Сабақтың тақырыбы: Менің отбасымның рухани құндылықтары



бет13/13
Дата21.01.2022
өлшемі1,92 Mb.
#112752
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
2 5247253870140195995
Ulbosyn
Тілдік мақсаттар

Отбасы, «бәйтерек»монументі,электр құралдары.көне түркі халқы, қазақ хандығы

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын қамтиды. Орта білім берудің құндылықтары: қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану, әдебиеттік оқу, қазақ тілі

Бастапқы білім:

Қазақ хандығы қалай құрылды?

Сабақ барысы

жоспарлан

ған кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ ұзақтығы

40 минут


Психологиялық ахуал қалыптастыру.



  1. Өз отбасыңды қандай сөздермен сипаттай аласың? Жаз.




  1. Ережені_суретпен/шартты_белгімен_бейнелеп_көрсет'>Электр құралдарын қолдануға қатысты 1 ереже құрастырып жаз. Ережені суретпен/шартты белгімен бейнелеп көрсет.


Ереже
________________________


Сурет/шартты белгі


3.«Бәйтерек» монументі элементтерінің мағынасын сипаттайтын.



4. Көне түркі халқы туралы не білесің? Кестені толтыр.

Өмір салты

Шаруашылығы

Мәдениеті

Наным-сенімі













5. Сөйлемдерді толықтыр.

Қазақ хандығының соңғы тәуелсіз ханы ___________________________ болды.Оның билік құрған кезеңі _________________________________ деп аталды. Ол_____________________________________ деп аталатын заңдар жинағын құрастырды.





ТЖБ тапсырмалары

өзіндік жұмыс

жазылым





ТЖБ тапсырмалары

өзіндік жұмыс

сәйкестендіру

Кестені толтыру

Сөйлемді толықтыру

жазылым


Дифференциация – топпен жұмыс жүргізу, жұптық жұмыста өз ойларын жеткізу дағдыларын жетілдіру


Бағалау:

Өз отбасыңды қандай сөздермен сипаттай алады.

Электр құралдарын қолдануға қатысты 1 ереже құрастырып жазады. Ережені суретпен/шартты белгімен бейнелеп көрсетеді.

.«Бәйтерек» монументі элементтерінің мағынасын сипаттайтын тіркестерді тауып, сәйкестендіреді.

Көне түркі халқы туралы не білесің? Кестені толтырады.

Қазақ хандығы туралы анықтайды



«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын қамтиды. Орта білім берудің құндылықтары: қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу


Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: № 26





Пән: дүниетану

Күні: 18.03.2019ж

Мұғалім:Байбосынова Э.Д

Сынып: 3 «Ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

VІ бөлім. Атақты тұлғалар

Сабақтың тақырыбы:

Азаттық үшін күрескендер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.4.2 тарихи мысалдар негізінде қазақ халқының азаттығы үшін күрескен тұлғалардың рөлін шығармашылық түрде көрсету

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар: қазақ халқының азаттық үшін күрескен тұлғалардың есімдерін білетін болады;

қазақ халқының азаттық үшін күресуінің себептерін түсінеді.

Көптеген оқушылар: Қазақстанның Ресейге қосылуының оң және теріс жақтарын көрсетеді.

Кейбір оқушылар: көтеріліс жетекшісінің атынан халықты азаттық үшін күресуге шақыратын үндеу құрастырады

Бағалау критерийлері

Оқушылар қазақ халқының азаттық үшін күрескен тұлғалардың рөлін шығармашылық формада көрсете алады.

қазақ халқының азаттық үшін күрескен тұлғалардың есімдерін білетін болады;

қазақ халқының азаттық үшін күресуінің себептерін түсінеді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Көтеріліс, азаттық.



Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын қамтиды. Орта білім берудің құндылықтары: қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану, әдебиеттік оқу

Бастапқы білім:

Батырлар- Отанымыздың қоғаны .Билер –Ұлы даланың даналары. ТЖБ

Сабақ барысы

жоспарлан

ған кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5минут



Ынталандыру.

Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Ол адамның жеке қиялының, идеясының жемісі. Ертегіні көңіл көтеру мақсатында және тәрбиелік мақсатпен ойлап шығарған. Ертегі мейірімділікке, адалдыққа, батылдыққа, еңбекқорлыққа және өзге де адам бойында болатын жақсы қасиеттерге тәрбиелейді.



Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

«Жұппен жұмыс»

Мұғалім: Оқулықтағы иллюстрацияларға назар аударыңдар. Бұл ескерткіштер Орал, Атырау, Астана, Алматы қалаларында орнатылған. Кімнің құрметіне және неліктен орнатылған, қалай ойлайсыңдар?

Оқушылар: Бұлар – батырлар.

Мұғалім: Иә, бұлар – қазақ халқының азаттық үшін күрескен батырлар. Олар халықтың есінде мәңгі сақталады, оларға деген құрмет еш жоғалмайды. Бір ескерткішті болсын таныдыңдарма?

Оқушылардың жауаптары:

Оралдағы Сырым Датұлының ескерткіші, Атыраудағы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлының ескерткіштері, Астанадағы Кенесары Қасымұлының ескерткіші, Алматыдағы Амангелді Имановтың ескерткіші.




Оқулық

Айтылым



Сабақтың ортасы

30минут


«Оқулықтағы 1-азат жолды оқу

Мұғалім: Тарихшылар Ресей империясының құрамына ерікті түрде кірген халықтар жайлы көп айта бермеу керек деп есептейді. Әрине, әр халық өз алдына, тәуелсіз өмір сүргісі келеді. Егер ұлы державаға күреспей-ақ қосыла салса, онда оның да өз себебі бар. Қандай себеппен Әбілқайыр хан Ресей империясының бодандығын қабылдағысы келді, қалай ойлайсыңдар?

Оқушылар: жоңғарлармен соғыс.

Мұғалім: Иә, Ресей империясы қазақтардың өз жерін жауларынан қорғауына күш жұмылдыра алатын еді. Бірақ олардың өз көздеген мақсаттары болды.

Қазақстанның Ресейге қосылуының оң жақтарын қарастырып көрейік. Екі-екіден жұмыс істей отырып, осы пікірді қорғайтын кем дегенде екі дәлелді келтіріңдер.

(Ж) Оқушылардың дәлелдері:



жаудың шабуылына күш біріктіру; сауда-саттықты дамыту және т.б.

Ресей құрамына кірудің теріс жақтары, жағымсыз әсерлері де бар.

Тапсырмаға дейін оқулықтағы мәтінді оқу.

Слайд-презентацияны көру және электронды қосымшадан тапсырманы орындау. Мұғалім: Қазақстанның Ресей құрамына кіруінің қандай теріс жақтарын атайсыңдар? Оқушылардың жауаптары

XIX ғасырдың басында Ресей патшалығы Қазақстандағы ең шұрайлы жайылым жерлерді тартып алды. Тартып алған аймақтарға бекіністер тұрғыза бастады. Қазақтар тарапынан болған кішігірім наразылықтарды жазалаушы жасақ басып тастап отырды. Қазақ жеріне

хандардың билігі жүрмеді.

Мұғалім: Осының бәрі көтерілістердің басталуына алып келді. Көтерілістерді күшпен басып отырды. Қанша басуға тырысса да, қазақ халқын күресуге шақырған көтеріліс басшыларының есімі халық жадында мәңгі сақталды.

Тапсырманы орындау:

Қатардағы артық тұрған есімдердің астын сыз. Неліктен, түсіндір?

Мына тармақтарды кім жазған? Сен ол туралы не білесің?

Көтеріліс көсемдері жайлы көптеген өлеңдер, дастандар жазылды, күйлер өмірге келді.


айтылым

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Айтылым

Оқылым


Топтық жұмыс

2 минут

Сергіту сәті

Айтылым

Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

(МК;Т;Қ) Кері байланыс жасау.

– Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

– Сабақтан не үйрендіңдер?

– Саған не ерекше қызықты болды?



сұрақтарына жауап береді

Рефлекция

1 минут

Үйге тапсырма: 60-61 бет оқу

Күнделік

Дифференциация – топпен жұмыс жүргізу, жұптық жұмыста өз ойларын жеткізу дағдыларын жетілдіру


Бағалау:

Оқушылар қазақ халқының азаттық үшін күрескен тұлғалардың рөлін шығармашылық формада көрсете алады.

қазақ халқының азаттық үшін күрескен тұлғалардың есімдерін білетін болады;

қазақ халқының азаттық үшін күресуінің себептерін түсінеді.

. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын қамтиды. Орта білім берудің құндылықтары: қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу

Тексерілді:

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет