Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру және түзету ережелері. Мәтін бойымен жылжыту Сабақтың мақсаты



Дата22.08.2017
өлшемі68,39 Kb.
#24720
түріСабақ
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ЫРҒЫЗ АУДАНЫ

Ы АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ОМ-нің

ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

МӘМБЕТОВА АЙНАГҮЛ АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ

Сыныбы: 5



Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру және түзету ережелері. Мәтін бойымен жылжыту

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды WORD PAD-та мәтін теру ережеге сәйкес үйрету және сол мәтіндік редакторды пайдалана отырып, құжатқа мәтін жазуды жылжытуды үйрету;

Дамытушылық: Оқушыларды осы тақырыпты пайдалана отырып, мәтінді қатесіз жазу шеберлігіне баулу, танымдық белсенділігін арттыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды қызығушылыққа, қайырымды болуға, дарындылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктері:компьютер, мультимедиялық тақта, презентация, оқулық.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тазалығын тексеру, оқушылар назарын сабаққа аудару Оқушыларды топқа бөлу (Компьютер құрылғыларын таңдап алып бөлінеді.)

1-топ- компьютердің негізгі құрылғысы

2-топ компьютердің сақтау құрылғысы

3-топ компьютердің шығару құрылғысы



II.Үй тапсырмасын тексеру:

Біз өткен сабақта “ Мәтіндік редактордың интерфейсі” тақырыбымен таныстық.

Ортаға оқушыларды шығарып «Аквариумдағы балық» ойынын ойнаймыз? Ол үшін ішкі шеңбердегілерге сыртқы шеңбердегілер сұрақ қояды.


  • WordPad- кандай программага жатады?

  • Мәтіндік редактор қандай мүмкіндіктер беретін қолданбалы программа?

  • Мәтіннің элементтері қандай ?

  • WordPad мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?

  • WordPad мәтіндік редакторының терезесі қандай элементтерден тұрады?

  • Мәтіндік курсор деген не?

IІІ. Жаңа сабақ: Оқушылар видеоға назар аударайық. Бүгінгі сабақта біз WordPad мәтіндік редакторында қандай жұмыс істей аламыз: Mәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі қаріпті қолдануға, сонымен бірге графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады. Соның ішінде бүгін қарапайым мәтіндік редакторы. Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту туралы түсінік береміз.

Табыс критерийі әдісімен

1.Мәтінді тере білу керек?

2.Тыныс белгілерді қолдана білу?

3.Мәтін бойынша жылжыта білу керек?

Балалар енді біздер теория мен практиканы ұштастыра отырып, осының ішінде мәтінді енгізуге тоқталып кетеміз.



WordPad мәтін теру және түзету ережелері.

Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтіндер дайындауда кеңінен пайдаланылады.



Мәтін теру ережелері:

Біріншіден, Бас әріпті немесе символды жоғарғы регистрден енгізу үшін shift пернесін басып жібермей ұстап тұру керек

Екіншіден, Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса Caps lock пернесін қосамыз, әр түрлі қаріптерді, әр тілдердің алфавиттерін, сондай-ақ графикалық символдарды пайдалануға болады.

Үшіншіден, Бір бос сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін қойылады.

Төртіншіден, Дефис бос орынсыз қойылады. Мысалы: жан-жақты, бетпе-бет

Бесіншіден,Ұзын сызықша тире алдынан да, соңынан да бос орынмен қойылады. Мысалы Блокнот - мәтіндік редакторы

Алтыншыдан, Даталарды, қысқартылған аты мен әкесінің аты инициалымен енгізілгенде және ұқсас жағдайларда үзілмейтін бос орын қолданылады. мысалы 10.02.2015 , Ш.Уалиханов

Жетіншіден, Тырнақшаларға немесе жақшаларға алып жазылған сөздер олардан бос орынмен ажыратылмайды «Информатика» журналы

Сегізіншіден, Рим цифрларын енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады. Мысалы:ХХІ ғасырдың басы

Тоғызыншыдан:Enter пернесі жолдарды тасымалдау автоматты түрде жүзеге асады. Жаңа жолға көшу.

Мәтін бойынша жылжыту:

Курсорды мәтін бойынша стрелкалармен, Home хом (жолдың басына), End (жолдың соңына), Page Up, пежап Page Down пейж даун (бір бетке жоғары немесе төмен) пернелерімен жылжытуға болады. Түзетуге жататындар: мәтін фрагменттерін жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыру. Мәтінді ерекшелеу үшін пернетақта мен тышқанды қолданған қолайлы.



ІV. Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы тәжірибелік жұмыс 3 топқа орындату

1-топ А деңгейінің тапсырмасын

2- топ В деңгейінің тапсырмасын



3-топ С деңгейінің тапсырмасын орындап қандай ережелерін кездескенін айтып түсіндіреді. Топтардан бір-бірінен сұрау-жауап арқылы тексеру.

V. Бекіту кезеңі.

  1. Сәйкестендіру. ТЕСТ WordPad мәтіндік редакторының батырмаларының қызметтерін анықтаңыз.

Батырма




Қызметі






Жаңа құжат құру






Сақталған құжатты ашу







Құжатты сақтау






Құжатты баспаға шығару






Қиып алу






Көшіру






Қою






Қаріп өлшемі






Жартылай қалың






Курсив






Асты сызылған







Қаріп түрі

Сабақта жеткен жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқтала отырып, бүгінгі сабаққа қысқаша шолу жасау арқылы сабақты қорытындылау.

Оқушыларды 5 қадам әдісі бойынша мәтін теруді қалай меңгергенін сұрау.

Бүгінгі тақырып бойынша не үйренгендері туралы айтып шығады.



VІ. Бағалау

Қандай табысқа жеткендеріңізді рефлекция парағы арқылы белгілеп беріңіздер.

Сабаққа жақсы қатысып, барлық тапсырмаларды мұқият, шапшаң орындап отырған оқушыларға баға қоямын.



VІІ. Үйге тапсырма. §20 тақырыпты оқу.

  1. Топ «Бақытты балалық шағым»

  2. Топ «Менің жанұям»

  3. Топ «Ардақты достарым» атты тақырыпта эссе жазу, Word Pad- та мәтінді теру.

Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет