Өндірістік сабақ жоспары № 6
Сабақтың тақырыбы: Металл табақшаларды таврлы пісіру
Сабақтың мақсаттары:
Сабақтың білімділік мақсаты: Металл констукциясында жұмыс жасаған уақытта оқушылардың теориядан алған білімдерін өндірістік орында қолдануға үйрету. Білім алушылардың теориялық білімін жетілдіру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Студенттерді еңбекке, іскерлікке, ұқыптылыққа, бастаған ісін тиянақты орындауға дағдыландыру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Білім алушылардың кәсіби білімін жетілдіру мақсатында тақырыпқа сай таврлы пісіру әдістерін меңгеруге баулу.
Сабақтың материалдық-техникалық жабдықталуы: Дидактикалық материалдар, технологиялық нұсқау картасы, пісіру аппараттары, электродтар.
Оқу өндірістік базасы: «Пісіру ісі» шеберханасы
Сабақ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі:
-
Студенттердің сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру
-
Студенттердің өндірістік сабаққа арналған киімдерін тексеру
-
Кіріспе нұсқау:
-
Студенттерге сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру
-
Өткен сабақ бойынша білім алушылардың білімін тексеру
-
Өндірістік оқу кезінде техника қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру
Жаңа сабақ бойынша студенттерге нұсқау беру:
-
Кіріспе нұсқау.
-
Ағымдағы нұсқау.
-
Өндірістік оқу орнындағы техника қауіпсіздігі
-
Жұмыс орнындағы техника қауіпсіздігі
-
Ағымдық нұсқау:
-
Студенттерді жұмыс орындарына бөлу.
-
Тексеру мақсатында жұмыс орындарын аралау.
-
Студенттердің жаттығу жұмыстарын орындау үшін технологиялық нұсқау картасымен жұмыс жасауларын ұйымдастыру.
-
Жұмыс орнының дұрыстығын қадағалау.
-
Таврлы пісіру кезінде оқушының іс-әрекетін, құрал-жабдықтарды дұрыс қолдану тәсілдерін тексеру.
-
Таврлы пісіру технологиясын өндірістік сабақ барысында тәжірибеде қолдану.
-
Пісіру жұмыстарын аяқтаған соң жұмыстың дұрыстығын, орындалу барысын қадағалау.
-
Жұмыс қалпының дұрыстығын тексеру.
-
Қауіпсіздік ережелерін сақтау деңгейін қадағалау.
-
Орындалған жұмыстарды қабылдау.
-
Жұмыс орындарын жинап, тазалау және пісіру аппараттарын ток көздерінен ажырату.
-
Қорытынды нұсқау:
-
Жіберілген қателіктерге талдау жасау, түзету.
-
Студенттердің білімін бағалау.
-
Үйге тапсырма беру: ___________________________________________
Н. Дәулетбаева, А. Сыздықова «Газэлектрмен дәнекерлеу» Металл табақшаларды таврлы пісіру. (дидактикалық материалдар) 88-89 беттер.
Технологиялық нұсқау картасы № 6
Тақырыбы: Металл табақшаларды таврлы пісіру
№
Жұмыстың орындалу
реттілігі
Пайдаланатын
құрал-жабдықтар
Жұмыстың орындалу кезеңдері
1
Болат табақшаларды өлшем бойынша кесу, тазарту, ажарлау, тазарту жұмыстарын жүргізу, таврлы пісіруге дайындау.
-
250х150 көлеміндегі болат табақщалар, қалыңдығы 2,3,4,5,6 мм.
-
ZX7 – 200 маркалы пісіру аппараты.
-
Өлешеуіш сызғыштар;
-
Балға;
-
Егеу;
-
Сым қылшақ;
-
Диаметрі: 1,2,2.5, 3, 3.5, 4 электродтар.
-
Темір щетка;
-
Штангенциркуль;
-
Бұрыштық қожтүсіргіш.
Металдың қалыңдығы, мм
|
0,5
|
1,0
|
1,5
|
2,0
|
2,5
|
Электрод диаметрі, мм
|
1
|
2
|
2
|
2,5
|
2,5
|
Ток, А
|
15
|
30
|
35
|
50
|
80
|
2
Белгілі өлшемдегі табақшаларды пісіруге қажетті электродтарды таңдап, аппаратты ток көзіне қосу.
Жұмыс орнын дайындау
Металдарды дәнекерлеуге дайындау
Электродтарды таңдау алу
Ток
күшін таңдау алу
Пісіру жұмыстарын жүргізу
3
Металл табақшаларды таврлы әдіспен пісірілген жұмыстарын тексеру, қабылдау, қателіктерін түзету.
Жұмыстың орындалу сызбасы
а)
б)
в)
1 – сурет Таврлы пісірудің әдістері.
Бақылау сұрақтары:
-
Пісіру алдында жұмыс орнын жабдықтау дегеніміз не?
-
Таврлы пісіру әдістері қандай жұмыстарда қолданылады?
-
Пісіру кезінде материалдар қалай таңдалады?
-
Таврлы пісіру әдісі кезіндегі техника қауіпсіздік шаралары қалай жүргізіледі?
Достарыңызбен бөлісу: |