Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан. Дайындаған: 7 "ә" сынып жетекші Абдрахманова Э



бет1/24
Дата30.03.2018
өлшемі5,68 Mb.
#39896
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
С.Сейфуллин атындығы жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекетік мекемесі

Сабақтың тақырыбы:  

Менің  Отаным - Қазақстан.



Дайындаған: 7 "ә" сынып жетекші Абдрахманова Э.

2015-2016 оқу жылы.

Сабақтың тақырыбы:  Менің  Отаным - Қазақстан.

Сабақтың мақсаты:  

Білімділік: Оқушылардың ителлектуалды білімдерін кеңейту, Отанымыздың басынын кешкен тарихи оқиғаларды, сан жылдар бойы еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен ұлы тұлғалармыз туралы алған білімдерін шыңдау.

Дамытушылығы: Ұлттық сана, рухтық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылық ойлау  қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Елін сүюге,халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу

Көрнекілігі:  Нақыл сөздер, слайд

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.



Ой шақыру

  • Қазақ даласындағы ең алғашқы заңдар туралы не білесіздер?

  • «Жеті Жарғы» заңдар жинағының авторын білесіздер ме?

 Қазақ халқының бірнеше ғасырлық өмір тәжірибесінде әр істің, салт -сананың реті мен жөн-жобасы болады және барлық жұмыс соған сәйкес атқарылады. Ұлттық ырым-тыйымның, әдеп-үлгісінің жұптасқан немесе топтасқан құрамы халықтың әдет-ғұрпын, жол-жоралғысын құрайды.

Қазақ заңдарының тарихында «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын заң ережелерінің орны бөлек. Кейін ХҮІІ ғасырда мұны Есім хан түпкілікті қолданып, заң күшіне толық енді. Мұны халық «Есім ханның ескі жолы» деп атады. Жоғарыда аталған екі заң ұлы хан, Әз Тәуке тұсында одан әрі жетілдіріп, жаңа құқықтық тараулар енгізілді. Ақыл-парасаттың арқасында Әз Тәуке аталған ханның тұсында «Жеті Жарғы» атты қазақ әдет-ғұрып құқығының тамаша ескерткіші туды. Ұлы билермен ақылдаса отырып, Әз Тәуке шығарған «Жеті Жарғының» өзіне дейінгі дәстүрлі заң жобаларының шырынын бойына сіңіре туындағаны хақ.

Халқымыздың құқық, билік, сот ісі жөніндегі көңіл аударарлық заңы 1885 жылы Семейдің Қарамола съезінде Абайдың қатысуымен жазылған Ереже.

Бұл заңдардың жақсы жағы сақталып, жеке адамның бас амандығы, ар-намысы мен мал мүлкін қорғау мәселелері баса айтылады. Тәлім-тәрбие беру мен ел ынтымағын сақтауға қатты көңіл бөлген.



«Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы»

  • Мүлік заңы

  • Қылмыс заңы

  • Әскери заң

  • Елшілік жолдары

  • Жұртшылық заңы

Жеті Жарғы

  1. Тіл тигізу, балағаттау, ұру, денеге зақым салуға қатысты берілетін жазалар

  2. Кісі өлімі, оған салынатын айып

  3. Ұрлық, барымта

  4. Зинақорлық, зайыбының көзіне шөп салу

  5. Әдептілік, ата-ананы сыйлау, үлкендер сөзіне құлақ салу

  6. Жеті ата ішінде қан араластырмау

  7. Елді мекен, көшіп-қону, жер дауы

ҚР конституциясының құрылымы

ҚР Конституциясы

  1. Жалпы ережелер

  2. Адам және азамат

  3. Президент

  4. Парламент

  5. Үкімет

  6. Конституциялық Кеңес

  7. Соттар және сот төрелігі

  8. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзін басқару

  9. Қорытынды және өтпелі ережелер

“Конституция”- латын тілінен аударғанда “құрылыс” деген ұғымды білдіреді. Қазақша мағынасы- ел, мемлекет болудың тетігі деген сөз. Онда маңызды үш мәселе –мемлекеттік және қоғамдық құрЫлыс, адамның немесе азаматтың құқықтық мәртебесі және мемлекеттік органдардың қызметтік жүйесі қамтылған.
Тауды биік деме сен,

Талаптансаң шығарсың.

Жауды мықты деме сен,

Білімді болсаң жығарсың, -дегендей бүгінгі «Менің Отаным -Қазақстан» атты интеллектуалды ойынымызды бастаймыз.

 Ойын барысы:



І бөлім:      Таныстыру

ІІ бөлім:     Кім тапқыр?

ІІІ бөлім:    Жұмбақ жылдар

ІV  бөлім:   Жұмбақ оқиғалар

V бөлім:     Жұмбақ кейіпкерлер

VІ бөлім:    Кім жылдам?

VІІ бөлім:    Постер қорғау.

І бөлім

Таныстыру:

Топтың аты: Төсбелгі (1 ұпаймен бағаланады)

І топ   Жас Қыран ІІ топ Бәйтерек  ІІІ топ Самұрық  

 ІІ бөлім, Өрмекші торы стратегиясы.



Сергіту сәті (әр топқа 9 сұрақтан қойылады, 1ұпайдан бағаланады)

І топ сұрақтары

1.Еліміздің Астанасы тұрған өзен                                1. Е с і л

2.ҰОС –на қатысқан қазақ қаһарман қыздары           2.Әлия Молдағұлова
Мәншүк Мәметова

3 «Қазақ» газетінің редакторы                                      3.А.Байтұрсынов

4 Абылайдың шын аты                                                  4.Әбілмансұр

5.ҚР –ның туының авторы                                            5.Ш.Ниязбеков

6.ҚР-ның тәуелсіздігіне неше жыл?                            6. 20 жыл

7.«Абай жолы» романының авторы  7. М.Әуезов


8.Астана қаласының бұрынғы атауы  8. Целиноград
9.Түркістан автономиясының төрағасы  9. М.Шоқай

ІІ топ сұрақтары

1.Мемлекеттік рәміздерді ата.                                      1.Ту ,Елтаңба, Әнұран.


2.Еліміздің Ғарышкерлерін ата .                                 2. Т.Аубакиров;
Т.Мұсабаев
3.Шыңғысханның заңы.                                                3.Яса .            

4.«Асар жасау» дәстүрі нені білдіреді.                      4.Көмек беру

5.Қазақ хандығын құрған кімдер.                     5.Керей мен Жәнібек 6.Қазақтың соңғы ханы 6.Кенесары
7.Жас кезінде «Сабалақ» атанған хан.                     7. Абылай
8.Ежелгі елдерді байланыстырған сауда байланысы.                                                        8.Ұлы «Жібек жолы" 9.Йасы қаласының қазіргіт атауы.                           9.Түркістан


ІІІ  топтың сұрақтары:


  1. ҚР-ның елтаңба авторлары 1.Шота-Аман Уалиханов,
    Жандарбек Мәлібаев

  2. «Алтын адам »табылған жер 2.Есік қорғаны, Алматы

  3. 30 тамыз қандай мереке?         3.Конституция күні

  4. Ақмола қаласының орталығы 4.Көкшетау

  5. 5.Астана қаласының символы          5.Бәйтерек

  6. Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған ел?      6.Түркия

  7. Халықтардың әдет-ғұрып,салт- дәстүрін зерттеитін ғылым? 7.Этнография

  8. Қазақстанның ең биік шыңы?         8.Хан -Тәңірі

  9. Алматы қаласының бұрынғы аты? 9.Верный

 

ІІІ бөлім.  Жұмбақ жылдар.

І топ  сұрақтары

  1. 603-704ж.ж  1.Батыс Түрік қағанатының кезеңі

2.1986 жыл                                                  2.Желтоқсан қозғалысы

3.870-950жыл                                              3.Әл-Фарабидің өмір сүрген жылдары

4.1998 ж. 6 мамыр                            4.Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ақмола
қаласын Астана деп атауға шешім қабылдады

5. 1998ж. 10маусым  5.Жаңа Астана тұсау кесер тойы болды 


ІІ топ сұрақтары

1. 552-603ж.ж                                 1.Түрік қағанатының тарихи  мерзімі

2. 1954 ж.                          2.Тың және тыңайған жерлерді игеру

3. 1991 ж. 2қазан                    3. Қазақ ұшқышы  Т.Әубәкіров ұшты

4. 1961 ж . 12 сәуір                           4.Тұңғыш адам баласы ғарышқа ұшты.
Ю.А. Гагарин

5.1991 ж.  10 желтоқсан                 5. Елбасымыз ел алдында өзінің

Президенттік антын қабылдады.

  

ІІІ топ сұрақтары

1.1945ж 9мамыр                                               1. Жеңіс күні

2.2011 жыл қысқы ойын                             2.Қысқы VII Азияда олимпиадасы

3.756-940 жылдары                                         3.Қарлұқ қағанатының кезеңі

4.1993ж . 15 қараша                                        4.Ұлттық теңгеміз айналымға


енгізілді

5.704-756ж.ж                                                   5.Түргеш қағанаты



ІV бөлім. Жұмбақ  оқиғалар
І топ сұрақтары 

Бұл оқиғаның қазақ халқына тигізген азабы, қайғы қасіреті, аштығы мен қайыршылық халге душар етуі өте ауыр болды. Мың- мыңдаған адам қырылды немесе тұтқынға айдалып кетті .Жүдеген ,мыңдаған ауыл қырғынға ұшырап , мал-мүлік талан –таражға түсті , бір кезде гүлденген қалалар  жау қолында қалып , аяусыз қиратылды.Қазақтар басынын кешірген  сол ауыр қайғы – қасіреттің  символы «Елім — ай » атты зарлы жыл болды.

Сұрақ:Бұл оқиға тарихта қандай атпен қалды?

Жауабы:  «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деп аталады.

ІІ топ     с ұ р а қ т а р ы:

Бұл оқиға 1730 жылы Балқаш көлінің оңтүстік —  батыс жағындағы Итішпес Алакөл деген жерде болды. Оған қазақтың үш жүздің жасақтары қатысты. Осы жерде қазақ жағынан Сабалақ (Абылай хан атағы) Жоңғар жағынан Шарыш шығып, қазақ батыры жеңген . Мұның өзі қазақ жауынгерлерін арқаландырып , жігеріне жігер қосқан . Бұл шайқаста қазақтар жоңғарларға естерінен тандыра күшті соққы берді.

Сұрақ:   Жеңіс тапқан бұл шайқас қалай аталады?

Ж а у а б ы: Аңырақай шайқасы

 

ІІІ топ сұрақтары

 Ойламаған жерден қазақ – қырғыз шекарасында Алмалысай жайлауындағы Кекілік тауында қоршауда қалады. Наурызбай батыр өз жасағыман қоршауды бұзуға ұмтылады. Басшы оған  «Біз  мүмкін қоршауды бұзып шығарамыз, ал қалғандары қайтеді? Олардың бәрі қырылады гой .Егер хан басыммен қашып кетсем не болғаным»? ,- деген екен . (қырғыз) Қалығұл Әлібеков оның басын шауып, Ресей басшысына  әкеліп береді де, 500 сом күміс ақша алады .

Сұрақ: Осы оқиға қай ханға байланысты айтылған?

Ж а у а б ы :  К е н е с а р ы
Бейнежазу: "Менің отаным - Қазақстан!"

V Бөлім. Жұмбақ  Кейіпкерлер 

І топ сұрақтары

30 жыл қысқа өмірінде  тарихи – этнографиялық материалдар  жинап , артында «Қырғыз туралы жазбалар», «Ыстық көл күнделіктері» деген еңбектерін қалдырған әйгілі ғалымды ата

Ж а у а б ы :       Шоқан Уәлиханов

ІІ топ сұрақтары:

Абылайдың ең жақын кеңесшісі, әрі сенімді серіктестерінің  бірі болған би, әрі дипломант, қазақ шежіресінің білгірі

Ж а у а б ы :    Бұхар Жырау

 ІІІ топ сұрақтары

Қазақстанда 1916 жылы өріс алған ұлт  – азаттық көтерілістің басшысы. Торғай уезі Қайдауыл облысының 3 ауылында  кедей шаруа отбасында туған. Ол байларға жалшы болады, еңбекші халықтың  тартқан қайғы —  қасіретін , ауыр тұрмысын көтереді .1905-1907жылдары орыстың бірінші революциясының азаттық идеясы ықпалымен шаруалардың байларға  қарсы күресіне қатысқан қолбасшы.

Ж а у а б ы:          Амангелді  Иманов


 VІ бөлім: Кім жылдам?
І топ сұрақтары

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы туған .Биыл ұлы Абайдың туғанына қанша жыл ?

Жауабы : 170 жыл. 2015- 1845 = 170 жыл

ІІ топ сұрақтары


1991 жылы Қазақ елі өз тәуелсіздігін алды. Тәуелсіздігімізді алғанымызға биыл неше жыл?

Жауабы: 2015-1991=24жыл

 ІІІ топ сұрақтары


Адамның екінші ұрпағы  25  жасында дүниеге келетін болса, 4-ші ұрпағы орта есеппен қанша жыл шамасында дүниеге келеді? Оны кім деп атайды?

Есеп : 25+25+25=75

Жауабы: 4 – ші ұрпағы 75 жасында дүниеге келеді және оны шөбере деп атайды.

VІІ бөлім:    Постер қорғау
Қазақстан туралы, Қазақ хандығының 550 жылдығына, өз ауылы Бадам елді мекені туралы 3 топқа тапсырма беріледі.

Қорытынды: Ұпай сандарын санап қай топтың жеңіске жеткенін көрейік.



Міне балалар, бугінгі сабақта сіздер қазақ елі туралы көптеген мағлұмат алдыңдар сенемін. Назарларыңызға рахмет!




Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет