25.10.2014 ж. Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Минералды сулар
Сабақтың мақсаты: Минералды суларың шығатын орны мен пайдасын,табиғаттағы маңызын түсіндіру.
Сабақтың білімділік міндеті: Жер асты үңгірлері туралы түсінік беру.Минералды сулар туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық міндеті : Тақырыптың мазмұнын ашу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту,танымдық қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік міндеті : Суды дұрыс пайдалана білуге және табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілдері: түсіндіру,көрсету,сұрақ -жауап,тірек- сызба,ассоциация, Венн диаграммасы.
Сабақтың көрнекілігі: карта,глобус,слайдтар,минералды сулар
Сабақтың барысы:
І.Қызығушылығын ояту:
Психологиялық дайындық.
а) Амандасу
ә)Топқа бөліп отырғызу.
б) Оқушылар бір-біріне суға қатысты тілектер мен теңеулер айту.
Мыс: Судай өтімді бол.Судай таза бол.Су сияқты шапшаң бол. Судай күшті бол. Су сияқты мөлдір бол. Денің қатты судай, мықты болсын. Су түбіндегі маржандай таза бол.
Топтар 5 балмен бағаланып отырылады.
Көп бал жинаған топқа қолдарындағы суретті сабақ соңында минералды суға ауыстырылатыны ескертіледі.Топтарға ат беріледі.
в) Үй тапсырмасын тексеру. Ассоциация құру.
Су тарауы бойынша 4 топқа 4 тапсырма беріледі. Музыка қосып қою.
І топ : ІІ топ:
Су-ғажайып зат
Судың қасиеттері
Табиғаттағы су айналымы
Жер асты сулары
ІІІ топ: ІV топ:
ІІ.Мағынаны тану: Жаңа сабақ. Минералды сулар.
Оқулықпен жұмыс:
Мәтінді тізбектей оқыту,мазмұндату.
1.Жер асты үңгірлері туралы түсінік беру.(Слайдпен жұмыс)
Қазақстанда 140-қа жуық үңгірлер бар. Қаратауда -80, Үстірт,Маңғыстауда -11 Cарыарқада -12 т.б.
2. Карсты үңгірлер. Еріту процестері нәтижесінде тау жыныстарда бір-бірімен жалғасқан қуыстар мен каналдардың тұтас жүйесі пайда болып, біртіндеп олардың өлшемдері үлкейе береді. Осындай жолмен әртүрлі қуыстар - карст үңгірлері пайда болады. Карст үңгірлерінің өлшемі кейде өте үлкен болады.
Достарыңызбен бөлісу: |