақтадағы бағалау критерийлеріне назар аударту)



Үй жұмысын тексеру:

«Аудармашы» ойынын ойнату арқылы сөздерді сұрау

Тақтаға бірнеше оқушыны шақыртамын, тағы бір оқушы мұғалім болады өткен тақырыптардан орысша сөздерді айтып отырады, тақтаға шыққан оқушылар тез жауап берулері тиіс, осылайша оқушылар тізбектеп бәрі бір сөзден сұрайды.



1 – тапсырма

Наурыздың бірі

Мен баскетбол ойнаймын

Жазылым:

Етістікті жіктеу

Жекеше Көпше

Мен баскетбол ойнаймын Біз баскетбол ойнаймыз

Сен баскетбол ойнайсың Сендер баскетбол ойнайсыңдар

Сіз баскетбол ойнайсыз Сіздер баскетбол ойнайсыздар

Ол баскетбол ойнайды Олар баскетбол ойнайды

Сергіту:

(Музыка әуенімен орындалады)

Тапсырманы орындату:

Мұғалім Оқушылар хормен (әр қайсысы)

Орнымыздан тұрамыз Мен орнымнан тұрдым

Қолды иыққа қой Мен қолымды иыққа қойдым

Қолды белге қой Мен қолымды белге қойдым

Бір орнында жүр Мен бір орнымда жүрдім

Секір Мен секірдім

Орныңа отыр Мен орныма отырдым

Оқылым:

2 – тапсырма:

Диалогты оқу, аудару



3 – тапсырма:

Жұптық жұмыс

Тақырыптың төңірегінде диалог құру



Тыңдалым

Оқушылардың құрған диалогтарын тыңдау

4 – тапсырма:

«Доп»

Тапсырма беріп орындату:

Допты ал Допты лақтыр

Допты бер Допты ұста

Допты жерге соқ Допты қой


Сабақты қорытындылау:

«Еркін микрофон» әдісі

Тақтаға шығу, қораптан қағаз алып шығып, орысша сөйлем алып шығып дауыстап оқу, оны аудару


Аударып айт:


После баскетбола пойду домой.


После баскетбола мы играли в валейбол.


Баскетбол интересная игра.


Я много бегаю.

Игра была инстересной


Это наш спортзал


После третьего урока четвертый урок - урок физкультуры




Сейчас урок физкультуры


Я положил руки на плечи


Это баскетбольный мяч


Это баскетбольная площадка


Я взял баскетболный мяч




Бағалау

Сабақ барысында оқушылардың жауабына сай «баскетбол доптары» таратылады, соңында доптар саналып оқушылар бағаланады



Доп саны

4 - 6 доп

3 доп

1-2 доп

Баға

5

4

3

Рефлексия. Стикерге сабақ тақырыбына байланысты 3 сөз жазу, тиісті суретке жапсыру.

Доп себеттің ішінде. (Бәрін білдім, сабақты жақсы түсіндім)

Доп себетке жақын тұр. (Түсінбеген жерлерім болды)

Доп себетке ұшып барады. (Сабақты толық түсінбедім)



Үйге тапсырма : 7-тапсырма,175 – бет, жаттау
Мұғалімнің өзі өткізген сабағын талдауы
1 наурыз күні 3 «а» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Мен баскетбол ойнаймын» атты ашық сабақ өткіздім. Сабақ жоспарын құруда мен өз әріптестерімнің көмегіне жүгіндім. Әр түрлі пікірлер мен ұсыныстарды, сонымен қатар оқушылармен күнделікті сабақта жүргізілетін жұмыстарды, оқушылардың қабілеті мен жас ерекшеліктерін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін ескере отырып, сабағымды жоспарладым.

Оқушылардың қазақ тілі пәніне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында сабағымды жоспарлауда оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдануға тырыстым. Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың байланыстыра сөйлеу, сөздік қорларын молайту көзделді. Айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым, тілдесім дағдыларының әрқайсысының сабақта орын алуына аса назар аудардым. «Ойын арқылы оқыту», «Диалогтық оқыту», «СТО» технологияларының элементтерін сабақпен ұштастыра өткізіп, оқушылардың ойын, қиялын, есте сақтау дағдысын қалыптастыру қарастырылды.

Сабақты беру барысында сабақтың әр кезеңіндегі жоспарланған іс-әрекеттердің барлығының толығымен орындалуына, оқушылар белсенділікпен әрбір тапсырманы берілген уақытты тиімді пайдалана отырып орындап шыққандарына қарағанда сабақ жоспарланған мақсатына жетті деп санауға болады. Тек сабақтың ұйымдастыру кезеңіндегі техникалық себептер бойынша видеоролик көрсету мүмкіндігі болмай, «Көктем келді» әнін тек тындау мүмкіндігі ғана болды, сонда да бұл сабақтың ұйымдастыру кезеңінің өз мақсатына жетуіне еш кедергісін тигізген жоқ, оқушылар көңілді әнді тыңдап, әннің сөзіне көңіл бөліп, назарларын сабаққа аударды.

Сабақ басында оқушылар бағалау критерийлерімен танысты, жақсы баға алулары үшін, 4-6 көлеміндегі «Баскетбол доптарын» жинау керек болатын, сабақ соңында 6 доп алған балалар саны аз болды, 2-3 доп қана жинап, бірақ өздеріне берілген тапсырманы жоғары деңгейде орындап шыққан (диалогты жақсы құруы, үй тапсырмасы бойынша сөздерді жатқа білуі, сөйлемдерді жақсы аударуы) оқушылар болды. Сондықтан сабақтың әр кезеңінде оқушыларды бағалауда өте жақсы жауаптарға 2 доптан беріп отыруым керек еді деген ой түйдім. Бұл ретте оқушылар маған көмекке келді, олар бір-бірінің жауабын талқылай отырып, бірін -бірі бағалады.



Оқушылар сабақта шағын диалог құрастыра білді, диалогтағы мұғалімнің, сыныптастарының сөзін, шағын ақпараттарды түсініп, басты ақпаратты аңғарды, негізгі ойларын білдірді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кобжасарова Б.К.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет