Сабақтың тақырыбы: Мәшинелік оқыту қағидалары Мақсаты ( оқушыға бағытталған ): мәшинелік оқытудың ерекшеліктері туралы түсіндіру



бет1/2
Дата10.09.2024
өлшемі307,38 Kb.
#204025
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Саба ты н мірі 5 Саба ты та ырыбы М шинелік о ыту а идалары(1)


Пәні: Информатика
Күні: 17.09.2021
Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы:Мәшинелік оқыту қағидалары
Мақсаты (оқушыға бағытталған):мәшинелік оқытудың ерекшеліктері туралы түсіндіру
Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде).
Мәшинелік оқыту жасанды интеллектінің бір тармағы. Оның негізгі идеясы – компьютердің алдын ала жазылған алгоритмді қолданып, қана қоймай, өзінің алдына қойылған тапсырманы шешуді үйренуі.
​Мәшинелік оқыту өмірімізде кеңінен қолданылғандық-тан, күн санап өмірімізде орнығып келеді. Көлік кептелісін талдаудан бастап автокөлікті өзін-өзі басқаруға дейінгі міндеттердің бәрі өздігінен оқытатын мәшинелерге жүктелуде. Мәшинелік оқыту деректерді өңдеумен өте тығыз байланысты.
Бізде өңдеуді қажет ететін қандай да шығу деректері болады, осы процестің нәтижесінде біз шығу деп аталатын жаңа деректерді аламыз (1-сурет). Мысалы, дәрігер емделушінің түр-әлпетіне, талдау нәтижелеріне (бұл деректер негіз болады), жинаған тәжірибесі мен біліміне сүйене отырып, аурудың қандай да бір белгілерін бақылайды, деректерді өңдеп, диагноз қояды.
1-сурет
Деректерді өңдеу бірнеше тәсілмен орындалуы мүмкін (2-сурет). Бірінші тәсіл – қолмен, яғни қандай да бір білімге сүйене отырып, біз қойылған сұраққа жауап береміз. Сәл күрделірек екінші тәсіл – осы деректерді талдайтын және шығатын ақпаратты беретін қандай да бір бағдарламаны жазу, бірақ бағдарламада білімі­мізге сүйенетін нақты алгоритм бар. Үшінші тәсіл – мәшинелік оқыту, ол алғашқы екі тәсілден ерекшеленеді.
​Мәшинелік оқыту – жасанды интеллектінің бір тармағы. Оның негізгі идеясы – компьютердің алдын ала жазылған алгоритмді пайдаланып қана қоймай, қойылған тапсырманы шешуді үйренуі.
​Мәшинелік оқытудың қа­лай жүзеге асырылатынын қа­растырып көрелік (3-су­рет).
​Бізде оқытатын кіру деректері және оқыту (үйренетін) жүйесі бар.
2-сурет
3-сурет








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет