Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан. Сабақтың мақсаты



Дата25.08.2017
өлшемі42,26 Kb.
#26566
түріСабақ
Пән: Қазақ тілі

Орыс тілді мектеп, шағын орталық, даярық топ.Павлодар қаласы.



Мұғалім: Ахатова Т.С.

Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Балалардың сабаққа қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттыру,тақырып бойынша сөздік қорын молайтып, түсінік беру.

2. Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, көпшілік алдында білімдерін көрсете білуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Отанын сүйуге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.



Өзектілігі: Сөздік қор. Ұйымдастыру формасы: жеке, жұптық, топтық.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ- жауап, тыңдау- қайталау, жаттықтыру, көрнекілік. Модульдік және ойын технологиялары.

Көрнекіліктері: Әліппе- дәптер, суреттер, сызбалар, карта, шарлар, доп, жұлдызшалар, интербелсенді тақта.

Сабақтың ұраны: «Бір сөз болса да дауыстап айт,

Ең бастысы- үнсіз қалма»



Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Өткен тақырыпты қайталау

  3. Жаңа тақырып

  4. Бекіту

  5. Қорытынды

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. А)–Сәлеметсіңдер ме, балалар?

  • Сәлеметсіз бе, Т.С.

Ә)-Балалар, бүгін бізге қонақтар келді, қонақтармен амандасайық!

2. Психологиялық кезең:

А) Қоян, қоян! Ертерек тұршы...

Ә) Балалар бір- біріне сәттілік тілейді

3. 3 топқа бөліп, орындарына отырғызу.

II. Өткен тақырыпты қайталау.

Мақсаты: Өткен сабақта меңгерген білімдерін жүйелеу және бекіту.


  1. Интербелсенді тақтада киімдердің суреттері:

  • Балалар,қараңдар ненің суреті?

  • Бір сөзбен қалай айтамыз?

  1. Топпен жұмыс

Әр топқа суреттер таратылып, тапсырма беріледі. Өздік жұмысы:

1 топ – Мынау не?(Суреттегі киімдердің атауын айтады).

2 топ – Мынау менің ... .(Көйлегім, шалбарым, тоным...).

3 топ – Мен ... киемін.(Тон, құлақшын, қолғап ...).



  1. Жұппен жұмыс. Тілдесім(диалог).

Бір- біріне сұрақ қояды.

  1. Жеке жұмыс (аудирование).

Ойын «Мен саған – Сен маған».

(Мен балаларға доп лақтырып, сөз айтам, олар маған сол сөздің аудармасын айтып, допты қайтарады.Сосын топтағы балалар бір- бірімен осылай ойнайды.)



  1. Жаңа сабаққа кіріспе. Ой шақыру.

  • Балалар, мына суреттерге қараңдар.Мынау қандай киімдер?

  • Бұл киімдерді қайда киеді?

  • Дұрыс бұл ұлттық киімдер.

(Хормен: қазақтың ұлттық киімдері деп қайталайды)

  1. Олай болса, біз қайда тұрамыз?

  • Қазақстанда.

  • Ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?Не туралы? III. Жаңа сабақпен жұмыс:

  1. Әліппе- дәптердегі және тақтадағы картаға назар аударып:

  • Балалар, барлығымыз Қазақстан картасына назар аударайық. Мынау біздің байтақ жеріміз.Қазақстанның табиғаты алуан түрлі, жері кең, байтақ. Оны білу немесе түсіну үшін карта пайдаланылады. Сонда қай жерде қала, әдемі ормандар, биік таулар, теңіз, көл, Қазына байлықтары бар екендігін білеміз.

  • Қазақстан қандай?

  • Үлкен, бай, әдемі.

  • Қазақстанның үлкен қалаларын білесіңдер ме?

  • Атаңдар.

  1. Тақпақ айту: «Отан»

  2. Ән орындау: «Біздің Отанмыз»

4. А)- Жарайсыңдар, балалар, біздің Отанымыздың бас қаласы қалай аталады?

-Астана.

Ә) Интербелсенді тақтада Астана қаласының суреттері.

Б) «Елорда» мәтінін схема бойынша оқу:

Менің Отаным – Қазақстан.Қазақстан елордасы – Астана қаласы.Мен Қазақстанда тұрамын.Қазақстанды жақсы көремін.


  1. Рәміздермен жұмыс .

Интербелсенді тақтада рәміздердің суреті.

  • Балалар, әр мемлекеттің өзінің белгілері бар.Оны біз рәміздер дейміз(хормен қайталау).

Жаңа сөздер: ту, елтаңба, әнұран, рәміздер, өлкем, аудан, бауырым.

Рәміздер туралы түсінік беру, сипаттау:



  1. Ту- түсі аспанның түсіне ұқсайды. Көк түс, күн, қыран- Қазақстанда тұратын барлық халықтың өмірі күндей жарқырап, қырандай самғай берсін дегені.

  2. Елтаңбадағы пырақ, шаңырақ, уық бейнелері- Отанымыздағы көптеген ұлттар бірлігін көрсетеді..



  1. Әнұран.

Әнұраным, жанұраным

Сөйлер сөзім, айтар әнім

- Балалар бүгінгі сабақтың тақырыбына байланысты, қонақтарға әнұран айтып берейік.

4. Балалар хормен ҚР мемлекеттік әнұранын орындайды.

IV. Бекіту.

Тақпақпен жұмыс(әліппе- дәптер).



  1. Тыңдалым.

Отан- сенің ата-анаң,

Отан- досың, бауырың,

Отан- өлкең, астанаң,

Отан- аудан, ауылың.



  1. Айтылым(хормен қайталау).

  1. Қорытынды.

  1. – Балалар, кімнің көңіл- күйі

«Өте жақсы»- қызыл,«жақсы»- жасыл,«төмен» болса, сары шарға барыңдар.

А) Бір бала қызыл шарды үрлейді, шар жарылып, ішінен «жұлдыз» шығады.



Ә) Менің тілегім:Балалар, сендер Қазақстанның болашағасыңдар, жұлдыздай жарқыраңдар!

  1. Балаларға «жұлдызша» тарату.

  2. Балалр «Туған жер» әнін орындап, сабақ аяқталады.

Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет