Ажар Елубаевна Беримова, мамандандырылған «Жанұя» кешені.
Дефектолог тәрбиеші.
Алматы қаласы
Мақсаттары: ҚР – ның астанасы – елорданыз Астана қаласының ертегі әлеміндегідей ғажап қала екендігін, балаларға еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру.
Астана туралы деректермен білімін дамыту, балалардың ой – өрісін, шығармашылық қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.
Қазақстан Республикасының орталығы Астана қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, топтық, сезімнен туған өлеңдер, эссе жазу.
Түрі: сын тұрғысынан ойлау.
Ұйымдастыру кезеңі. Еліміздің мемлекеттік Гимні орындалады. Тәрбиеші:
Балалар, бүгін сабақта елордамыз Астана қаласына сырттай саяхат жасаймыз. Интерактивті тақтадан Астана көріністері тақырыбындағы бейне көріністі тамашалайық.
Астана қаласы кең байтақ Отанымыздың жүрегінде халқымыздың қасиет тұтып қастерлеген әйгілі Сарыарқаның төрінде, Есіл өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан.
Астана қаласының рәмізінің жобасын Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған. Рәміздің іші мен сырты сақинадан құралған шеңбер түрінде. Бір – бірімен өзара үйлесім тапқан қос шеңбер – өміршең даму мен мәңгіліктің белгісі. Негізгі элемент – Бәйтерек тамырын кең жайған тіршілік бейнесі. Шаңырақ – әлем кеңістігінің бір нүктеге тоғысуы. Бәйтеректе «құсқанаты» оюы бейнеленген, ол Самұрық құсына ұқсастықты білдіреді. Бәйтеректің шаңырақпен астасқан бейнесі – Қазақстанның арғы – бергі тарихының куәсі. Ал сыртқы сақина Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астананың асқақтығын паш етеді. «Астана» деген жазуы бар тұста симметриялық сызықтар – шаңырыққа шашылған уықты білдіреді.
1-оқушы: Қаланың қалыптасу кезеңдері. Қаланың негізі 1830 жылы қаланған. 1961 жылға дейін Ақмола қаласы. 1961-1992 жылға дейін Целиноград қаласы. 1992 жылы қалаға тарихи атауы қайтарылды. (Ақмола)
Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола қаласы тәуелсіз Қазақ мемлекетінің астанасына айналды. Елбасының 1998 жылғы 6-мамырдағы Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгерді.
2-оқушы: Бүгінде Астана – тәуелсіз әрі егемен мемлекеттің бүгінгі және болашақтағы саяси, экономикалық һәм мәдени орталығы ретінде қанат жайып барады.
Ерке Есіл жағасында бой көтерген ерекше сәулеттік ландшафты бар, бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған, өзгені сыйлап, өзінің жаңа астанасы мен өз елін шексіз мақтаныш тұтатын көп дінді халқы бар әсем де, мейірлі астанамыз, міне, осындай қала.
3-оқушы: Ал «Думан» ойын – сауық орталығы әлемде теңдесі жоқ, ішінде акула, сегізаяқ, жайын, скат, қылыш балық, бекіре сияқты неше түрлі балақтар жүзіп жүрген мұхиттық аквариум. Кешенде «Джунгли» аттракционы, интерактивті ойындар зонасы, аквапарк бар. Қалада Ұлттық академиялық кітапхана, оқу орындары, Елбасы отыратын Ақ Орда, Тәуелсіздік сарайы бар. Сүйікті Елордамыз Астана қаласы болашақтың қаласы көз алдымызда өсіп келеді.
4-оқушы: Астана – үлкен армандар жетегіне еріп, жаңа қала, үлкен шаһар, әлемдік орталық жасалады деген биік мақсаттармен салынған қала.
Бізде Астана – бар қазақтың алтын бесігі, әлемнің қызыға көз тіккен бекзат қаласы болса деген арман бар.
Бізде Астана дегенде бар қазақ елеңдеп, қазақ дегенде Астананың ашық аспаны жарқырай түссе екен деген тағы бір тілек бар.
Ән: «Астана»