Сабақтың тақырыбы: Мәшинелік оқыту қағидалары Мақсаты ( оқушыға бағытталған ): мәшинелік оқытудың ерекшеліктері туралы түсіндіру


«Мұғаліммен немесе мұғалімсіз оқыту» әдісі



бет2/2
Дата10.09.2024
өлшемі38,05 Kb.
#204025
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Саба ты н мірі 5 Саба ты та ырыбы М шинелік о ыту а идалары(1)

«Мұғаліммен немесе мұғалімсіз оқыту» әдісі
«Мұғалім» дегеніміз – адамның деректерді өңдеуге араласу идеясы. Мұндай оқытудың ерекшелігі – дерек-тер белгілі дұрыс жауап-тармен, яғни белгілермен берілуі. Жалпы заңдылық құрылатын кейбір оқыту іріктелімдері болады.
Екі (және оданда көп) іріктемелерді салыстыру кезінде олардың тәуелділігі – маңызды параметр. Х іріктелімін-​дегі бір жағдайға У іріктелімі ішінен тек бір жағдай сәйкес келетін болса және керісінше, осындай іріктемелер тәуелді деп аталады. Осы деректер негізінде тәуелділікті орнату (болжау үшін жарамды, модель құру) талап етіледі.
Егер сен мәшинені үйреткің келсе, бұл әдіс оңтайлы. Сен компьютерді үлкен оқыту деректер жиынтығымен таныстыра аласың және шығыста күтілетін нәтиже алынғанға дейін параметрлерді өзгерте аласың.
«Мұғалімсіз оқыту» әдісі алдын ала белгісіз жауаптарды табу есебі тұрған кезде қолданылады. Модельде деректер жиынтығы бар, бірақ онымен не істеу керектігі туралы анық нұс­қаулар жоқ. Жүйе пайдалы белгілерді алып, оларды талдай отырып, осы деректердегі заңдылықтарды өз бетінше табуға тырысады.
«Мұғалімсіз оқыту» әдісі көбіне негізгі алгоритм ретінде емес, деректерді талдау әдісі ретінде қолданылады. Мұғалімсіз оқытудың негізгі міндеттері Кластерлеу - нысандар жиынтығы, оларды топтастыру, ұқсас нысандар тобын табу керек.
   Жүйе өзі ұқсас нысандарды іздейді және оларды кластерлерге біріктіреді. Кластерлер санын алдын ала беруге немесе оны мәшинеге сеніп тапсыруға болады. Мәшине нысандардың ұқсастығын біз белгілеген белгілер бойынша анықтайды. Жүйе сипаттамалары жағынан өте ұқсас нысандарды бір санатқа біріктіреді.

  1. Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме (видеоүзінді, құжат, мәтін және т.б. нақты сілтеме беру).

Арман-Пв, opiq.kz

  1. Оқушыларға арналған тапсырмалар (2-4 тапсырмадан артық емес).

  2. Кестені толтыр.







Мәшинелік оқыту тәсілі

Мұғаліммен оқыту

Мұғалімсіз оқыту

Мұғалімнің жартылай қатысуымен оқыту

Негіздеп оқыту

Оқытудың ерекшеліктері













Есептері













Негізгі алгоритмдер













Артықшылығы













кемшілігі













Қолдану мысалдары















https://onlinemektep.org/control/courses/list/23191

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет