Сабақтың тақырыбы: Нан қайдан келеді? ертегісі. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата15.01.2022
өлшемі15,54 Kb.
#111891
түріСабақ
Байланысты:
000d9a88-7a016ab0


«Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп»ММ

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:Нан қайдан келдеі?

Сынып:мектепалды даярлық

Тәрбиеші:Жунусова Жулдыз Жомартовна

Сабақтың тақырыбы: Нан қайдан келеді? ертегісі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Балаларға көрнекі құралдарды пайдалана отырып, ертегінің мазмұнын түсіндіру.


Дамытушылық:

Нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру.


Тәрбиелік:

Оқу іс-әрекеті барысында балаларға нанды қастерлеу керектігін түсіндіре келе, адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.


Көрнекілік:

Нанның түрлері, бидай, комбайын, диірменнің суреттері.


Жаңа сөздер:

Наубайхана, диірменші, қауыз, диқан.


Сабақтың барысы:

1. Кіріспе әңгіме

- Балалар, мына суреттен нанның қандай түрлерін көріп тұрсыңдар? Атап беріңдер.

- Нанды неден пісіреді?

- Ұнды қалай жасайды? (Балалардың жауаптары тыңдалады).

- Мынау – бидай масағы, сабағы, мұртшалары. Егер бидайдың қауызын аршитын болсақ, ішінен бидайдың дәні шығады. Бидайды ұнтақтаса, ұн болады. Наубайханада осы аппақ ұнға тұз, су, ашытқы араластырып, қамыр илеп, нан пісіреді.
2. Сөздік жұмысын жүргізу.

Оқу іс-әрекеттің барысында танысатын наубайхана, наубайшы, диірмен, комбайын сөздерінің мағынасын түсіндіру.



Наубайхана – нан пісіретін, нан жабатын орын.

Наубайшы – наубайханада нан пісіретін адам.

Диірмен – дәнді дақылдарды таратып, ұн шығаратын кәсіпорын.

Комбайын - әр алуан дақылдарды жинап, бастыруға арналған машина.
3. Жұмбақ шешу.

Қыр басында әрқилы,

Сары теңіз толқиды.

(Егін)




  • Балалар, диқан сөзін қалай түсінесіңдер?

  • Диқан – егін шаруашылығымен айналысатын адам.

- Диқан көктемде егістікке егін – бидай, қарабидай, арпа, жүгері, сұлы, т.б. егеді. Оны жаздай күтіп-баптайды. Күзде егіс даласында бидайды комбайнмен орады, жинайды, бастырады. Жүк машинасымен тасиды. Қырманға әкеліп, тазалап, кептіреді. Сонан соң элеваторға жібереді. Элеватор – бидай сақтайтын қойма, онда бидайды көп жылдар бойы сақтауға болады. Онда диірменге жібереді. Диірменшілер ұн тартады. (Элеватор, диірменнің суреттері көрсетіледі). Ұнды наубайхана жөнелтеді. Наубайханада наубайшылыр әртүрлі нан пісіреді. Ыстық нан, ұн дүкендерге түседі. Дүкеннен нанды, ұнды сатып аламыз. Анамыз ұннан бауырсақ, шелпек, нан, тоқаш, т.б. пісіреді.
4. Сергіту сәті:
Жайқалады ақ бидай, (Қолдарын жоғары көтеріп тербеледі).

Басын иіп аққудай. (Бастарын иеді).

Трактор мен комбайн (Қолдарын алға созып, тракторды жүргізеді).

Жүргізуге мен дайын. (Қолдарын айналдыра комбайнды жүргізеді).


5. М. Етекбаевтың «Нан қайдан келеді?» ертегісін оқу.

Ертегінің бөлім-бөлімге бөліп оқып, сұрақтар қояды, балалардың жауаптарын тыңдап, оларды толықтырып отыру. Дәптердегі ертегі мазмұнына сай салынған сурет арқылы ертегі мазмұны ашылады.



  1. Жазбаша жұмыс.

  2. Жұмбақ шешу.

Жұмбақтың шешуі: қырман.

Қорытынды:

  • Тышқанды қандай сұрақ мазалады?

  • Нан қайдан келеді?

  • Тышқан сұрағына жауап ала алды ма?

  • «Нан – байлық, нан – береке» деп халқымыз бекер айтпаған. Міне, көрдіңдер ме? Қаншама адам еңбек етеді екен. Сондықтан дастарқанға зор еңбекпен келген нан тағамдарын қастерлеуіміз керек.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет