1 - тапсырма. (ЖЖ)
Белсенді оқытудың «Нұсқау беру және айту» әдісін негізге ала отырып, «Айналмалы бекеттер» әдісімен тапсырма орындалады.
Педагог оқушыларды жанында отырған сыныптасымен жұптастырып, мәтін оқытып, келесі тапсырмаларды ұсынады:
Оқылған мәтіннің негізгі жерлерін (сипаттау элементтерін) түртіп алып, жұппен мазмұнда.
Мәтіннің түрін анықта.
Қар жауып тұр
Жалпақсайдың табанындағы ауыл түнерінкі. Аспанды киіздей сірескен сұрғылт бұлт басқан. Айнала тым – тырыс, ауа тымық.
Жазира терезе алдындағы үстелді сүртіп жүр. Атасы сырттан сөйлей кірді:
- Жапалақтап жауған қардан түк көрінбейді...
Жазира терезеге жалт бұрылды да сыртқа үңілді. Қар саулап төгіоіп тұр екен.
-Жапалақтағаны қалай?..
-Жауған қардың түйірлері торғайдың басындай ірі, үздіксіз себелеуін қарашы.
Қалықтаған ақ ұшқындар мақтаның түтелері секілді. Соның арасынан қарсыдағы тошала мен қора бұлдырап көрінеді...
Достарыңызбен бөлісу: |