Үйге тапсырма.
Үй тапсырмасын тақтаға жазу. Нұсқау беру.
|
Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады.
|
|
Оқушылар күнделігі
|
Кері байланыс.
|
Бәрі түсінікті, сабақ қызықты болды
Әлі де жұмыс жасау керек. Сабақтың кейбір жерін өзгертер едім.
Ештеме түсінбедім, Өте қызықсыз болды.
|
Оқушылар кері стикерге өз ойларын жазып, сәйкес суретке жапсырады.
|
Оқушылардың формативті бағалауы.
|
Үлестірме парақшалар (стикерлер)
|
«Мәтіндік редактор интерфейсі» тақырыбында өткізілген сабақ бойынша рефлексия
Сабақты жоспарлағанда уақытты үнемдеу жолдарын қарастырған болатынмын. Ойлағанымдай уақытым тапшылау болды. Жинақтауда оқушылардың ойлары толық тыңдалмай қалды. Жалпы, сабақ барысында критериалды бағалауды және оқушылардың практикалық жұмысын көрсеткім келді. Оқушылардың барлығы жаңа тақырып болса да, менің талабыма ілесіп жұмыс істеп отырды. Лидер оқушы, зерттеудегі А оқушы, тапсырма беріле бастағаннан-ақ қобалжып, өзі басқа оқушылардан қалып қойғанына ызаланып, жылады. Мен бұл жерде ситауциядан шыға алмай, оқушының әрі қарай жұмыс істеуіне әсер ете алмадым. Оқушы ештеме істемей отырып алды. Бірақ, сабақтың соңында ол оқушымен жеке сөйлескенімде, ол өзінің логикалық тапсырманы шеше алмай, Ерлан деген оқушыдан да төмен болып қалғанына ашуланған екен.
Кері байланыста оқушылар сабақтың ұнағанын, көп мәлімет алғанын жазған екен.
Талдау кезінде І деңгей мұғалімі Г.Гумаровна «сабақтың 7 модульмен өте сауатты құрылғанын атап айтты, ең маңыздысы оқушылар жұмыс істеді. Оқушының жұмысынан біз мұғалімді көре аламыз. Барлығы орынды, әрбір іс-әрекет жоспарланған. Сабақты да видеоматериал арқылы басқа оқушылардың түсіндіруімен жеткізді. Әрине өзі де толықтырып кетті. Жинақтау бөліміңді кішкене қараған болар едім. Оқушылардың бағалауы критерий арқылы болғандақтан нақты болды. Сабағын ағылшын тілімен сабақтастырып, қазақ тілі пәнімен де байланыстырып жатыр», деп атап өтті.
Сулейменова Нурсауле апай: негізі оқушылардың әлеуметтік жағдайын да ескерген жөн. Қазіргі таңда кейбіреулерінің үйінде компьютер болмауы да мүмкін, сондықтан барлық оқушылар мұғалімнің айтқанымен ілесіп жұмыс жасап отырды, бұл мұғалімнің жетістігі. Сабақ жоғары деңгейде өтті. Маған ұнады.
ІІ деңгей мұғалімі Жайнагүл апай: Сабағың өте тартымды өтті, маған ұнағаны – бағалау формасы, оқушылардың әбден төселгені көрініп тұр.
Оқушылар топқа бөлінді Жеке жұмыс жасады
Достарыңызбен бөлісу: |