Сабақтың тақырыбы: Құмырсқалар. Кәдірбек Сегізбайұлы



бет3/4
Дата27.12.2016
өлшемі0,76 Mb.
#5750
түріСабақ
1   2   3   4

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Жазушы қандай оқиғаға куә болды? Жалғыз өркешті нар түйе қай жерді мекендеп жүр екен? Түйе ботасын ертіп қайда кетпекші болды? Түйенің иесі ботаны құшақтап тұрып не деп айтты?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Ермекбай нар жайлы не деді? Қылышбайдан қандай хат келді? Онда не жайлы жазылған еді? Түйе мен ботасына не болды? Олар қандай күйге ұшырады? Түйенің емі не екен? Түйені кімге сыйлады?

Ү. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық.

Ілияс Жансүгіров туралы не білеміз? Оның қандай шығармаларымен таныстық? Ілияс Жансүгіров (1894 – 1938) - белгілі ақын әрі жазушы, Алматы облысында туған, «Балаларға тарту», «Құлагер», «Балаларға базарлық», «Малта» атты кітаптары бар.

Ү. Жаңа сабақ: кіріспе: Ілияс Жансүгіров – қазақ халқының аса дарындытақындарының бірі. Балаларға арналған шығармалар жазған . Ілияс Жансүгіров «Көкшетау» өлеңінде айшықты, көркем, бейнелі сөздерді шебер қолданған. Міне, осы өлеңінен әсемдік пен көркемдікті байқап, әсемдікті сипаттап, сүйсініп көрелік.

Оқулықпен жұмыс: мәнерлеп, түсініп оқу. Әр шумаққа көңіл бөле отырып, талдау. Таудың әсемдігі мен көркемдігі өлеңнің қай шумақтарында айтылған? (2, 4, 5, 6, 8). Ақын суреттеген таудың биіктігі өлеңнің қай жолдарынан көрінеді? (3, 4). Ақын тауды кімге теңейді? (бойын күткен сұлуға).

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Өлеңдегі бейнелі, көркем сөздерді мына сызбаға сүйеніп, теріп жаз.

Қандай тау? Қандай тас?

Жомарт малта

Момақан маржан

Шипа ақық, меруерт

Бір нәрсені басқалардан бөлектеп, көзге ерекше түсетіндей етіп көрсету үшін көркем, бейнелі сөздер қолданылады. Мысалы: «тау» сөзіне қатысты өлеңдегі «момақан тау», «жомарт тау» дегендердегі «момақан», «жомарт» сөздері тау суретін ерекшеле, бейнелеп көрсетіп тұр.


ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы білдік? Саған бұл өлең ұнады ма? Ұнаса несімен ұнады?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Түсініп, мәнерлеп оқу, мазмұнын әңгімелеу. 2. Бағалау.

Тексерілді:

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Тасбақаның шөбі. Әбіш Кекілбай.

Мақсаты: Оқушыны Әбіш Кекілбайдың «Тасбақаның шөбі» атты әңгімесін түсініп оқуға үйрету, өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту; табиғатты зертей білуге баулу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Өлеңде кім туралы жазылған? Ұшқыш көкте жүріп неге қызығады? 2. Туған жер туралы мақалдар айту, оның мағынасын түсіндіру.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сенің ойың? Туған жерге деген сенің сезімің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2. Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендер тасбақаны көргендерің бар ма? Ол туралы не білесің?



Ү. Жаңа сабақ:

кіріспе: Әбіш Кекілбайдың «Тасбақаның шөбі» атты әңгімесінен тасбақаның әрекеті, ондағы қазақ халқының ырымдары иуралы білеміз. Оқулықпен жұмыс. Түсініп, жалғастырып оқу.

сөздік жұмыс. Көсік – далада, құмдақ жерде өсетін сәбіз тәрізді жабайы өсімдік. Әңгімеден тасбақаны суреттеген жерді, оның қимыл-әрекетін тауып оқы.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

1. Жазушы «кісі мінсе кібіртік, бос жіберсең суаяқ құла» деп нені айтып отыр? Қарабала келе жатып нені көрді? Оның есіне халықтың қандай ырымы түсті? («тасбақаның жазғытұрым жер астынан тістеп шыққан шөбін алған адамның қай қалауы да орындалады» ырым бар).



2. «Әлі бауыр көтере қоймаған қу жусан» дегенді басқа сөйлеммен ауыстырып жаз. (әлі көктеп жердің бетіне шығып үлгермеген жас шөп).

ҮІІ. Қорыту. Өзің білетін ырымдарды кестеге қарап жазып шық.


Қандай ырымдар бар?

Неге?

1. Сыпырғышты тіркеп қоймайды.

Дұшпаның басым болады.

2. Екі қолды төбеге қоюға болмайды.

Өмірден қайғы-қасірет көрген адам осылай істейді

3.




4.





ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, мәтін бойынша сурет салу. 2. Бағалау.

Тексерілді:

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Жарық түнде жайлауда. Әбділда Тәжібаев.

Мақсаты: Оқушыны Әбділда Тәжібаевтың «Жарық түнде жайлауда» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын, іздену қабілетін дамыту.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Жазушы «кісі мінсе кібіртік, бос жіберсең суаяқ құла» деп нені айтып отыр? Қарабала келе жатып нені көрді? Оның есіне халықтың қандай ырымы түсті? («тасбақаның жазғытұрым жер астынан тістеп шыққан шөбін алған адамның қай қалауы да орындалады» ырым бар).

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Қандай қазақтың ырымдарын білесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық.

Әбділда Тәжібаев – ақын, драматург, ғалым. Көптеген шығармалары шетел халықтарының тілдеріне аударылған. Балаларға арналған «Құрдастар», «Толағай», «Жастық жырлар», т.б. жыр жинақтары бар.

Ү. Жаңа сабақ: кіріспе: Әбділда Тәжібаевтың «Жарық түнде жайлауда» атты өлеңін оқи отырып, Қазақтың кең байтақ өмірімен танысайық.

Оқулықпен жұмыс: мәнерлеп, түсініп оқу. Қайталанған өлең жолдарын тауып оқы. (1,5). Автор бұл өлең жолдарын неліктен қайталап отыр деп ойлайсың?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Өлеңде не жайлы айтылады?

2. Өлеңнің соңғы шумағындағы сөздерді пайдаланып, сөзжұмбақты шеш.



Жарық түнде, жазық дала, жайлауда,

Жалықпаймыз атқанша таң сайрауға.



Ай астында алтыбақан тербеліп,

Үйренгенбіз толқынды жыр толғауға. «Жайлау» сөзі шығады.


ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? Сөзжұмбақтан шыққан сөз бойынша шағын әңгіме құра.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, мәнерлеп оқу.
Тексерілді:

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Ана тілі. Ғафу Қайырбеков.

Мақсаты: Оқушыны Ғафу Қайырбековтың «Ана тілі» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

- Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар. Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Өлеңді мәнерлеп, жалғастырып оқу. Өлеңде не жайлы айтылады? Ақын өзінің еліне, жеріне, кең сайрап жатқан жайлауына деген сүйіспеншілігін қалай жеткізген?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Осы өлеңді оқығанда өзің қандай сезімде болдың?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Ана тілі туралы қандай өлеңдер жатқа білесіңдер? Қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? (Мұхтар Шаханов. «Төрт ана», т.б.).

Ү. Жаңа сабақ:

кіріспе: Ғафу Қайырбеков – көрнекті ақын әрі жазушы. Ақынның қырықтан астам кітабы жарық көрген. «Ана тілі» өлеңінде қазақ тілінің ерекше қасиеті мен байлығын паш етеді. Оқулықпен жұмыс. Мәнерлеп, түсініп оқу.

Жарысып, жалғастырып оқу.

Ақын нені ұмытпаспын дейді?

Неге тозбайтын асыл сөз?

Мыңдаған ақын сен туралы жазса да тауыса алар ма екен? – деп не жайлы айтады?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

1. Өлең жолдарында қазақ тілінің байлығы мен ұлылығы туралы ақын не дейді?

2. Өлеңнің соңғы жолдары бойынша қандай қорытынды шығаруға болады?

ҮІІ. Қорыту. «Ана тілім – тірлігімнің айғағы» тақырыбына тіл туралы бір шумақ өлең қосып, шағын әңгіме жаз.

3. ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Жаттау. 2. Бағалау.


Тексерілді:

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Апамның астауы. Оралхан Бөкей.

Мақсаты: Оқушыны Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» атты әңгімесін түсініп оқуға үйрету, өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту; баланың анаға деген сүйіспеншілігін, мейірімін сезінуге баулу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. . Ақын нені ұмытпаспын дейді? Неге тозбайтын асыл сөз? Мыңдаған ақын сен туралы жазса да тауыса алар ма екен? – деп не жайлы айтады?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Өлең жолдарында қазақ тілінің байлығы мен ұлылығы туралы ақын не дейді? Өлеңнің соңғы жолдары бойынша қандай қорытынды шығаруға болады?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Ү. Жаңа сабақ: Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» атты әңгімесін оқи отырып, әр баланың асылы «апасы» жайлы әңгімелеу. Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу. Сөздік жұмыс.

Келі – тары, бидай, т.б. дәнді дақылдарды түйетін, ұнтақтайтын ағаштан жасалған құрал. Астау – ағаштан ойылып жасалған ас салатын ыдыс.

Әңгімешінің (автордың) балалық шақта ойнаған ойындары қандай екен?

Әңгімені оқып отырып, Апаны көз алдына қалай елестеттің?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Әңгімешінің Апасына берген мінездемесіне және мына үлгілік сызбаға сүйеніп,

Қандай? Сұрағына жауаптар жаз. 1.

Қандай

Арық ашаң кемпір

Тарамысты мықты саусақтар

Тыртықтанған әдемі ажар

Қара бұйра шаш

1. Жазушының апасын сағынған,аңсаған сезімі айтылатын жолдарды тауып, дәптеріңе жаз. (Дүние жүзінде апамның қойнынан аңқып шығар әжелік иістен жағымды не бар екен жалғанда! Бұл жалғанда қас қарая ...)



Мінездеу дегеніміз адамның сыртқы келбеті, жүріс-тұрысымен бірге ішкі жан-дүниесін, мінезін, жақсы-жаман қылықтарын суреттеу.

ҮІІ. Қорыту. Үйден алыста болсаң, өз анаңды немесе әжеңді сағынған кезде не деп хат жазар едің? Хат жазып көр.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу, хат жазу. 2. Бағалау.

Тексерілді:

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Ана. Баубек Бұлқышев.

Мақсаты: Оқушыны Баубек Бұлқышевтің «Ана» мәтінін түсініп оқуға үйрету, ана туралы жазған жазушының жалынды, көркем, әсерлі сөздері арқылы баланың анаға деген махаббат сезімін сезінуге баулу; сөздік қорын байыта отырып, дұрыс сөйлеуге, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту. Анааы сыйлауға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламыз. Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Әңгімешінің (автордың) балалық шақта ойнаған ойындары қандай екен? Әңгімені оқып отырып, Апаны көз алдына қалай елестеттің? Жазушының апасын сағынған, аңсаған сезімі айтылатын жері саған қандай әсер етті?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сенің сезімің? Өз анаңды, апаңды, әжеңді қалай сипаттап айтар едің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2. Жаңа сабаққа даярлық.

Ана жайлы қандай мақалдарды білесің? (Күннің шуағы – жылы, Ананың құшағы – жылы.). 2. Ақынның сұрағына жауап бер.

Бұл кім?

«Бала, бала, бала!»деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған. (Ана)

Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Баубек Бұлқышевтің «Ана» мәтінін мәнерлеп оқу, компьютерден немесе интерактивті тақтадан тыңдау. Бұл мәтін кім туралы? Сөздік жұмыс. Уанбай – жуанбай, мазасы кету. Мәтінді оқыған кезде автордың ішкі толғанысын, тебіренісін сезіндің бе?
Ең бір жақының

Ең бір ұстазың.



ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Ана кім? Сұрағына жауап берелік

Ең бір досың

Дүниедегі ең қымбат адамың.

2.Мәтіндегі екінші абзацты дауыс ырғағына келтіріпоқы.(Шырылдапжергетүскенненақсеніңбір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол – ана: қара жерді баспай жатып, ...)

3. Мына тіркес сөздерді пайдаланып, «Ана» немесе «Асыл әжем» тақырыбына шағын әңгіме жаз. Тірек сөздер: жақын жан, ыстық алақаны, жұмсақ даусы, айналып-толғанғаны.

ҮІІ. Қорыту. Мәтінді дауыс ырғағына келтіріп жатқа айтуға үйрен.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, жаттау. 2. Бағалау.

Тексерілді:

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Қанат туралы хикая

Мақсаты: Оқушыны Фариза Оңғарсынованың «Қанат туралы хикая» атты өлеңін түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту, мейрімділікке, адамгершілікке баулу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Жатқа сұрау. Ана деген сөзбен қандай сөздердің байланысы бар? Ақын ананы кімге теңейді?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сенің ойың? Ана кім?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Ү. Жаңа сабақ: 1. Фариза Оңғарсынова – ана тақырыбына лирикалық өлеңдер жазған қазақтың дарынды ақындарының бірі. Ол көптеген өлең кітаптарының авторы.

2. Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқу. Әр шумақтың мәніне көңіл бөлу.

3. Сөздік жұмыс. Хикая – сюжетке құрылған оқиға желісі. Әдебиет жанрының бір түрі.

4. Өлең не жайында жазылған? Ақын балапан қанатының сынғанын көріп, қандай ойға келеді?



ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Ата-анаңа қандай тілек тілегің келеді?

Тілегіңді дәптеріңе жаз. ? Балапанға ол қандай көмек көрсетті?

Неге меніңде екі қанатым бар екен деді?

Ақын өзінің қанатым деп кімдерді айтты?

Ақынның қандай тілегі бар еді?

ҮІІ. Қорыту. Ана туралы мына мақал-мәтелдердің екінші жолын тауып жаз.

1. Ана сүтін ақтамағанды, алла жақтамайды.

2. Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, (жаттап ал), 3 – 4 мақал жазып кел. 2. Бағалау.

Тексерілді:

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Бақшада. Машқар Гумеров.

Мақсаты: Оқушыны Машқар Гумеровтың «Бақшада» әңгімесін түсініп оқуға үйрету, өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту, оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу;

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Өлең не жайында жазылған? Ақын балапан қанатының сынғанын көріп, қандай ойға келеді? Балапанға ол қандай көмек көрсетті? Неге меніңде екі қанатым бар екен деді? Ақын өзінің қанатым деп кімдерді айтты? Ақынның қандай тілегі бар еді?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сенің ойың? Қалай ойлайсың сенің қанатың бар ма?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Балалар, сендер бақшада жұмыс істедіңдер ме? Онда қандай жұмыстарды атқардыңдар?



Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Машқар Гумеровтың «Бақшада» әңгімесін түсініп оқып, Серіктің картоптың кеселін қалай тапқаны жайлы білейік.

Оқулықпен жұмыс. Әңгімені түсіндіріп, жалғастырып оқу. Балалар бақшада не істеді? Серік не нәрсеге таңданды? Картоп ауруы қалай аталады екен? Оны қалай емдеуге болады? Картоп ауруын емдейтін сұйық қалай аталады? («Бордос» ).

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Мына жоспарды әңгіме мазмұнына сәйкестендіріп қайта құрап жаз.

1. Кәрімнің картоп ауруын анықтауы. (3)

2. Балалардың бақшаға келуі. (1)

3. Серіктің байқағыштығы. (2)

2.Әңгімедегі Кәрімнің портретін көрсететін тіркестерді тауып жаз. (ақ сұр жүзді, ат жақты, қою қара шашын кейін қайырған бір жігіт ...). Өсімдікті емдеудің тағы қандай жолын білесің?



Портрет тек кейіпкердің сыртқы бейнесін суреттеп көрсетсе, мінездеуде кейіпкердің ішкі мінез-құлқы мен сыртқы бейнесі, іс-әрекеті бір-бірімен байланыстыра көрсетіледі.

ҮІІ. Қорыту. Портрет пен мінездеудің қандай айырмасы барын білесің бе?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.
Тексерілді:

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Жылқы. Сәбит Мұқанов.

Мақсаты: Оқушыны Сәбит Мұқановтың «Жылқы» атты әңгімесін түсініп оқуға үйрету, өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып,

Адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.



Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Портрет дегеніміз не? Мінездеумен қандай айырмашылығы бар? Балалар бақшада не істеді? Серік не нәрсеге таңданды? Картоп ауруы қалай аталады екен? Оны қалай емдеуге болады? Картоп ауруын емдейтін сұйық қалай аталады? («Бордос» ).

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Өсімдікті емдеудің тағы қандай жолын білесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық.

Жылқы қандай мал? Оның адамға қандай пайдасы бар? Өзің жылқы бағып көрдің бе?



Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Сәбит Мұқановтың «Жылқы» атты әңгімесінен жықы малының пайдасы жайлы керекті мәліметтер алайық.

Оқулықпен жұмыс. Әңгімені түсініп, жалғастырып оқу. Әңгімеден Мақаңның сөзін тауып оқы. Оның сөзіне сүйеніп, өзіңше қорытынды жаса.

Сөздік жұмыс. Қос – шөп шабу, егін салу, егін жинау, жылқыны қысқы отарда бағу кезінде көшіп-қонуға ыңғайлы, тігуі, жығуы оңай баспана.

Әңгімеде жылқының аналық мейірімі туралы не айтылады? Жылқының адамға қандай пайдасы бар деп ойлайсың? Батырлар жырындағы жылқының қасиеттерін есіңе түсір.



ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Әңгімені оқып шыққанда қандай сезімде болдың? Сені таңғалдырған жайт болды ма?

2. Жылқының пайдасы жөнінде айтқан пікіріңді дәлелде.




Жылқының пайдасы

Дәлел

1. Еті

Өзге малдың етінен күшті, қуатты, құрттаса таза етіне жеткенде өліп қалады.

2. Қымызы

Өкпе ауруына ем, ол сүтінің өте күштілігінен.

3. Терісі

Жылқының терісінің исіне жылан жоламайды, жылан шаққан адамға аттың аттың терін ішкізсе, мың да бір ем, терісі асыл болғаны.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет