Айтады қане, кім атын?
№2. Отбасы мүшелері туралы санамақ айтылады:
Бас бармағым-атам-үйдің данасы,
Балаң үйрек-әжем-ошақ анасы,
Ортан терек-әкем-отау панасы,
Шылдыр шүмек-анам-шаңырақ ажары,
Ал, біз бала-отбасының базары.
№3 Суреттегі заттардың кімге тиесілі екенін тап.Оқушылар бұл тапсырманы постер жасау арқылы орындап, қорғайды. Үш топтық жұмысы қорғалып болған соң, оқушылар өздеріне ұнаған жұмысқа апарып стикер жапсырады. Қай топтың жұмысына қанша стикер жапсырылғаны саналады. Сол арқылы топтардың жұмысы бағаланады. Жеңімпаз топтардың құрметіне «отшашу» шашылады.
Жұмыс құралдары:
Ыдыстар:
Ойыншықтар:
Оқулық, дәптерлер.
http:// www. Balalaralemi. Kz
Өлеңдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар
Санамақтар,
Бас бармақтар
Сауат ашу оқулығы
Түрлі-түсті суреттер
А3 формат, желім,
Стикерлер
Сабақтың соңы
Жұптық жұмыс
5 минут
2 минут
№1. Дәптермен жұмыс. Оқушылар дәптерлеріндегі қ әрпіне берілген тапсырмаларды орындайды. Қ әрпін үлгіге сай жазба түрінде көркем етіп жазуға дағдыланады.
№2. «Ойлан, тап» ойыны
а
н
л
р
о
ы
у
қ
с
ш
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
18 - 1968-
8131 - 8541-
8141- 85218-
Кері байланыс
Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтады. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалайды және ұсыныстарын, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.
Жазу дәптері №2
Жұптық жұмысқа арналған үлестірме қағаздар
Микрофон
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Оқушыларды мақтап-мадақтау арқылы бағалау (ынталандыру)
Стикерлер жапсыру арқылы топтық бағалау. Топтық жұмыста жеңіске жеткен топқа «отшашу » арқылы қолдау көрсетіліп, марапатталады. Жұлдызшалармен бағалау (Өзін-өзі бағалау) Оқушылар бүгінгі сабақта өзін қандай бағаға лайық болса, сол бағаны көтереді.
Өнер, ана тілі сабағы, математика, орыс тілі, ағылшын тілі
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?
Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Мен бүгінгі сабағымда алдыма қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Өйткені оқушылар қ дыбысын дыбыстау арқылы дауыссыз дыбыс екенін ( ауаның кедергіге ұшырап айтылатынын), сөздің басында да, ортасында да, соңында да кездесе беретінін толық түсінді. Қ дыбыс кездесетін сөздерді оқи алады. Сондай-ақ отбасы туралы, отбасы мүшелері туралы, олардың әрқайсысының өз орны, атқаратын іс-әрекеттері туралы біледі және оны сабақта постер қорғауда дәлелдей білді. Яғни, әкенің, ананың және қыз баланың заттарын жіктеу барысында әрқайсысының өзіне тиесілі заттарын тауып орналастыра білді. Бүгін оқушыларым отбасы құндылығын, отбасы мүшелерінің бір-біріне мейірімді болу керектігін түсіне білді деп ойлаймын. Оларды (отбасы мүшелерінің атауын) үш тілде: қазақша, орысша, ағылшынша атай біледі. Сабақта жеке де, жұптық та , топтық та жұмыс түрлерін пайдалану арқылы балаларды әр түрлі ортада жұмыс жасай білуге дағдыландыруға тырыстым. Берілген тапсырмалар да оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келеді. Сондықтан тапсырмаларды орындауда балалар аса қиналған жоқ.
Уақыт мәселесіне келгенде шамалы қиындық туындады. Балалар тапсырмаларды орындауда жоспарланған уақыттан шамалы артықтау уақыт жіберді. Сондықтан сабақта жазу дәптерлеріндегі жазуды аз ғана мөлшерде жазуға тура келді. Осы сабақта кездескен тағы бір қиындық-балалардың топтық тапсырмаларды орындау кезіндегі келеңсіз іс-әрекеттері. Үш топқа отбасы мүшелері әке, ана, қыз баланың өздеріне тиесілі заттарын бөліп топтастыру берілген болатын. Сол кезде кейбір балалар «бұл менікі», «бұл менікі» деп бірі қолына суретті ұстап алса, бірі желімдерін ұстап келеңсіз мінез көрсетті. Бұл топтық жұмыстың көп жүргізілмегендіктен орын алып отырғанын ұғынып, алдағы уақытта топтық жұмысты көбірек пайдаланып, балаларды топпен жұмыс жасауда ауызбіршілікке үйрету керек екенін ұғындым. Әрине бұл маған үлкен сабақ болды.