Сабақтың тақырыбы Менің үйім Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет17/47
Дата14.12.2021
өлшемі1,33 Mb.
#127000
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47
Байланысты:
Тайжанова ҚМЖ өзін-өзі тану
Оќу јдістемесі , Оќу јдістемесі
Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Күні: 24.02

Сынып: 1

Мектеп: Капитоновка ОМ

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Менің Отаным

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Қазақстан – барша қазақстандықтардың Отаны. Кіші Отан.Туған үй, туған қала, ауыл туралы түсінік.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.


Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.



Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут


Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Шаттық шебері





Сабақтың ортасы

8 минут




Оқулықта берілген мәтінмен танысу.

Сұрақтарға жауап беру.

Тапсырмаларды жеке,жұптық,топтық ортада орындау.

  Отан…Бұл сөз — әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Осы сөздің астарында қанша мағына жатыр десеңізші?! Отан дегеніміз —  туып өскен жерің, Отан дегеніміз – 75 жыл Кеңес Одағының құрамында болып, дербестік пен тәуелсіздікті мүлде жоғалтқан қазақ халқының бастан кешкен тарихы, Отан дегеніміз — ел бірлігін, бостандығын, елін, жерін қайтсек сақтап қаламыз деп құрбан болған апаларымыз бен есіл ерлеріміз. 

    Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным — сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке — Қазақстан.

    Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған даусы құлағыма келеді.

    Қазақстан — тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті.Әсіресе,  XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.  

                              


Таныстырылым, оқулықпен жұмыс



Сергіту сәті

1 минут


Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.


Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет