Сау, болыңыздар!
Актөбе облысы, Шалқар ауданы, Бозой орта мектебі
Музыка пәнінің мұғалімі: Сыргабекова Айнагул Амитжановна.
Сабақтың тақырыбы: «Астанамыз - Астана».
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға еліміздің астанасы - Астана туралы,қаланың тарихы туралы білім берумен қатар,Астана туралы жаңа әндер үйрету. Ән салу,музыка тыңдау арқылы елімізді,жерімізді сүюге,әсемдікті,сұлулықты көре білуге, әуен ырғағымен сезіне білуге тәрбиелеу.Оқушылардың ән салу,музыка тыңдау қабілеттерін одан әрі дамыту.
Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың түрі:Саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі:Түсіндіру,музыка тыңдау,ән салу,саяхатқа шығу,музыкалық сауат.
Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақтада бейнеленген Астана қаласының келбеті,баян аспабы,музыкалық үнтаспа.
Ұйымдастыру бөлімі: І.Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. ІІ.Өткен сабақтарға шолу жасау. Ойын «Ол қандай кейіпкер?». Суретке қарап ертегі кейіпкерлерінің атын атап,өлеңін жатқа айту.
І слайд.«Ертөстік және оның достары».
ІІ слайд.Сөзжұмбақ «Астана». Самұрық құстың тапсырмасын орындап,жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
ІІІ слайд.«Астанаға саяхат» ән тыңдау.
IV слайд.«Мәуелі Бәйтерек» Бәйтерекке сипаттама беріледі. Ән: «Гүлдене бер,Бәйтерек»
V слайд: Ән: «Самұрық» Самұрыққа ризашылығымызды білдіріп,жаңа «Самұрық» әнін үйренейік.
VI слайд: «Ұйқасын тап» Әсем қала – Астана, Астанамыз жас қала. Көркейеді күн санап, Ай көрікті бас қала.
Қорытынды. Заман жаңа,ел жаңа, Күлімдейді кең дала. Өз Астанам – өз Ордам, Сүйенерім сен ғана. Балалардың Астана қаласына тілегі. Бағалау.
Үйге тапсырма. «Астанамыз Астана».
Достарыңызбен бөлісу: |