Бақыт: — Мен, бақатпын, кімнің басына қонсам, соның атақ-даңқын шығарамын, мансабын аспанға көтеремін, «ақ дегенім — алғыс, қара дегенім – қорғыс». Ұнатқанымды дөкей етемін. Қарсы келген дұшпанды жер етемін.
Ақыл: — О, достарым, мен сендердің таластарыңа қосылмаймын. Үшеуміз тең тудық. Айтыстарың көңіліме қонбайды. Мен – Ақылмын. Сондықтан бекер дауласып, менменсіп сөйлегенді жақтырмаймын, үшеуміз де адам баласына қажетпіз. Ренжімендер, қалай дегенмен екуің де маған бағыныштысыңдар. Адам баласы менсіз өмір сүре алмайды. Келіспесеңдер, Данышпанға жүгінейік, төрелегін сол айтсын.
Данышпан: — Өмірдің өзі де сабақ. «Байлық – бір жұттық», «Бақыт баянсыз». Ақыл бар жерде ғана Байлық та, Бақыт та, бірлік те, тірлік те, ынтымаң та түгел. Ақылмен бәрін ойдағыдай басқаруға, атқаруға, тындыруға болады. Ақылдың ойын өрбітіп, ісің оңға бастырып отыратын еңбек деген сүйеніші, тіреуі, тұтқасы болады. Оның алмайтын қамалы, қолы жетпейтін ырзығы жоқ. Сондықтан ақылды болып еңбек ете білген адам баласы байлыққа да, бақытқа да кенеліп, мәнді де сәнді өмір сүре алмайды.
I Шығармашылық жұмыс: төмендегі сөздерді қолданып “Ақыл-ой – жан қуаты” тақырыбына эссе жазыңыз.
Өмір, ақыл, бақыт, ниет, сәттілік, тағдыр, аялау, ойлану, ой, азаматтық, қымбат.
Сергіту сәті: “Рам-цам-цам” ойыны
Көңіл күйіңіз қалай? Сабақты жалғастыруға байынбыз ба?
II Назар аударыңыз:
Адамға тән алты қасиет:
Ұғымың, ойлы ететін зерде-зейінің
Қиындықта сыналатын қайратың
Ешқашан алдамайтын тапқырлығын
Тек ілгері бастайтын талабың
Сені өрге сүйрететін өнер-өрісің
Сені өрге сүйрететін өнер-өрісің
Адам баласының ең басты құндылығы – өмір. Ал өмірдің мәні ақылмен жасалған игі істермен бағаланады. Ақылды адам өмірде көп нәрсеге қол жеткізеді. Өйткені оның бойында жігер, талап, қайрат, өнер және болашаққа деген жарқын сенім мол болады. Ақылды адамдар іздену, ойлану, көп оқу және талмай еңбектену арқылы данышпандыққа, парасатқа жетеді. Ой-өрісі кең, білімдар адамның рухы биік, адамгершілігі жоғары болады.
“Кубизм”
Кубта берілген мәтін немесе өлеңнің мағынасын ашу.
Ақыл мен ырыс.
Қазақтың толықсып тұрған заманында бір адамға қыдыр дарып, бақ қонып, малы да, бағы да көтеріліп жұрт алдына түседі. Мал да, ақша да көбейіп дәуірлеп тұрғанда, ол бай да, бақытты да, ырысты да атанады. Бір күні ақыл мен ырыс тұрып былайша егеске кірді:
Ақыл: Бұл байға осынша дәулет, байлық, бақ бәрі де менің арқамда болды, мен болмасам бұл дәулеттің бірі де болмас еді дейді.
Ырыс: Жоқ, мен болмасам мал мен бақ болмас еді. Малмен бақ үшін ақылдың керегі жоқ, ырыс болса өзгесі өзі келе береді, — дейді.
Ақыл: Олай болса, байқасалық, — деп 13 жылдан бері байдың қолында жүрген қойшыға барып қонады. Ақыл кірген соң, малшы ойға қалады. Мен баяғыдан бері осы байға қызмет қылып келемін. Маған ақы да, пұл да бермейді, мен сұрағаным да жоқ, неге мен бұлай жүремін, ақы алып өз алдыма іс қылайын деп ойлапты да, кешке келіп байдан ақы сұрайды. Бай: «Алда, бейшара-ай, Құдай мұның есіне бірдене салған шығар», — деп бірнеше жүз сом, бір ат, бір арба беріп шығарады. Бұл жылда егін салып, әр уақыт суарып жақсы қарағандықтан, мұның егіні көп шығып, берекелі болады. Сол мезгілде маңайындағы бір патшаның әскеріне азық керек болып, астық іздеп жүргенде, әлгі жігітке жолығып, «дос болайық, барлық егінді маған бер» деген соң, «ел алған егін, жер алған тегін» деген еді ғой деп бар егінін береді.
Ақыл кеткен соң баяғы байдың дәулеті азайып, күннен-күнге кейін кетеді. Ырыс ақылға келіп, берекенің бәрі сенде екен, сензіз менің қолымнан түк келмейді, енді бір болайық деп, бұл да жігітке қонады
Достарыңызбен бөлісу: |