Мутациялық өзгергіштік – ата – тегінде болмаған кейбір жаңа ерекшеліктердің кенеттен ұрпақтың жекелеген ағзасында пайда болуы.Мутация жануарлар, микроағзалар, әсіресе өсімдіктер селекциясында көптеген пайдалы өзгерістер береді. Сонымен қатар көптеген апаттың себебі болып табылады: әртүрлі аурулардың, қоздырғыштарының эпидемиясы, қатерлі ісіктер, тұқым қуалайтын аурулар т.б.
Мутагенез- әртүрлі физикалық, химиялық әсерлерден мутацияның пайда болу процесі.
Мутация – жасушадағы геннің табиғи не жасанды жолмен өзгеруі. Жыныс жасушаларында болған мутациялар тұқым қуалайды. Дене жасушаларында болған мутация тұқым қуаламайды. (Мозаик, химер, алапес).
Мутагендер– мутацияның пайда болуына әсер етуші факторлар.
Мутант - мутация нәтижесінде алғашқы типіне ұқсамайтын, тұқым қуалайтын, өзгеше қасиеттері бар ағза.
Спонтанды- өздігінен пайда болған,
индукциялық – жасанды мутанттар.