Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов. Өмір жолы, шығармашылығы. Ғасырлық туынды Ресурстар: Оқулық, 119-123-бет



Дата12.01.2023
өлшемі19,02 Kb.
#165416
түріСабақ
Байланысты:
529c383d57d28da480c5ebe705e165412f1d73b9


Күні: 12.01.2023
Пән: қазақ әдебиеті
Сынып: 11 «А»
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов. Өмір жолы, шығармашылығы. Ғасырлық туынды
Ресурстар: Оқулық, 119-123-бет
https://www.youtube.com/watch?v=enRiNptrRY4
Орындалатын тапсырмалар:
1.Константин Фединнің пікірімен танысыңдар.
Ұлт туралы толық та тұтас түсінікті бізге жазушының өнері береді.. Мұхтар Әуезов өзінің «Абайымен» менің қазақ халқы туралы түсінігімді толықтырды, мен енді ғана хош иісті самал ескен даланың жұпар ауасын жұтып, қазақ болып кеткен тәріздімін...
Константин Федин
2.М.Әуезовтің Өмірі мен шығармашылығы және Көркем шығармалары туралы мәтіндерді оқыңдар.


1-тапсырма. «Уақыт тізбегі» әдісі арқылы М.Әуезов өмірінен даталар тізбегін жасаңдар. (жазбаша)
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер. (жазбаша)

  • Тыйым салынған «Қилы заман» повесінің жарыққа шығуына кімдер көмектесті?

  • 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы қандай халық ақындарынын қандай шығармалары бар?

  • М.Әуезовтен кейін Қарқарадағы Албан көтерілісі деген атпен тарихта қалған осы көтеріліс туралы роман жазған жазушы бар ма? Болса, ол кім?

  • Жазушының өңгімелеріне қандай тақырыптар арқау болды?

  • M. Әуезовтің қазақ драматургиясына қосқан үлесі қандай?

  • Жазушының әдебиеттану ғылымына қатысты ғылыми еңбектерін атаңдар.



3. Роман мен роман-эпопея туралы түсінік

Роман

Эпопея

Көпжелілі эпикалық шығарма. Романда ұзақ уақыт байтақ кеңістік қамтылады. Кейіпкерлер бейнесі ол өмір сүрген уақытыпен суреттеледі.

Эпостық шығарманың ең көлемді түрі. Басты ерекшелігі – бір нәрсені бірнеше дәуірдің тарихи оқиғаларының кең көлемде шынайы суреттелуі, бірнеше ұрпақ өкілдерінің дараланған типтік бейнесінің жасалуы, тіл байлығының көрінуі.



4. «Тағылым тамшылары» айдарында берілген Мұхтар Әуезовтің «Мен Абай туралы қалай жаздым?" мақаласымен танысыңдар.
Роман-эпопеяның бөлімдері:

  1. «Қайтқанда»

  2. «Тайғақта»

  3. «Қат-қабатта»

  4. «Жайлауда»

  5. «Жолда»

  6. «Еңісте»

  7. «Шытырманда»

  8. «Оқапта»

  9. «Бел-белесте»

  10. «Асуда»

  11. «Өрде»

  12. «Тарауда»

  13. «Қияда»

  14. «Биікте»


5. Видеоматериалмен танысыңдар. https://www.youtube.com/watch?v=enRiNptrRY4
6. «Қайтқанда» бөлімін оқып, мазмұнын біліңдер.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет