Сабақтың тақырыбы: Құмырсқалар. Кәдірбек Сегізбайұлы



бет4/4
Дата27.12.2016
өлшемі0,76 Mb.
#5750
түріСабақ
1   2   3   4

ҮІІ. Қорыту. Жылқы жасына қарай қалай аталатынын тауып, мына үлгі бойынша дәптеріңе жаз. 1 жаста – құлын, 2 жаста – тай, 3 жаста – құнан, 4 жаста – дөнен, 5 жаста – бесті, (ат).

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, жылқының тағы қандай пайдасы бар ? 2. Бағалау.


Тексерілді:

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Еріншек. Шәкәрім Құдайбердіұлы.

Мақсаты: Оқушыны Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еріншек» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту; тазалыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы. Бәрін ұғып алыңдар, сабаққа зер салыңдар.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Әңгімеде жылқының аналық мейірімі туралы не айтылады? Жылқының адамға қандай пайдасы бар деп ойлайсың?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сенің ойың? Әңгімені оқып шыққанда қандай сезімде болдың? Сені таңғалдырған жайт болды ма?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендердің араларыңда еріншектер бар ма? Олар қандай балалар деп ойлайсың?

Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Шәкәрім Құдайбердіұлы – қазақтың аса көрнекті ақындарының бірі. Жастайынан әкесінен жетім қалған Шәкәрім немере ағасы Абай өз қамқорлығына алады. Ол өз бетінше оқып, араб, парсы, орыс тілдерін жетік меңгереді. Шәкәрімнің әдеби мұралары қазақ әдебиеті үшін асыл қазына болып есептеледі.

Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп, түсініп, жалғастырып оқу. Әр шумаққа көңіл бөліп, түсінігін әңгімелеу.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Өлеңде адам бойындағы қандай жағымсыз қылықтар сыналады? Автордың қорытынды ойы қандай? Ол өлеңнің қай шумақтарында жазылған?

2. Өлеңге және мына кестеге сүйеніп, еріншек адамның бойындағы жағымсыз қылықтарды дәптеріңе толтырып жаз.



Еріншек адам қандай болады?

1. Салақ

2. Надан


3. Адамдығы жоқ



ҮІІ. Қорыту. Қалай ойлайсың, еріншектік жақсы қылық па?

Сенің жалқау, еріншек болғың келеді ме?



ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Мәнерлеп, түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.

Тексерілді:

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Жаз келер. Шәкәрім Құдайбердіұлы.

Мақсаты: Оқушыны Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жаз келер» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Өлеңді мәнерлеп оқу. Өлеңде адам бойындағы қандай жағымсыз қылықтар сыналады? Автордың қорытынды ойы қандай? Ол өлеңнің қай шумақтарында жазылған?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Қалай ойлайсың, еріншектік жақсы қылық па?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жаз келер» атты өлеңінен табиғат байлығының көркемдігімен, ондағы көбею, бота, құлын, бұзау, лақ, қозылардың ойнақтап, адам көзінің тойюы, қуанышы жайлы білейік.

Оқулықпен жұмыс. Мәнерлеп, түсініп оқу.

Сөздік жұмыс.

Харекет – әрекет (тіршілік мағынасында).

Несіп – ырыс, ризық, береке. Ақын жаз көрінісін қалай суреттеген? Өлең шумақтарын оқыған кезде көз алдыңа нелер елестейді?

Шәкәрім Құдайбердіұлы



ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Адамдар туралы қай шумақта айтылған? Тауып оқы. Мына сызбаға сүйеніп, Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы (3 класта оқығаның бойынша) деректер жаз.

Қай жылы туған?

(1858-1931)

Қандай шығармалары бар?

(«Аманат», «өлеңдер мен шығармалар жинағы», «Қазақ айнасы» ө/ж. т.б.)

Шәкәрім жөнінде мен не білдім?




ҮІІ. Қорыту. 3 класта Шәкәрімнің қандай өлеңімен таныстың? Есіңе түсір. «Адамдық борышың», «Бостандықтың таңы атты», «Бір кесе меруерт»).

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, жаттау. 2. Бағалау.

Тексерілді:

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Наурыз. Міржақып Дулатов.

Мақсаты: Оқушыны Міржақып Дулатовтың «Наурыз» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Өлеңді жатқа айту. Ақын жаз көрінісін қалай суреттеген? Өлең шумақтарын оқыған кезде көз алдыңа нелер елестейді?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Адамдар туралы қай шумақта айтылған? Шәкәрім туралы не білеміз?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық. Наурыз қандай мереке? Ол мерекеге сендер қалай дайындаласыңдар?



Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Міржақып Дулатов – қазақтың белгілі ақыны, жазушы, ағартушы-педагог. Жастайынан жетім қалып, ағасының қамқорлығында өседі. 1928 жылы халық жауы деген жалған жаламен 10 жылға абақты жазасына кесіледі. Абақтыда жатып, ауыр науқастан қайтыс болады. Қазақ әдебиетінің алғашқы романы болып саналатын «Бақытсыз Жамал» атты романы бар.

Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Бірінші шумақтың соңғы жолын қалай түсінесің? «Қыс шыққан өлмей тірі» деген жолдан өлеңнің қай кезде жазылғанын аңғарасың?

2.«Өшпес өмір өнегелері» деген тарауда М. Дулатовтың қандай шығармасымен таныстың. Есіңе түсір. («Шешенің балаларын сүюі»)



ҮІІ. Қорыту. Ұйқасы бойынша екінші шумақтың сызбасын дәптеріңе сал.


І шумақ

ІІ шумақ







ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Мәнерлеп, түсініп оқу. 2. Бағалау.


Тексерілді:

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Наурыз. Сәкен Сейфуллин.

Мақсаты: Оқушыны Сәкен Сейфуллиннің «Наурыз» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Міржақып Дулатовтың «Наурыз» атты өлеңін жатқа сұрау. Бірінші шумақтың соңғы жолын қалай түсінесің? «Қыс шыққан өлмей тірі» деген жолдан өлеңнің қай кезде жазылғанын аңғарасың?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Наурыз тойы жайлы не білесіңдер? Ол қай уақытта тойланады?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Ү. Жаңа сабақ: Сәкен Сейфуллин (1894-1938) – қазақтың көрнекті ақын, драматург және қоғам қайраткері. Қарағанды облысында туған, «Көкшетау» , «Қызыл сұңқарлар», «Тар жол тайғақ кешу», «Қыр балалары» т.б. шығармалары бар.

Оқулықпен жұмыс. Мәнерлеп, түсініп оқу. Әр шумақты кезекпен жалғастырып оқу. түсінігін айту. Өлеңге сүйеніп, Наурыз айында болатын табиғаттағы өзгерістер туралы айтып бер.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Өлеңде адам кейпінде бейнеленген табиғат құбылыстарын (кейіптеуді) мына үлгі бойынша жазып шық.

Қайтеді?


Жаз құшақтайды, беттен сүйеді.

Су асығып,қар еріп жатыр сылқылдап

Құстар жүр, шаттанып, жырлап сұңқылдап

Мал өзінше, жүр жадырап далада.

Әрбір шумақты жеке-жеке оқып, М.Дулатұлының «Наурыз» өлеңімен салыстыр. Екі өлең мазмұнында қандай ұқсастық бар? Ортақ тақырыптарды дәптеріңе жаз.


Сәкен Сейфуллин. «Наурыз»

Міржақып Дулатұлы. «Наурыз»

Адам да, мал да жадырап жүр.

Мал мен жан қуанып жүр.








ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? Наурыз айында болатын табиғаттағы өзгерістер туралы айтып бер.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Мәнерлеп, түсініп оқу. 2. Бағалау.

Тексерілді:

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Қанат туралы хикая

Мақсаты: Оқушыны Фариза Оңғарсынованың «Қанат туралы хикая» атты өлеңін түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту, мейрімділікке, адамгершілікке баулу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Жатқа сұрау. Ана деген сөзбен қандай сөздердің байланысы бар? Ақын ананы кімге теңейді?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сенің ойың? Ана кім?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Ү. Жаңа сабақ: 1. Фариза Оңғарсынова – ана тақырыбына лирикалық өлеңдер жазған қазақтың дарынды ақындарының бірі. Ол көптеген өлең кітаптарының авторы.

2. Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқу. Әр шумақтың мәніне көңіл бөлу.

3. Сөздік жұмыс. Хикая – сюжетке құрылған оқиға желісі. Әдебиет жанрының бір түрі.

4. Өлең не жайында жазылған? Ақын балапан қанатының сынғанын көріп, қандай ойға келеді?



ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Ата-анаңа қандай тілек тілегің келеді? Тілегіңді дәптеріңе жаз. ? Балапанға ол қандай көмек көрсетті? Неге меніңде екі қанатым бар екен деді? Ақын өзінің қанатым деп кімдерді айтты? Ақынның қандай тілегі бар еді?

ҮІІ. Қорыту. Ана туралы мына мақал-мәтелдердің екінші жолын тауып жаз.

1. Ана сүтін ақтамағанды, алла жақтамайды.

2. Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, (жаттап ал), 3 – 4 мақал жазып кел. 2. Бағалау.


Тексерілді:

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Бақшада. Машқар Гумеров.

Мақсаты: Оқушыны Машқар Гумеровтың «Бақшада» әңгімесін түсініп оқуға үйрету, өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту, оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу;

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Өлең не жайында жазылған? Ақын балапан қанатының сынғанын көріп, қандай ойға келеді? Балапанға ол қандай көмек көрсетті? Неге меніңде екі қанатым бар екен деді? Ақын өзінің қанатым деп кімдерді айтты? Ақынның қандай тілегі бар еді?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сенің ойың? Қалай ойлайсың сенің қанатың бар ма?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Балалар, сендер бақшада жұмыс істедіңдер ме? Онда қандай жұмыстарды атқардыңдар?



Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Машқар Гумеровтың «Бақшада» әңгімесін түсініп оқып, Серіктің картоптың кеселін қалай тапқаны жайлы білейік.

Оқулықпен жұмыс. Әңгімені түсіндіріп, жалғастырып оқу. Балалар бақшада не істеді? Серік не нәрсеге таңданды? Картоп ауруы қалай аталады екен? Оны қалай емдеуге болады? Картоп ауруын емдейтін сұйық қалай аталады? («Бордос» ).

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Мына жоспарды әңгіме мазмұнына сәйкестендіріп қайта құрап жаз.

1. Кәрімнің картоп ауруын анықтауы. (3)

2. Балалардың бақшаға келуі. (1)

3. Серіктің байқағыштығы. (2)

2.Әңгімедегі Кәрімнің портретін көрсететін тіркестерді тауып жаз. (ақ сұр жүзді, ат жақты, қою қара шашын кейін қайырған бір жігіт ...). Өсімдікті емдеудің тағы қандай жолын білесің?



ҮІІ. Қорыту. Портрет пен мінездеудің қандай айырмасы барын білесің бе?

Портрет тек кейіпкердің сыртқы бейнесін суреттеп көрсетсе, мінездеуде кейіпкердің ішкі мінез-құлқы мен сыртқы бейнесі, іс-әрекеті бір-бірімен байланыстыра көрсетіледі.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.


Тексерілді:

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Жылқы. Сәбит Мұқанов.

Мақсаты: Оқушыны Сәбит Мұқановтың «Жылқы» атты әңгімесін түсініп оқуға үйрету, өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып,

Адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.



Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Портрет дегеніміз не? Мінездеумен қандай айырмашылығы бар? Балалар бақшада не істеді? Серік не нәрсеге таңданды? Картоп ауруы қалай аталады екен? Оны қалай емдеуге болады? Картоп ауруын емдейтін сұйық қалай аталады? («Бордос» ).

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Өсімдікті емдеудің тағы қандай жолын білесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық.

Жылқы қандай мал? Оның адамға қандай пайдасы бар? Өзің жылқы бағып көрдің бе?



Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Сәбит Мұқановтың «Жылқы» атты әңгімесінен жықы малының пайдасы жайлы керекті мәліметтер алайық. Оқулықпен жұмыс. Әңгімені түсініп, жалғастырып оқу. Әңгімеден Мақаңның сөзін тауып оқы. Оның сөзіне сүйеніп, өзіңше қорытынды жаса. Сөздік жұмыс. Қос – шөп шабу, егін салу, егін жинау, жылқыны қысқы отарда бағу кезінде көшіп-қонуға ыңғайлы, тігуі, жығуы оңай баспана. Әңгімеде жылқының аналық мейірімі туралы не айтылады? Жылқының адамға қандай пайдасы бар деп ойлайсың? Батырлар жырындағы жылқының қасиеттерін есіңе түсір.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Әңгімені оқып шыққанда қандай сезімде болдың? Сені таңғалдырған жайт болды ма? 2. Жылқының пайдасы жөнінде айтқан пікіріңді дәлелде.



Жылқының пайдасы

Дәлел

1. Еті

Өзге малдың етінен күшті, қуатты, құрттаса таза етіне жеткенде өліп қалады.

2. Қымызы

Өкпе ауруына ем, ол сүтінің өте күштілігінен.

3. Терісі

Жылқының терісінің исіне жылан жоламайды, жылан шаққан адамға аттың аттың терін ішкізсе, мың да бір ем, терісі асыл болғаны.


ҮІІ. Қорыту. Жылқы жасына қарай қалай аталатынын тауып, мына үлгі бойынша дәптеріңе жаз. 1 жаста – құлын, 2 жаста – тай, 3 жаста – құнан, 4 жаста – дөнен, 5 жаста – бесті, (ат).
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, жылқының тағы қандай пайдасы бар ? 2. Бағалау.

Тексерілді:

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Еріншек. Шәкәрім Құдайбердіұлы.

Мақсаты: Оқушыны Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еріншек» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту; тазалыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы. Бәрін ұғып алыңдар, сабаққа зер салыңдар.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Әңгімеде жылқының аналық мейірімі туралы не айтылады? Жылқының адамға қандай пайдасы бар деп ойлайсың?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

Сенің ойың?

Әңгімені оқып шыққанда қандай сезімде болдың?

Сені таңғалдырған жайт болды ма?



ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендердің араларыңда еріншектер бар ма? Олар қандай балалар деп ойлайсың?

Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Шәкәрім Құдайбердіұлы – қазақтың аса көрнекті ақындарының бірі. Жастайынан әкесінен жетім қалған Шәкәрім немере ағасы Абай өз қамқорлығына алады. Ол өз бетінше оқып, араб, парсы, орыс тілдерін жетік меңгереді. Шәкәрімнің әдеби мұралары қазақ әдебиеті үшін асыл қазына болып есептеледі. Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп, түсініп, жалғастырып оқу. Әр шумаққа көңіл бөліп, түсінігін әңгімелеу.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Өлеңде адам бойындағы қандай жағымсыз қылықтар сыналады? Автордың қорытынды ойы қандай? Ол өлеңнің қай шумақтарында жазылған? 2. Өлеңге және мына кестеге сүйеніп, еріншек адамның бойындағы жағымсыз қылықтарды дәптеріңе толтырып жаз.


Еріншек адам қандай болады?

1. Салақ

2. Надан


3. Адамдығы жоқ



ҮІІ. Қорыту. Қалай ойлайсың, еріншектік жақсы қылық па? Сенің жалқау, еріншек болғың келеді ме?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Мәнерлеп, түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет