Сабақтың тақырыбы Моносахаридтер. Глюкоза. Фруктоза Сабақтың мақсаты



Дата10.12.2019
өлшемі21,34 Kb.
#53274
түріСабақ
Байланысты:
11 А глюкоза


11 А сынып




Сабақтың тақырыбы

Моносахаридтер.Глюкоза.Фруктоза

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Глюкозаның құрылысы, табиғатта түзілуі, алынуы, жалпы қасиеттері, маңызы мен қолданылуы туралы түсінік беру және білімдерін кеңейту;
Дамытушылығы: Оқушылардың зейінін, танымдық белсенділігін, өзіндік пікірін қалыптастыру, ой өрісін, шығармашылық мүмкіндігін дамыту;
Тәрбиелілігі: Оқушыларды сабақтың мазмұнына бойынша алғырттыққа, өз бетінше ізденуге, бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Оқу нәтижелері

Көмірсулардың құрамы, құрылысы және қасиеттерімен танысады

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Сабақ әдісі

ақпаратты, түсіндірмелі, сұрақ – жауап, интерактивті оқыту әдісі

Көрнекілігі

Д.И. Менделеев периодтық жүйесі, дидактикалық таратпа материалдар, интерактивті тақта, слайдтар

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеті

Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу; сыныпты түгендеу

Үй тапсырмасы


  1. Көмірсулар деп аталу себебі не?

  2. Көмірсулар қалай жіктеледі?

  3. Көмірсулардың маңызы қандай?

  4. Көмірсулар табиғатта қайда кездеседі?

Негізгі бөлім

Глюкоза (жүзім қанты) — Денеге тез және жеңіл сіңетін қанттың қарапайым түрі. Ол жеміс-жидектерде және балда болады, денедегі суды қалпына келтіруге пайдалануға арналған ақ ұнтақ түрінде сатылады. Глюкоза — моносахарид тобындағы көмірсутек. Тамақ өнеркәсібінде, медицинада және аналитикалық химияда реактив ретінде қолданылады.

Глюкозаның табиғатта түзілуі мен алынуы
1. Табиғатта глюкоза фотосинтез реакциясы нәтижесінде түзіледі.
2. Қантты заттарды, ең алғаш A. M. Бутлеров (1861 ж.) кальций гидроксиді қатысында формальдегидтен синтездеді:
Химиялық қасиеттері
Глюкоза құрамында альдегид тобы бар көпатомды спирт болғандықтан, альдегидтерге және көпатомды спирттерге тән екі жақты қасиет көрсетеді.
Альдегид тобына тән реакциялары
Глюкоза жақсы тотықсыздандырғыш, жұмсақ тотықтырғыштардың әсерінен, мысалы, күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен альдегид тобы ғана тотығып, глюкон қышқылына айналады:
Мыс (II) гидроксидімен қыздырғанда, альдегид тобы тотығып, карбоксил тобына айналады және мыс (І) оксидінің қызыл түсті тұнбасы түзіледі: Қоспаның түсінің өзгеруін алма және жүзім құрамында глюкоза бар екені анықталды. Глюкозаның альдегид тобы тотықсыздану реакциясына да түседі. Катализатор қатысында сутекпен тотықсызданғанда, глюкоза алтыатомды спирт — сорбит түзеді:
C6H12O6+H2=C6H8(OH) 6 сорбит
Глюкозаның көпатомды спирттерге тән қасиеттері
Күрделі эфирлер түзілуі. Қанттардың гидроксил топтары этерификация реакциясына оңай түседі. Кең таралған этерификация реакциясы ацилдеу, оны сірке ангидридімен катализатор (ZnCl2, H2SO4 натрий ацетаты) қатысында жүргізеді.

Спирттік ашуы. Ашытқы ферменті әсерінен ашып, глюкозадан этанол түзіледі. Бұл процестің химизмі өте күрделі. Жүретін өзгерістерді қысқаша былай жазады:
С6Н12O6 → 2С2Н5ОН + 2СO2
Сүт қышқылды ашуы. Глюкоза сүт қышқылды ашығанда, сүт қышқылы түзіледі. Процесс сүт қышқылды бактерия ферменттерінің әсерінен жүреді:
C6H12O6 → 2CH3 - CH - OH - COOH сүт қышқылы
Тотығуы. Органикалық қосылыс болғандықтан, глюкоза толық тотыға алады. Ең соңғы өнім ретінде көміртек (IV) оксиді мен су түзіледі. Бұл процесті ықшамдап былай жазуға болады:
С6Н12O6 + 6O2 → 6СO2 + 6Н2O + Q

Фруктоза (левулоза, жеміс қанты) - моносахаридтер тобына жататын глюкозаның изомері. Фруктоза сахароза мен инулиннің құрамдас бөлігі болып табылады. Фруктозаның жеміс қанты деп аталу себебі, ол табиғи күйінде барлық жеміс - жидектердің құрамында кездеседі. Балдың негізгі бөлігі фруктозадан тұрады.
Фруктозаның негізгі қасиеттерінің бірі – оның тәттілігі, ол сахарозадан 1, 5 - 1, 7 есе тәтті. Фруктозаны алудың өндірістік маңызы бар көздеріне инулин құрамдас өсімдіктер жатады.



Бекіту тапсырмалары

Химиялық диктант.
1. Моносахаридтер..................... қарапайым қантты заттар.
2. Қантты заттарды, ең алғаш рет.............. 1861ж. кальций гидрооксиді қатысында.................... гидролиздеп алды.
3. Ашытқы ферменті әсерінен ашып,............. этанол түзіледі.
4. …................ – жеміс қанты деп атайды.
5. Көмірсулардың жалпы формуласы………………………
6. Дисахаридтер..............., моносахаридтердің.... молекуласына ыдырайды...........- сүт қантты.
7. Глюкоза ……….. - крахмалды өндірісте …………ерітіндісінде қайнатып алу.
8. Сахарозаны балқытып қатырса............ мөлдір масса түзіледі.
9. Глюкоза артық мөлшерде............. айналып,........... қор болып жиналады.
10. Глюкоза адам организмінде …………… процесіне қатысады.
Топтық тапсырма
I топ
1. Глюкоза молекуласының құрамындағы көміртегінің массалық үлесі қандай?
2. 400 г 20% – тік ерітінді дайындау үшін қажетті фруктоза мен су мөлшерін анықтаңдар.
3. Егер өнімнің практикалық шығымы 82% құрайтын болса, 171 г сахарозаның гидролизі нәтижесінде түзілген фруктозаның массасын есептеңдер.
II топ
1. 85. 5 сахароза гидролизінде алынатын фруктозаның массасы қандай?
2. 30 г глюкозаны 130 г суда ерітті. Алынған ерітіндідегі глюкозаның массалық үлесі қандай?
3. Глюкоза спирттік жолмен ашығанда 299 г этил спирті алынды, ол шығым 85 - ті құрайды. Ашуға алынған глюкозаның массасын есептеңдер.

Бағалау




Үй тапсырмасы

Көмірсулар. Моносахаридтер. Глюкоза
№ 6 - 7 есеп


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет