Сабақтың тақырыбы Мәтін және оның түрлері. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет5/7
Дата18.12.2021
өлшемі0,65 Mb.
#103097
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қайырқұл Азамат ҚМЖ

Саралаудың «Қарқын» тәсілі арқылы білім деңгейі жоғары оқушыларға төмендегі тапсырмалар беріледі.

  • Мәтіннің ішінен айтылуы мен жазылуы әр түрлі сөздерді теріп жаз.

  • Осы сөздердің неге осындай өзгеріске ұшырап тұрғанын түсіндір.

Құндылық: Еңбек пен шығармашылық. Жеке жұмысты орындау барысында, алға қойған мақсатқа жету үшін белсенділік танытуын, өз жұмысын ұйымдастыру қабілетін қадағалау.

ҚБ 3 – тапсырма. (ӨЖ)

Қорытынды шығару және есте сақтау әдісін негізге алып төмендегі тапсырма беріледі.

  • Суретке сүйеніп, 5 сөйлемнен тұратын «Қазақстанның табиғаты» тақырыбына сипаттау мәтінін құрастыр.

Саралаудың «Тапсырма» тәсілі арқылы мәтінді құрастырып болған оқушыға төмендегі тапсырма беріледі:

  • Жазылған мәтінді мазмұнынан ауытқымай пайымдау және әңгімелеу мәтініне түрлендір.

Құндылық: Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік құндылығы арқылы еліміздің табиғатын аялап, қорғау керектігі айтылып патриоттық дағдылары қалыптастырылады.

Мәтінге байланысты қойылған сұрақтарға жүйелі әрі нақты жауап береді. Сұраққа жауап бере алмаған жағдайда, келесі оқушыға кезек береді.

Оқушылар мәтінді мұқият тыңдап отырып, сиппату мәтінінің элементерін түртіп алады, өздерінің бекеттері келген кезде мәтін жүйелігін жалғастыра отырып, түртіп алған сөздерін қолданып алдыңғы айтқан балалардың ойларын жалғастырып жұппен мазмұндайды.

Оқушылар отырған орынынан ауытқымай бірінші қатарда отырған оқушылар І топ, екінші қатарда отырған оқушылар ІІ топ, үшінші қатарда отырған оқушылар ІІІ топ болып топқа бөлінеді.

Интербелсенді тақтада көрсетілген мәтінге сұрақ қойып, мәтіннің ішінен І топ әңгімелеу мәтінін, ІІ топ сипаттау мәтінін, ІІІ топ пайымдау мәтінін көшіріп жазады.

Белсенділігі жоғары оқушылар, айтылуы мен жазылу әр түрлі сөздерді теріп жазады, неліктен осындай өзгеріске түсіп тұрғанын түсіндіреді.
Айтылуы Жазылуы Башшы басшы Жұмышшы жұмысшы

Дожжан Досжан Күшігімен күшік

Құйрық құйрығы

Суретке сүйеніп, 5 сөйлемнен тұратын «Қазақстанның табиғаты» тақырыбына сипаттау мәтінін құрастырып жазады.




Ширату тапсырмасының бағалау барысында оқушыларға сөзбен қолдау көрсетіліп, кері байланыс алынады.

Егер қойылған сұрақтың жауабы толық, әрі нақты болған жағдайда «Жарайсың, өте тамаша!», «Бәрекелді, жауабың нақты әрі толық!»;

Егер қойылған сұрақтарға жауаптар толық емес немесе қателіктер кетіп жатса, сұрақ мазмұнына қарай мына кері байлыс түрлерін қолданады:

«Оқушының аты,сен осы ең бастысын жіберіп алдың», «Жауабыңызға нақтылық жетіспей тұр»;

Мүлдем сабаққа қатыспай жауап бермейтін балаға, мынадай кері байланыс түрлерін қолданады:



«Сен осы сұрақтың жауабын білесің, мен сенімдімін!», «Сабаққа белсене қатысамыз, талпынамыз!», «Сенің қолыңнан келеді».


Критерий:

-Берілген мәтіннің сиппаттау элементтерін түртіп алып, мәтіннің мазмұнын айтады.



Дескриптор:

-Сиппаттау мәтінінің элементтерін түртіп алады.

-Мәтінді жүйелі баяндайды;

-Сиппаттау мәтінінің элементтерін орынды қолданады;

- Берілген мәтін түрін анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет