Сабақтың тақырыбы Менің мектепке баратын жолым. О дыбысы мен әрпі



Дата12.03.2018
өлшемі104,01 Kb.
#39213
түріСабақ
Оқу ісінің меңгерушісі:

Күні: 21. 10. 2016

Сынып: 1 «Ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Менің мектепке баратын жолым. О дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.9.1. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.1.7.1. тыңдалған мәтінге өз көзқарасын білдіру.

1.2.1.1. сөз/сөйлем сызбасын оқу.

1.3.8.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғары, төиенгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу



Сабақтың мақсаттары

Барлығы: О әрпімен танысады.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.


Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.



Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

О дыбысы мен әрпі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут


- Сәлем, Алтын күн!

- Сәлем, Жер ана!

- Сәлем, Достарым!

- Сендерді көргеніме қуаныштымын!

«Ойлан, тап» Балалар, Сауат ашу бізге не үйретеді?

- Әріп деген не?

- Дыбыс деген не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

- Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

«Сөз ойлан» Алма, Нан, Лақ, Радио ( қазақша, орысша ағылшынша айту)


Шаттық шебері

Ширату


Сабақтың ортасы

8 минут
Т.А.



1 Тыңдалым.

- Ал, балалар, ойнайық.


Ойнайық та ойнайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.
1. «Оюда» бармын,
«Допта» бармын,
«Түнде» жоқпын.
Мен сонда қандай дыбыспын? (О)
«О» дыбысын 3 рет хормен қайталап айтқызу.
Осы дыбыспен сөздер ойлау.Мектепке келетін жолыңда кездестірген заттарды есіңе түсір. Қайсысында «О» дыбысы кездеседі? «Жол, автобус,т. б» Буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау.
- «О» қандай дыбыс?
- Ол сөздің қандай буындарында кездеседі?

- «О» әрпінің баспа түрімен, жазба түрімен таныстыру.

- Аудиожазбаны тыңдату, оқушылардың мәтіндегі оқиғаға көзқарастарын сұрау Айтылым


Таныстырылым, оқулықпен жұмыс



Сергіту сәті

2 минут


Аяқпенен топ-топ-топ.

Ал қолменен хоп-хоп-хоп.

Бір оңға, бір солға,

Айналайық, кел, мұнда.

Қолымызды бір сілтеп,

Басымызды шайқайық.

Бір оңға, бір солға,

Ойнайықшы, кел, мұнда.

Секіреміз жоғары, қиын емес секіру

Бір оңға, бір солға

Секірейік, кел, мұнда!


Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма

8 минут О



2 Оқылым.

ОР ОЛ ОН
ОРАЛ ОЛАР ОРА



Түрлі тапсырмалар

Аяқталуы Ж.
10 минут

№3 Сыныптасыңмен ізденуді ұйымдастыр.

Олар....................

Олар.....................

Дәптермен жұмыс. Жазылым

Оқулық, дәптерлер.



Сабақтың соңы

2 минут



Рефлексия


Смайликтер



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру. ҚБ



  • Дыбыстық талдау: оқушы. Орақ

  • Жолда ойнауғаи болмайды. Сөйлемді сызба арқылы көрсет.

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет