Әдебиет
6 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Мұқтар Мағауин «Бір атаның балалары» (3 - сағаты)
Шығарма кейіпкерлерін талдау
Сабақтың мақсаты: Шығарма мазмұнын қайталай отырып, оқушылардың кейіпкерлерге толық мінездеме беруіне, тағдырына ортақтаса алуына мүмкіндік туғызу, кейіпкер арасындағы ізгілік қарым - қатынасты талдау, оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу;
Сабақтың міндеттері: 1. Оқушылар шығарма кейіпкерлерін жан - жақты талдап, олардың арақатынасын анықтайды.
2. Әр оқушы кейіпкерлерге сын тұрғысынан баға беріп, зерттеу жүргізеді, өз ой - пікірін білдіре алады.
3. Шағын топта бірлесе ынтымақпен жұмыс атқарады, біріге қорытынды жасайды.
Сабақтың түрі: іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтағы қолданылатын стратегиялар: Рубрикалар құру, Үш қадамнан тұратын сұхбат, РАФТ, Пирамида.
Сабақтың көрнекілігі: мультимедиялық слайдтар, интерактивті тақта.
Бағалау: топтық және мұғалімнің жеке бақылауы бойынша бағалау.
Сабақтың нақылы: Адам баласын бауырым деу - жүрек ісі. Адам баласына адам баласының бәрі – дос, жолдас, бауыр. Абай.
Сабақтың жүрісі
Үй тапсырмасын тексеру.
1. РАФТ бойынша арнау хаттарын тыңдау;
1 - топ Зигфридтің Ахметке алғыс арнауы
2 - топ Зигфридтің Дәуренбекке түсініспеушілік хаты
3 - топ Зигфридтің соғысқа қарсылық жолдауы
2. Шығарма құрылысын талдау
1. Қызығушылықты ояту.
Үш қадамнан тұратын сұхбат бойынша сұрақ - жауап жұмыстары;
2. Мағынаны тану
2(1) М. Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесінен үзіндідегі
шығарманың кейіпкерлерін талдау жұмыстары
«Рубрикалар құру» стратегиясы бойынша топтық жұмыстар
1 - топ Зигфрид;
2 - топ Ахмет;
3 - топ Дәуренбек;
Берілетін тапсырмалар: Портреті
Мінез - құлқы
Қасиеттері
Түрлі іс - әрекеттері
Ұстанымы
Күтілетін нәтиже: Басты кейіпкерлердің тұлғалық мінездемесі, келбеті топта талданып, кейін біріктіріледі.
Тапсырмалар Зигфрид Ахмет Дәуренбек
Кейіпкерлердің ұстанымдарын талдау: «Бәріміз бір өзеннің арнасы,
Бір атаның баласымыз» «Сыртқы түр - перде. Ішін айт, пиғылын айт» «Жауды аяған жаралы»
2(2) Шығармашылық тапсырма:
Басты кейіпкер Зигфрид іс - әрекетін саралау.
Күтілетін нәтиже: оқушылардың кейіпкердің тағдырына ортақтаса алуына мүмкіндік туады, кейіпкерлер арасындағы ізгілік қарым - қатынасты талдап, адамгершілік қасиеттерге тәрбиеленеді.
Зигфрид Вольфганг Вагнерден Зекен Ахметұлы Бегімбетовке дейінгі іс - әрекеттерді саралау;
• Тілін кәлимаға келтірді
• Сүндетке отырғызды.
• Асық жілік ұстар тойы өтті.
• Зекен Бегімбетов атанды.
• Құмнан қорған соғады, балшықтан үй қалайды.
• 3 - 4 аптада аяғын күс басқан, қара сирақ, қараторы бала болды.
• Аттың тізгінін ұстап, өз бетімен жүріп - тұрды.
• Шашы ұстарамен алынған тақырбас.
• Тілі біршама бастыққан. Ептеп қазақша сөйлей бастады.
• Нарымбеттің інісі атанды.
• Асық ойнап, суға шомылды.
• Малды қайырысуға көмектесті.
• Балалар республикасының тең құқылы азаматы атанды.
2(3) Зигфрид
Пирамидалық кесте толтыру
3. Ой - толғаныс
Оқушылар жұмысын жинақтау, саралау.
Мұғалім қорытындысы.
Бағалау
4. Үй тапсырмасы «Өзім үшін жазу» стратегиясы бойынша эссе жазу
Сабақтың тақырыбы. Бауырластық деген не? М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесіндегі жетімдер тағдыры.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларға соғыс жылдарындағы жетім балаларға жасалған қамқорлықты таныту.
дамытушылық: шығарманың адамгершілік, тәрбиелік мәнін ұғынып, өз пікірлерін қалыптастыра білуге бағыттау.
тәрбиелік: қайырымдылыққа, бірлік пен достыққа, ұлттық салт-дәстүрімізді биік ұстауға тәрбиелеу.
М. Мағауиннің кейіпкерлер бейнесі 3-сабақ
Сабақтың мақсаты:
1) білімділігі: Әңгіме мазмұны арқылы кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау, іс-әрекеті арқылы оларға баға беру.
2) дамытушылық: Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту, ізденіс жұмыстары арқылы логикалық ой қабілеттерін, ішкі мәдениеттілігін, көркем сөйлеу, өз ойларын жеткізе біліу, шығармашылық қабілеттері мен сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру. Өзіндік ой қорыту.
3) тәрбиелік: Қазақтың біртуар азаматтарының асыл мұраларын қадірлей білетін көздері ашық, көкіректері ояу ұл-қыздары болуға тәрбиелеу.
Адамгершілік, имандылық, қайырымдылық, бірлік, достық рухында тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау сабағы.
Әдіс- тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, жеке, топтық, жұптық ізденіс жұмыстары, қорытынды жасау, талдау, жинақтау, салыстыру, әнгімелеу, баяндау әдістері.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих, сурет.
Сабақтың көрнекілігі: Жазушы суреті, кітаптары, нақыл сөздер, үлестірме қағаздары, сызбалар, плакат.
Негізгі әдебиеттер: 6- сынып “Қазақ әдебиеті” оқулығы 249 – 264 беттер, христоматиясымен.
Қосымша әдебиет: М.Мағауинның “Бір атаның балалары”, “Өмір жыры”, “Көк кептер”, “Көк мұнар”, т.б. шығармалар жинағы.Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: (1 минут)
Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Оқушы зейінін тұрақтандыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: ( 5 минут)
Өткен сабақта қазыр алыс шетел Прага қаласында тұрып жатқан Қазақстанның Халық Жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, аса көрнекті жазушы Мұхтар Мағауинның 1973 жылы балалармен жастарға арналған үздік шығармалардың Республикалық жабық конкурсінде 1 бәйге алған “Бір атаның балалары” туындысымен танысқан болатынбыз. Олай болса, біз бүгін сол әңгімеде көтерілген негізгі мәселе, түйінді ой, кейіпкерлер әлеміне бірлесіп талдау жасаймыз. Яғни 2 топқа бөлініп жұмыс жасаймыз. Жаңа сабағымызға кіріспес бұрын, үйге берілген тапсырмаға назар аударайық. Үйге жазушы шығармашылығымен танысу берілген.
І топ “Ізденушілер”
Жазушы өмірбаянын хронология бойынша әнгімелеу.
ІІ “Зеріттеушілер”
Әр жылдары жазылған еңбектерімен таныстыру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Білім қажеттігін уағыздау. (5 минут)
І. Ой қозғау. Ал енді бәріміз назарларымызды мына суретке аударайық. (Соғыс жылдарындағы ауыл тұрмысы, жауынгер азаматтар т.б. суреттер көрсетіледі) Осы суретті көз алдымызға ой елегінен өткізіп, бір сәт ойланып көрейікші. Олай болса, әсерлі ойымыз бізді қайда жетелейді?
(“Бір атаның балалары” повесіне)
Ендеше осы сурет пен әңгіменің арасында қандай байланыс бар?
(Иә, әңгімеде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ұрыс майданындағы ауыртпалық пен қарапайым халықтың күйзелісі баяндалады. Шығармада осындай көріністер айқын суреттеледі).
Олай болса, бізде міне сурет арқылы шығарманың өн бойына еніп, тереңіне үңіліп талдау жасап көрсек.
ІІ Мағынаны тану. (10 минут)
А) Шығармаға аннотациялық талдау. Мына бос графаны топ болып бірлесіп толтырамыз. Әңгіменің негізгі оқиғасы, кейіпкерлер тағдыры және оқырманға жеткізуде жазушы қолданған тәсіл қандай?
Тапсырма орындалып болса, әр топ өз жұмыстарын қорғасын.
Ә) Кубизм. (5 минут)
Кубизм әдісі бойынша мына кубикті екі топқа кезекпе-кезек иіремін. Қай қырының сұрағы түссе, соған жауап бересіз. Дайынбыз ба?
1. Суретте. Жетім қалған жас үрпек балалар портретін суреттеңіз.
2. Салыстыр. Қарт Ахмет пен Зигфридке мінездеме бер.
3. Зертте. Ұлы Отан соғысы жылдары туралы, сұм соғыс туралы не білеміз?
4. Қолдан. Ахметтің неміс баласын асырап алу туралы ауыл адамдары не ойлайды?
5. Дәлелде. Повесте суреттелген ауыл тұрмысы қандай? Қандай салт-дәстүр үлгілерін кездестіруге болады?
6. Талда. Зигфрид балалар республикасының тең құқығы азаматы болып қалай атанды?
Б) Сәйкестендір, фоторобот. (7 минут)
І топ
Зигфрид пен Ахмет қарттың портреттеріне сүйене отырып фоторобот жасайды.
ІІ топ
Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен портреттеріне сәйкестендіреді.
В) Еркін жауп. (3 минут)
Сабағымызды жалғастыра отырып, проблемалық сипаттағы талдау сұрақтарына еркін жауап берсек.
1. Шығармада соғыс зардабы, ауыл адамдарының көнбес тіршілігі кімнің сөзімен, қалай берілген?
2. Ахмет қарттың бала таңдауында қандай сыр бар? Оған сендер қалай қарайсыңдар?
3. Ахмет қарттың отбасында Зигфридтің бауыр басып кетуіне кімдердің, қандай әрекеттері себеп болды?
4. Зигфрид үшін Ахмет қарт қандай әрекеттерге барды?
5. Зигфрид мінезінен Ахмет қарттың үмітін ақтарлық қандай нышанды байқадыңдар?
6. Жазушы бас кейіпкерлердің тағдырын дұрыс шешкенбе? Ол шешімге келісесіңдер ме?
7. Осындай соғыс жылдарында жетім қалған балалардың тағдырын көрсетуге автор нені мақсат еткен? Бүгінгі заман шындығымен байланысы бар ма?
Г) Топтастыру (3 минут)
І топ
Кейіпкерлер бойындағы адами қасиеттерді топтастырыңыз. Қалған кейіпкерлері бойынша.
аңғал қонақжай ашушаң
ұяң Кейіпкерлер әлемі өмір мінезді
жомарт діншіл мейірімді жайдарлы
ІІ топ
Осы шығарманың тәрбиелік мәні немесе мен қандай тәрбие аламын?
адамгершілік мейірімділік әдептілік
Намысшыл болу Тәрбие әлемі жамандық атаулыдан
жирену
имандылық тазалық достық
ІV Жаңа сабақты бекіту (2 минут)
Балалар шығармадағы кейіпкерлер әлемі сіздерге ұнады ма? Қалай ойлайсыңдар, повестің атауы дұрыс таңдалған ба? Зигфридің тағдыры арқылы жазушы оқырманға қандай ой тастады?
V Үй тапсырмасы (2 минут)
І топ
Зигфридің қазіргі замандас достарына хаты (Болашаққа хат)
ІІ топ
Зигфридке хат жазу
VІ Білімді бағалау (2 минут)
Оқушылардың орындаған тапсырмаларының нәтижесінде жинаған ұпайлары бойынша және сұрақтарға берген жауаптарын ескере отырып білімдерін бағалау.
VІІ Сабақты қорыту (1минут)
Балалар, Ұлы Отан соғысы біздің жүрегімізде өшпестей із қалдырды. Өткен тарих деп санамыздан алып тастау мүмкін емес. Сондықтан екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында балаларынан айырылған ата-аналар мен жетім қалған балалар тағдыры суреттелген Мұхтар Мағауиннің “Бір атаның балалары” шығармасы мәңгі жадымызда қалары сөзсіз. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев “Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш – бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар мен жастар” деген екен. Еліміздің болашағы, сіздер!
Мұхтар Мағауин "Бір атаның балалары" повесті. Қысқа мерзімді жоспар
Оқу салалары: Қазақ әдебиеті
Күні, уақыты:
Сабақ ұзақтығы:45
Сынып/Топ: 6
Оқушылар саны: 8
Оқушы жөнінде ақпарат: (Мысалы: SEN; EAL нөмірлері)
Сабақ конспектісі (оқу бағдарламасы құжаттарына сілтемелер қамтылу керек)
Мұхтар Мағауин "Бір атаның балалары" повесті. "Бейбітшілік - халық арманы екенін, бауырмалдық қазақ халқының ұлттық ерекшелігі ме?" деген сұраққа жауап іздеу.
Оқу мақсаттары
· Шығарманың мазмұнын меңгерту,
· кейіпкердің ішкі жан дүниесін ұғындыру,
· "соғыс" ж/е "бейбітшілік" сөзінің мәнін ашу
Табыс өлшемдері
Шығармадағы оқиғалармен танысады, мазмұндай алады, бейбітшілік пен соғыстың мәнін ажырата алады, кейіпкерлерді және олардың іс-әрекетін саралай білу
Бағалау мүмкіндіктері:
Қай балалар бағаланады?
Барлық топ бірін-бірі және өзін-өзі бағалауға қатысады
Оқу мақсаттарының қайсысы бағаланады? Бірін- бірі бағалау / /, ойларын бағалау, көршіңізге айтыңыз, стикер /топтың жұмысына пікір білдіру/
Бағалау мүмкіндіктері: Әдістер
Дәлелдер қалай жиналады?
-топпен жұмыс -флипчарт толтыру
-топпен бірлесе жұмыс істеп үйрену
-Венн диаграммасын толтыру
Негізгі лексика
Соғыс, бейбітшілік, бауырмалдыұ, Зигфрид- Зекен, Ахмет шал
АКТ мүмкіндіктері
Ұлы Отан соғысы туралы фильмнен үзінді
Сыныпты ұйымдастыру
-Амандасу;
-Сергіту сәтін өткізу
-Сыныпты топқа бөлу :Смайликтер арқылы топқа бөлу
Уақыты
Тапсырма
Мұғалім ролі және басқалардың ролі
3 минут
2 минут
Кіріспе
Ұлы Отан соғысы туралы фильмнен үзінді көру. Проблемалық сұрақ."Соғыс" дегеніміз не? ой қозғау
Осы сұрақтың жауабы негізінде сабақтың тақырыбын шығару. Жазушының өмірбаяны, шығармашылығы туралы слайд көрсету
"Жетім балалар" слайд көрсету. Әке- шешесіз қалған жетім балаларға кімдер қол ұшын созды деп ойлайсыңдар? "Болжау" стратегиясын қолдану. Бұл сұрақтың жауабын білу үшін біз мәтінмн танысайық.
Мәселелі сұрақ қою,
Оқушы өз ойын ұсыну
Слайд көрсету
7 минут
3 мин
5 минут
Негізгі тапсырма
Мағынаны тану. Өзара оқыту, ой бөлісу стратегиясы арқылы мәтінді үзіктерге бөліп беремін, оқушылар оқып болған соң топ ішінде бір- біріне кейін келесі топқа түсіндіреді.
І топ -"Бастаудан"- Ахмет шалдың аттан түсуіне дейін;
ІІ топ-Зигфридті қалап алуынан Зекен болып оянуына дейін.
Зигфридтің Зекен болып қалыптасуы. "Болжау"/стратегиясы арқылы оқушылар пікірін білу
Зигфрид Вагнер деп айтуға тілі келмеген Ахмет шал оны қазақшалап Зекен деп атады. Бар баласын соғысқа аттандырып, қара қағаз алып, шаңырағым шайқалып, отым өшеді деп отырған Ахметтің Зекен үміт шырағын жақты. Өзіндегі бар мейірімін, ұлттық қасиетін осы Зекен бойына сіңіруге тырысты. Сондықтан Зекен бірден өзінің туған үйіне тап келгендей сезінді. Бөтенсімей, сіңіп кетті. Әке мен ананың ыстық құшағы, жұмсақ алақаны, махаббаты Зекенді қазақ ұлы етіп жіберді.
Сұрақ- жауап әдісі : -Зигфрид неге жетім?
- Ахмет шал Зигфридті неге Зекен қылды? қорытынды шығару
Оқулықпен жұмыс
Бір-бірін түсіндіру
Пікірін айту
Мұғалім түсініктемесі
Жұмысын қорғау
Өз жауаптарын айту
10 минут
"Соғыс", "Бейбітшілік" Топтық пікірталас : қайшылықтарды анықтау. Әр топ постерге екі сөздің анықтамасын түсіріп, қорғайды
Топтық жұмыс
Қорғау
Бағалау
Сабақ қорытындысы:"Зекенге хат" ой-толғау жазу тапсырылады.
Оқу салалары: Қазақ әдебиеті
Күні, уақыты:
Сабақ ұзақтығы:45
Сынып/Топ: 6
Оқушылар саны: 8
Оқушы жөнінде ақпарат: (Мысалы: SEN; EAL нөмірлері)
Сабақ конспектісі (оқу бағдарламасы құжаттарына сілтемелер қамтылу керек):Мұхтар Мағауин "Бір атаның балалары" повесті. Зигфрид Ахметұлы бейнесін ашу. Шығарма кейіпкерлерін талдау
Оқу мақсаттары
· Оқушылар шығарма кейіпкерлерін жан - жақты талдап, олардың арақатынасын анықтайды.
· Әр оқушы кейіпкерлерге сын тұрғысынан баға беріп, зерттеу жүргізеді, өз ой - пікірін білдіре алады.
· Шағын топта бірлесе ынтымақпен жұмыс атқарады, бірге қорытынды жасайды.
Табыс өлшемдері
Кейіпкерлерді тани алады, адами қарым-қатынастарын таниды, олар туралы сыни пікір айтады, бірлесе жұмыс атқарып, қорытынды шығарады.
Бағалау мүмкіндіктері:
Қай балалар бағаланады?
Барлық топ бірін-бірі және өзін-өзі бағалауға қатысады
Оқу мақсаттарының қайсысы бағаланады? Бірін- бірі бағалау / /, ойларын бағалау, көршіңізге айтыңыз, стикер /топтың жұмысына пікір білдіру/
Бағалау мүмкіндіктері: Әдістер
Дәлелдер қалай жиналады?
-топпен жұмыс -флипчарт толтыру
-топпен бірлесе жұмыс істеп үйрену
Негізгі лексика
бауырмалдық, Зигфрид- Зекен, Ахмет шал
АКТ мүмкіндіктері
М. Мағауин туралы оқушы презентациясы
Сыныпты ұйымдастыру
-Амандасу;
-Сергіту сәтін өткізу. "Ассосация телефон"
-Сыныпты топқа бөлу :Жұп және тақ сандар арқылы топқа бөлу
Уақыты
Тапсырма
Мұғалім ролі және басқалардың ролі
3 минут
2 минут
Кіріспе. М. Мағауин өмірбаяны, шығармашылығы туралы оқушы презентациясын тамашалау.
Үй тапсырмасын тексеру.
1. РАФТ бойынша арнау хаттарын тыңдау;
1 - топ Зигфридтің Ахметке алғыс арнауы
2 - топ Зигфридтің соғысқа қарсылық жолдауы
Оқушы жұмысы
Оқушы өз ойын ұсыну
Оқушы шығармашылығы
7 минут
10 минут
Негізгі тапсырма :1. Шығарманың мазмұны мен кейіпкерлерін тереңірек ұғыну үшін проблемалық-бағыттаушы сұрақтар ұсынылады. Үш қадамнан тұратын сұхбат бойынша сұрақ - жауап жұмыстары;
1. Шығармада Ахмет шалдың мақтануынан нені байқауға болады?
2. Шуылдасып, таласып тұрған балалар неге тына қалды?
3. Ахмет ақсақал мен Дәуренбек арасындағы түсініспеушілік неден туындады?
4. Ахмет ақсақалдың отбасына Зигфридтің бауыр басып кетуіне кімдер ықпал етті?
5. Ахмет өз ұлдары мен Зекеннің қандай мінез-құлықтарын ұқсастырады?
2. Мағынаны тану
2(1) М. Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесінен үзіндідегі
шығарманың кейіпкерлерін талдау жұмыстары
«Рубрикалар құру» стратегиясы бойынша топтық жұмыстар
1 - топ Зигфрид;
2 - топ Ахмет; бірге-Дәуренбек
Берілетін тапсырмалар: Портреті
Мінез - құлқы
Қасиеттері
Түрлі іс - әрекеттері
Ұстанымы
Күтілетін нәтиже: Басты кейіпкерлердің тұлғалық мінездемесі, келбеті топта талданып, кейін біріктіріледі.
Тапсырмалар Зигфрид Ахмет Дәуренбек
Кейіпкерлердің ұстанымдарын талдау: «Бәріміз бір өзеннің арнасы,
Бір атаның баласымыз» «Сыртқы түр - перде. Ішін айт, пиғылын айт» «Жауды аяған жаралы»
Мұғалім сұрағы
Оқулықпен жұмыс
Өз ойларын, пікірлерін айту
Мұғалім тапсырмасы
Топпен жұмыс
Өз жауаптарын айту
10 минут
2(2) Шығармашылық тапсырма:
Басты кейіпкер Зигфрид іс - әрекетін саралау.
Күтілетін нәтиже: оқушылардың кейіпкердің тағдырына ортақтаса алуына мүмкіндік туады, кейіпкерлер арасындағы ізгілік қарым - қатынасты талдап, адамгершілік қасиеттерге тәрбиеленеді.
Зигфрид Вольфганг Вагнерден Зекен Ахметұлы Бегімбетовке дейінгі іс - әрекеттерді саралау;
• Тілін кәлимаға келтірді
• Сүндетке отырғызды.
• Асық жілік ұстар тойы өтті.
• Зекен Бегімбетов атанды.
• Құмнан қорған соғады, балшықтан үй қалайды.
• 3 - 4 аптада аяғын күс басқан, қара сирақ, қараторы бала болды.
• Аттың тізгінін ұстап, өз бетімен жүріп - тұрды.
• Шашы ұстарамен алынған тақырбас.
• Тілі біршама бастыққан. Ептеп қазақша сөйлей бастады.
• Нарымбеттің інісі атанды.
• Асық ойнап, суға шомылды.
• Малды қайырысуға көмектесті.
• Балалар республикасының тең құқылы азаматы атанды
Топтық жұмыс
саралау
Бағалау
3. Ой - толғаныс
Оқушылар жұмысын жинақтау, саралау.
Мұғалім қорытындысы.
- Сонымен, балалар, шығармаға арқау болып отырған соғыс жылдарындағы жетім балаларды жатсынбай бауырына басып, тәрбиелеп, азамат етіп өсірген пейілй кең қазақтың бауырмал халық екеніне тағы бір көз жеткізгендейміз. Оның дәлелі бүгінде көп ұлтты мемлекетіміздің бірлік пен татулықта өмір сүріп жатқандығын айтуға болады.
Бағалау. Бағалау парағы арқылы бағалау, стикер арқылы пікір білдіру
Үй тапсырмасы: «Біз – бейбіт елдің ұландарымыз» деген тақырыпқа шығарма жазып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |