Сабақтың тақырыбы: Менің отбасымның рухани құндылықтары


Оқулықтағы мәтінмен жұмыс



бет10/13
Дата21.01.2022
өлшемі1,92 Mb.
#112752
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
2 5247253870140195995
Ulbosyn
Оқулықтағы мәтінмен жұмыс

Оқушылар Қасым, Жәңгір, Тәуке хандар туралы мәтінді оқиды, тапсырмаларды орындайды.



Қосымша ақпарат

Қасым хан – Жәнібектің ұлы. Ол қолбасшылық қасиетке ие болған. Шайқаста ержүректілігімен көзге түскен, халықты өз артынан ерте білген хан.

Қасымның тұсында (1511-1518 жж.) Қазақ хандығының халық саны миллионнан асты. Қазақтар Батыс Еуропаға таныла бастады. Мәскеу Русімен дипломатиялық қарым-қатынас орнады. Қасымның тұсында «Қасым ханның қасқа жолы» деген заңдар жинағы шықты. Өкінішке орай, бұл заңдар қағаз бетіне түспеген, сол себептен, олар бізге жетпеді.



Жәңгір хан – қолбасшылық қабілетімен есте қалған хан (1628-1652 жж.). 1643 жылы 50 мың жоңғар қазақ жеріне шабуыл жасады. Жәңгір хан жоңғарлардың жолын кесу үшін 600 сарбазбен қарсы аттанып, көмекке келген Жалаңтөс


Айтылым

сұрақ –жауап

оқылым

оқулық


айтылым

тыңдалым





жолын кесу үшін 600 сарбазбен қарсы аттанып, көмекке келген Жалаңтөс батырдың әскерлерінің көмегімен өзінен күші басым жауды ойсырата жеңеді. Ұрыс орны ретінде Орбұлақ тау шатқалын таңдайды. Жәңгір хан жасақты екіге бөледі. Жасақтың бір бөлігін екі таудың арасымен сайға орналастырады. Олар жерді терең етіп қазып, биік қорған дуалын жасап, білтелі мылтықпен қаруланады. Ал жауынгерлердің екінші бөлігі таудың арғы жағында тығылып отырады. Жоңғарлар қорғанға таяп келіп, оған шабуыл жасай бастайды. Сайға орналасқан қазақ қолы жоңғарларға оқ ата бастайды. Көп адамынан айырылып қалған жоңғарлар алаңның тарлығынан қазақ жасағын қоршап ала алмайды. Ойламаған жерден болған соққының, әрі жауынгерлердің батылдығының арқасында, мылтықтарының өте сапалы болуынан Батыр Қонтайшыға қатты соққы беріледі. Осы кезде Жәңгір хан жауға сырт жағынан шабуылдайды. Жау әскерінің 10000-ға жуығы қырылады. Жәңгір хан басқарған қазақ жасағы жеңіске жетеді.

Тәуке ханның басқарған тұсын (1680-1718 жж.) қазақ тарихының «алтын ғасыры» деп атайды. Бұл кезеңде дау-дамайлар, өзара қырқысулар азайды, шаруашылықтар дамыды, сауда- саттық гүлдене түсті. Тәуке ханның тұсында шығыстан жоңғарлар жиі шабуылдап, қазақтарды қоныстарынан ығыстыра берді. Осы жағдайлар сұлтандар арасындағы жайылым жерлер үшін күреске алып келді. Осындай мәселелерді алдын алу үшін Тәуке хан заңдар жинағын құрастыруға бекінеді. Тәуке хан мемлекетті басқару ісіне туа біткен данышпан, ел арасында асқан ерлігімен, батырлығымен дараланған тұлғаларды, яғни билер мен батырларды тартты. Билер кеңесін құрып, оның билік ауқымын кеңейтті. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында «Тәуке ханның Жеті Жарғысы» деген атауға ие болған заңдар жинағын қабылдады

Айтылым

Тыңдалым


айтылым


1 минут



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет