Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Оқушыларды ынталандыру мақсатын мадақтау арқылы бағалау
|
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып қосымша ақпаратпентанысады.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1-тапсырма: Оқулықта берілген Халқымыздай айбарлы, рухымыздай заңғар атты мәтінін оқы. Бірге, бөлек, дефис арқылы жазылған сөздерді талда.
2-тапсырма:Тірек сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, мәтіннен қажетті сөйлемдерді тауып, ретімен толықтырып жаз.
биікке, әлемге, тұғырда
|
мүсіндері тұр, халық шежіресін
|
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Мәтінді оқиды. Бірге, бөлек, дефис арқылы жазылған сөздерді талдайды..
2. мәтіннен қажетті сөйлемдерді тауып, ретімен толықтырып жазады.
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
3-тапсырма: Сәулет өнері туындыларын салыстыр. «Кешегі және бүгінгі Тараз» тақырыбына сипаттама бер. Нақты және қосымша мәліметтер арқылы негізгі ойды анықтап айт.
Дескриптор: Жалпы -3балл
3. Сәулет өнері туындыларын салыстырады. «Кешегі және бүгінгі Тараз» тақырыбына сипаттама береді. Нақты және қосымша мәліметтер арқылы өз ойын анықтап айтады.
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|