Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан Бөлім: 1-бөлім


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі



бет85/86
Дата18.01.2023
өлшемі10,68 Mb.
#165825
түріСабақ
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86
Байланысты:
6 сынып қазақ тілі 1-тоқсан

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Оқушыларды ынталандыру мақсатында мадақтау арқылы бағалау

Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып қосымша ақпаратпентанысады.




Тапсырмалар айдарындағы 1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1-тапсырма: Төмендегі жоспар бойынша Қазақстанның қазіргі сәулет өнері туралы мәтін құрап жаз.
1. Қазақстанның сәулет өнері – мәңгілік құндылықтар.
2. Сәулет өнеріндегі бүгінгі жетістіктер – халық қазынасы.
3. Қазақ сәулетшілерінің еңбектері – мәдени мұралар.


2-тапсырма:Алматы және Астана қалаларындағы ғимараттарды салыну жылдарына қарай диаграммаға түсіріп, сипатта.
Медеу мұзайдыны
«Думан» ойын-сауық орталығы
Бейбітшілік және келісім сарайы
Алматы Арена

Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Тапсырмада берілген жоспар бойынша Қазақстанның қазіргі сәулет өнері туралы мәтін құрап жазады.
2.Алматы және Астана қалаларындағы ғимараттарды салыну жылдарына қарай диаграммаға түсіреді және сипаттайды.

ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.




Тапсырмалар айдарындағы 2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

3-тапсырма: Аптаның жеті күні бойынша өз күн тәртібіңді жаз. Бөлек және бірге жазылатын сөздердің астын сызып, жазылу ережесін түсіндір.


4-тапсырма: «Қазақстанның сәулет өнері» тақырыбына келісу/келіспеу
эссесін жаз.
Үлгі:
Бір сөйлемнен тұратын тезис құрастыр.
Ақпарат жина.
Жоспар құр.
Кіріспе (эссенің 30 %-ы).
Негізгі бөлім (эссенің 60 %-ы).
Қорытынды (эссенің 10 %-ы).

Дескриптор: Жалпы - 4 балл
3. Аптаның жеті күні бойынша өз күн тәртібін жазады. Бөлек және бірге жазылатын сөздердің астын сызып, жазылу ережесін түсіндіреді.
4. Үлгі бойынша «Қазақстанның сәулет өнері» тақырыбына эссе жазады.

ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.

Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет