15. Қазақ тілі кабинеті
Мен №21 мектепте оқимын .Мектеп Тоқсан би көшесінде орналасқан.
Білім мекемесі үш қабатты. Үшінші қабатында қазақ тілі кабинеттері бар. Кабинеттер заманға сай жабдықталған. Қазақ тілі кабинеттерінде интерактивті тақта, компьютер ,ақын-жазушылардың портреттері бар.
Мемлекеттік тілді меңгеру үшін барлық жағдай жасалған. Маған біздің кабинет өте ұнайды.
Сөздік:орналасқан-расположен
жабдықталған-оснащен
мемлекеттік-государственный
білім мекемесі-образовательное учереждение
Мәтін бойынша тапсырмалар:
1.Мәтінді оқып, аударыңдар.
2.Сызбалар бойынша сөз тіркестерін құраңдар.
Сын есім+зат есім
Сан есім+зат есім
Есімдік+зат есім
Зат есім+зат есім
Зат есім+етістік
Берілген сөздерді қазақ тіліне аударып,үш шырай түрін жасаңдар.
Үлгі: короткий-қысқа-қысқарақ , тым қысқа, қып-қысқа.
Теплый, зеленый, высокий, большой, дешевый, образованный, низкий,белый, светлый, чистый, просторный.
Мына мақал-мәтелдерді орыс тіліне аударыңдар.
Оқу-білім бұлағы.
Оқымасаң ,өнер жоқ.
Ойнап сөйлесең де,ойлап сөйле.
5. Аударып,сұраққа жауап беріңдер. Кімнен? Неден? Қайдан?
1.Мен мектептен келе жатырмын.
2.Мұғалім оқушылардан емтихан алып жатыр.
3.Ақ қағаздан дәптер жасап отыр.
4.Сәрсен кітапханадан кітап әкеле жатыр.
5.Кітаптан жазып отырмын.
6. Қазақ тілін не үшін үйреніп жүрсің? Әңгімеле.
16 Сыйлық
Халықта қалыптасқан жарасымды дәстүр бар –сыйлық . Сыйлық ретінде кез келген затты ұсынуға болады :кітап, гүл, ашық хат т .б. Бұл адамға құрмет көрсеткенді білдіреді . Сыйлықты тек мейрам кезінде емес, дағдылы тұрмыс күнденрінде де ұсынуға болады . Сыйлық адамның көңіл – күйін сергітіп, қуанышқа бөлейді . Сыйлықтың қымбат зат болуы міндетті емес, Ол әркімнің мүмкіндігіне байланысты . Ал дұрысында арнайы жасалған сыйлықтар қымбат болып табылады .Әрдайым жақындарына құрмет көрсетіп жүрген адам –бақытты адам болып өзін сезінеді .
Сөздік: Сыйлық –подарок
Ұсыну –преподносить
Арнайы – специально
Бақытты адам –счастливый человек
Мәтін бойынша тапсырмалар:
1.Мәтіннің ішінен зат есімдерді теріп жазыңдар.
2.Аналарыңа үлгі бойынша құттықтау ашық хатын жазыңдар .
Қымбатты ана!
Мерекеңіз құтты болсын!
Сізге зор денсаулық , мол бақыт тілеймін!
3.Мына етістіктерді болымсыз түрге айналдырыңдар: ұсындым, бардым, құттықтадым, жаздым, сыйладым, құрметтедім, сезіндім.
4.Көп нүктенің орнына керекті есімдікті жазыңдар.
..барасың .....ұсынамын
....келесіздер ..... қуанды
......құттықтаймын ......тұрады
5.Сурет бойынша әңгіме құрастырыңдар. Рисунок вставить
6.Сыныптас досыңның туған күніне қандай сыйлық жасар едің? (Сурет салып сөйлеу).
7. « Мен Аяз атадан сыйлық күтемін ». Шағын әңгіме жазыңдар.
17. Спорт –денсаулық кепілі
Спорт –адам денсаулығына өте пайдалы . Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты болады. Әр мектепте спорт залдары , әр қалада спорт алаңдары бар. Мемлекет салауатты өмір сүру үшін жағдай жасап жатыр.Балаларға арналған түрлі спорт үйірмелері жұмыс істейді.
Спорттың пайдалары әр түрлi: дененi шымыр қылады, дұрыс тәрбиеленуге септiгiн тигiзедi, басқа адамдармен қарым-қатынастар орнатуға жол ашады, мiнез-құлқын, ахлағын көркейтедi, бойында сенiмдiлiк пен шыншылдықты дарытады, өзiн-өзi қолға алып, шығармашылық қасиеттерiн күшейтедi. Айта кетсек, спорт өмiрде өз орнын табуға, тұлға ретiнде қалыптасуға, қоршаған ортамен қатынас арқылы өз күшi мен неге шамасы жететiнiн түсiнуге итермелейдi.
Спорт тұлғаға кiшiпейiл, кешiрiмдi болуға, сәттiлiктер мен жеңiстi қарапайым қабылдап, тәкәппарланбауға үйретедi. Осыған қоса, басқа түскен қайғылар мен жеңiлiстерге қарсы сабырлыққа бейiмдейдi. Біздің елдің туын биік көтеріп жүрген, спорт шеберлері де бар олар : Александр Винокуров,Ж.Үшкемпіров, И. Ильин, С. Қонақбаев .
Сөздік: Пайдалы - полезно
Тұлға –личность
Шебер –мастер
Тәрбие –воспитание
Салауатты өмір салты –здоровый образ жизни
Сенімділік –уверенность
Мәтін бойынша тапсырмалар.
Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңдар.
Суреттер про спорт
2. Жақшаны ашып, сөйлемдерді аударып, жазу.
1.(Күнде, таңертең) я занимаюсь гимнастикой.
2. (Сенбі күні) с семьей выезжаем в горы.
3. (Аптасына екі рет ) хожу в спортвный зал на тренировки.
4.Тренировки (5-6сағат) проводятся. 5.Заниматься спортом(ұнатамын).
3. Диалогты төменде берілген сөз тіркестерімен толықтырып сөйлесу.
Сен ертеңгілік жаттығумен күнделікті шұғылданасың ба?
- ......................................................................................
- Спорт туралы бағдарламаны қашан көресің?
- ..................................................................................................
- Спорт үйірмелеріне қашан барасың?
- ..................................................................................................
- Туристік базаға қай кезде барып тұрасың?
- ...................................................................................................
- Жақсы демал, денсаулығың мықты болсын!
Керекті сөз тіркестері: әр таңда, апта бойы, бос уақытымда, жолдастарымен келіскен күні.
Қорытындылау .
4. Тест . Оқушыларды тестілеу арнайы құрал арқылы жүргізіледі.
1. Қазақстанда әлемдік деңгейде дамыған спорт түрі?
А) тоғыз құмалақ
Ә) бокс
Б) қазақша күрес
2. Қазақтың ұлттық ойыны?
А) қазақша күрес
Ә) бокс
Б) жеңіл атлетика
3. Д.Тұрлыханов қай спорт түрімен шұғылданды?
А) күрес
Ә) волебол
Б) бокс
4. Пекин олимпиадасында ауыр атлетикадан алтын медаль алған Қазақстандық спортшы?
А) Ж. Үшкемпіров
Ә) И. Ильин
Б) Б. Сәрсекбаев
5. Бірінші байлық не?
А) денсаулық
Ә) ақша
Б) бақыт
6. Денсаулыққа зиянды әдеттер?
А) шылым шегу
Ә) спортпен айналысу
Б) таңертеңгілік жаттығу
|
|
| 5.Сызбаны толықтырыңдар.
Спорт түрлері:
6картинку надо .Мектептегі спортқа байланысты өткізілген іс –шаралар туралы мақала жазыңдар.
18. Жаман жолдас
Екі дос келе жатты. Достардың біреуі әлсіз, ауру еді . Екіншісі дені сау жас жігіт болатын. Кенеттен алдарынан аю шықты. Дені сау жігіт бірден ағаштың басына шығып кетті. Ауру жігіттің ағашқа шығуға күші жоқ еді. Ол жерге құлады да, өлген кісі болып жатты. Аю жатқан кісінің қасына келіп, иіскелеп тұрды да, кетіп қалды. Біраздан кейін ағаштың басынан түсіп, жолдасы қасына келді. - Достым, аю құлағыңа не сыбырлады?- деп сұрады.
Ауру жолдасы: - Аю құлағыма мынадай ақыл айтты: екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын адаммен жолдас болма деді, - дейді .
Достарыңызбен бөлісу: |